«Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен əдістемесі» пəнінің оқу-əдістемелік кешені


Кіші доп, ядро итеру, найза лақтыру əдістемесі



Pdf көрінісі
бет52/76
Дата07.02.2022
өлшемі483,98 Kb.
#83512
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76
Байланысты:
Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі (2)

Кіші доп, ядро итеру, найза лақтыру əдістемесі.
 
Кіші допты лақтыру – мектеп оқушылары үшін аса пайдалы жатығу түрі. Ол қозғалыс 
үйлесімен дамытуға əсерін тигізеді, көзбен мөлшерлеу жəне дəлдеу дағдыларын 
қалыптастырады. Сондықтан кішкене доп лақтыру бойынша өткізілген жарыстар Президенттік 
тест бағдарламасына енгізіліп отыр. Егер оқушы кішкене доп лақтыру дағдысын жете меңгерсе, 
ол, мəселен, найза немесе гранатаны дұрыс лақтыруды да тез үйренеді.
Салмағы 150 грамдық допты лақтыру кез-келген тегіс алаңда жүргізіле береді. Оны 
қашықтыққа жəне дəлдеп итеру үшін лақтыруға болады.
Допты алысқа лақтыру - өте күрделі жаттығу түрі. Сондықтан мұнда аса тегеурінді 
күш қажет. Сонымен бірге бұл күштілік пен ептілікті талап етеді. Лақтыру техникасының 
элементтерін ұқыптылықпен, тиянақтылықпен меңгерген жағдайда физикалық қасиеттердің 
осы аталған түрлері тез қалыптасады.
Лақтыру кезінде допты оң қолға ұстап, шынтақты бүгіп, сол аяқты тік қойып, оң аяқты сəл 
артқа жіберіп, салмақты осы аяқтың ұшына түсіріп тұру керек.
Кіші допты лақтыру. Ені 10 м. дəліз бойынша кіші доп лақтыруда негізгі назар ұзындығы 
8-10 м. қашықтықтан жеке екпін алуды таңдап алуға, оның шапшаңдығын арттыруға, 
лақтырудың негізгі элементтерін жетілдіруге аударылады. 10 м-лік дəліз бойынша допты 
лақтыру біліктілігін меңгеру үшін, əр түрлі нысаналар мен бағыттар бойынша лақтыру 
жаттығулары қолданылады. Дəліздің ені бастапқыда 20 м-лік етіп алынып, ол бірте-бірте 3 м-ге 
дейін азайтылады. Жүгіру жылдамдығын (баяу жүгірістен жоғары шапшаңдыққа дейін), оның 
қашықтығын (3 қадамнан 20 қадамға дейін), доптың салмағын (200 г-ға дейін), нысанаға дейінгі 
қашықтықты (10 м-ден 20 м-ге дейін) өзгертуге болады.
Осылардың əрқайсысын қайталау саны 25-35 ретке дейін жеткізіледі. 
Жарақат алып қалмау үшін доптарды бір бағытқа ғана лақтыру керек жəне мұғалімнің 
пəрмені бойынша ғана лақтыруға болады. 
Лақтырғанда еркін жəне тез сілтеуді қалыптастыруға тырысу керек. 
Доп лақтыру бойынша жарыстар ережесі. Лақтыруда да екпін алып жүгіретін жердің 
ұзындығы шектелмейді. Допты лақтырған спортшының нəтиже өлшенетін сызықтан аттап өтіп 
кетуіне болмайды. Допты лақтыру ені 10 метрлік дəлізде жүргізіледі, олекі ақ сызықпен 
белгіленеді. Жарыс төрешілер массасын тексеруден өткізген доппеп ғана өткізіледі. Төрешінің 
рұқсатынсыз доаты лақтыруға болмайды. əр қатынасушы тек үш рет қана лақтырады. Доп 
қолдан немесе лақтырғаннан кейін бақылау сызығынан өтіп кетсе, доп төрешінің рұқсатынсыз 
лақтырылса, доп дəлізден шығып кетсе, «лақтырылған жоқ» деп есептелінеді. Лақтырылу 
қашықтығы доптың түскен жері мен бақылау сызығының арасындағы тура қашықтық бойынша 
өлшенеді. Өлшеу кезінде нөлдік белгі доптың түскен жерінде болады. Нəтиже аз жағына 
дөңгелектене отырып, тұтас сантиметрмен анықталады. 


Төрелік ету туралы теориялық мəліметтер тиісті бағдарламалық материалдарды өткенде 
жəне арнайы ұйымдастырылған семинарларда айтылады, сонымен қатар оқулықта 
айтылғандарды пайдалануға болады.
Ядро итеру. Ядроның массасы: ерлер қолданатын ядро массасы – 7 кг, əйелдер қолданатын 
ядроның массасы – 4 кг. Балалар үшін масса азайтылады.Ядроны шеңберде тұрып, итеріп 
серпіп лақтырады. Шеңбердің бұрыш мөлшері - 60 градус. Ядроны бір орында тұрып та, 
адымдап та лақтырады. Ядро серпілетін шеңбердің диаметрі 2 м 13,5 см. болады. Ядроны 
серпіген кезде шеңбердің алдыңғы бөлігінің ортасында жоғары жағынан осы шеңберді жауып 
тұратын ақ түске боялған кертпе ағаш орнатылады. Кертпе ағаштың биіктіге – 10 см, ал ішкі 
жақ шетінің ұзындығы 1 м 22 см болуы керек.
Кертпе ағаштың ішкі жақ шеті шеңбердің ішкі жақ шетімен түйісіп жатуы керек. Кертпе ағаш 
кішкентай қазықты жерге қағу арқылы орнатылады. Диаметрдің сыртқы жағына лақтыру 
бағытына перпендикуляр етіп шеңбердің екі жағынан да бояумен, əрбіреуінің ұзындығы 20-30 
см. екі сызық сызылып қойылады. 
Ойынға қатынасушыларға да, ойын көрушілерге де лақтырудың көлемін жақсы бағдарлауға 
мүмкіндік беру үшін, шеңбердің ортасынан шеңберден қашықтықты көрсететін бірқатар доға 
сызықтар (сектор) сызылады. Ядроны серпіген кезде доға сызықтар 6-7 м-ден басталып, 14-15 
м-де аяқталып, əрбір метрден кейін сызылады. Ядроны серпу үшін 18х15 м. алаң жеткілікті. 
Серпудің нəтижесі тек ядро сектордың ішіне түскенде ғана саналады, сектордың жоғары жағы 
шеңбердің орта тұсында болады. 
Найза лақтыру шеңберден емес, ені 7 см. ағаш тақтайда өткізіледі, сонымен қатар найза 
лақтырған кезде, оның ұшу бағыты тиісті сектордың жерімен шектеледі, ал гранат жəне доп 
лақтырған кезде, дəлізбен шектеледі.
Найза – тең ортасы жіппен оралған металл снаряд. Ерлер үшін массасы – 800 г, ұзындығы 280 
см. Əйелдер үшін массасы – 600 г, ұзындығы – 220-230 см. 
Найзаны ертеде аң аулау үшін 
қолданғандығы белгілі. 
Ұлы Гомердің «Илиада» жырында ежелгі гректердің найзаны қашықтыққа жəне 
нысанаға лақтырып жарысқандығы көрсетілген. Найза лақтыру бес сайыс бағдарламасы 
бойынша біздің заманымызға дейінгі 708 жылы олимпиадалық ойындарға кіргізілген. Найза 
лақтырудан қазіргі замандағы алғашқы бірінші жарыс 1886 жылы Швецияда өтті. Бұл жарыста 
А.Вигерт найзаны 35,81 м-ге лақтырған. 1906 жылы олимпиада өткізіліп, оның жаңарған 
бағдарламасына бірінші рет найза лақтыру енгізілді. 1908 жылы техниканың бұл варианты 
заңдастырылды. Онда найза лақтырушының жүгіріп екпін алу қашықтыына шек қою 
тоқтатылды. 1912 жылы бірінші дүниежүзілік рекорт анықталды. Э. Лундкивист дүние жүзінде 
алғаш рет найзаны 78,01 м-ге лақтырды. Əдетте, найзаны бас бармақ жəне сұқ саусақпен 
немесе бас бармақ жəне ортаңғы саусақпен ұстайды. Ал қалған саусақтар найзаны ұстауға 
көмектеседі. Бұл кезде найзаның сабы алақанда қиғаш жатады. Бас бармақ пен ортаңғы саусақ 
шетіне тіреледі. Ортаңғы саусақ басқаларынан ұзынырақ жəне əлдірек. Сондықтан ол 
лақтырудың жақсаруын қамтамасыз етеді. Найзаны ұстаған кезде дененің буындарын қатты 
ұстауға болмайды, олай ұстаса, найзаның айналысы азаяды. Екпін алу кезінде, найза иықтан 
жоғары ұсталады. Бұл кезде найзаның артқы ұшы төменге қарай бағытталады. Сол қол бұл 
уақытта əдеттегі жүгірістегідей жұмыс істейді, оң қол найзамен тербелмелі қозғалыс жасайды. 
Лақтыру белгісіне жеткеннен кейін, найзаны толық туралап жəне екпінді баяулатпай лақтыру 
қажет. Бағыттау соңғы екі адымнан тұрады. Ол оң аяқтың адымынан басталады. Лақтырушы 
иығын оңға бұрады жəне иықтың бойымен найза ұстаған қол түзеледі. Бұл уақытта найза 
иықтың деңгейінен төмен түсірілмейді. Қол мен кеуденің арасында бұрыш 90 градусты 
құрайды.
Лақтырушының көзі алға, жоғары бағытталады, найзаның ұшы көз деңгейінде болады. 
Жылдамдықты сақтау үшін денені тік ұстау керек. Дене қисайған кезде жылдамдық төмендейді.
Найза, гранат немесе доп лақтырған кезде, жүгіріп келетін жолдың ұзындығы 25 м – ден кем 
болмайды, ал оның ені 1 м. 25 см. болу керек. Ең соңғы 5-6 м-де жол 4 м-ге дейін кеңейтіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет