МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА САБАҒЫ
Мақсаты: Мектептегі музыка сабағының мақсаты мен міндеттерін, сабақтың құрылымын, түрін, теориялық негізін ұғыну.
Музыка сабағы – оқушылардың музыкалық тәрбие және білім берудің негізгі формасы. Музыка сабағы уақыт талабына сай болуы қажет. Әр кластың білім деңгейіне, мектептің материалдық базасына байланысты тапсырмалардың түрін таңдай білу- әуез мұғалімінің іскерлігі.
Сабақтың мазмұны мына қағидаларды қалыптастырады:
Музыка сабағының тақырыбына байланысты дайындалған материал құндылығымен ерекшеленуі.
Көркемдік, тәрбиелік міндеттері жоғары деңгейде болу.
Эмоциональды танымдық мүмкіндіктерін дамыту.
Оқушылардың шығармашылығын шыңдау.
Мұғалімнің педагогикалық әскерлігінің шыңдалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |