Мектептегі музыкалық ТӘрбие


МУЗЫКАЛЫҚ ЫРҒАҚТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС



бет19/67
Дата30.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#106940
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Байланысты:
исходный(11)

МУЗЫКАЛЫҚ ЫРҒАҚТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Мақсаты: Музыкаға байланысты әр түрлі ырғақты қозғалысты сезіну, әуенге үйлесімін келтіруге бейімділігін қалыптастыру.
Музыканың әуеніне қарай ырғақтық қозғалыс жасау, бастауыш класс оқушыларында ырғақтық сезімін дамытып, көркемдік қасиетін арттыруға екпін, оның жүрдектігі,азаюы, динамиканың күшеюі, дыбыстың азаюы мен шығарманың құрылымын анықтауға мүмкіндік алады. Ырғақтық қимылдың негізгі мақсаты – балалардың музыкалық образды қабылдау қабілетін қалыптастырып, қимылмен сомдауға бейімділігін арттырады.

Музыкалық –ырғақтық қимылды қолдану эстетикалық көркемдік міндеттерді шешуге көмектеседі.



  • Білімділік: дағдысын қалыптастырады, жүру, ырғақ, акцент.

  • Тәрбиелік: ұжыммен ырғақты қозғалысты орындаудағы ырғақтық қимыл мәдениетін дамытады.

  • Дамытушылық: әсерлілікке, көркемдік - шығармашылық қабілетке, бұлшық еттерін дамытуға, ептілікке тәрбиелейді.

Орыс педагогы Е.Н.Водовозова: «музыканың сүйемелдеуімен орындалатын қимылдар музыка сияқты естуді, жеңілдікті және қимылдың икемділігін, музыкадан алған әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап беру қабілетін дамытады». Ырғақтық қимылдың түрлері тәрбиелік процесс болып табылады. Ол музыкалық - эстетикалық, эмоциялық - еріктік, танымдық сияқты баланың жеке басының көптеген сапаларын дамытуға көмектеседі. Мектеп оқушылары музыканы белсенді түрде қабылдау арқылы оның қимылмен байланысын айырады, музыкалық дыбыстардың мәнерлілігін, ерекшелігін сезінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет