Хормен ән үйретудің әдістері
үйрету түсіндіру жаттықтыру қайталау сөздік
МУЗЫКА ТЫҢДАУ ДАҒДЫСЫН МЕҢГЕРУ
Мақсаты: Музыка тыңдау дағдысын, мәдениетін, сезіну, әсерлену, ойлау, есту қабілеттерін дамыту жолдарын білу.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу – музыкалық тәрбие берудегі күрделі процесс.
Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс –әрекеттің кез-келген түрінің іргетасы.
Музыканы қабылдау дегеніміз - жалпы білім беретін мектепте балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі.
Музыканы қабылдау – барынша күрделі процесс. Оған арқау, негіз болатын нәрсе – шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіне, ести және толғана білу.
Құралдары арқылы әсер етеді. Ол ладогармониялық қалып, тембр, қарқын, динамика, метроритм. Олар шығармалардың сипатын, көңіл-күйін жеткізеді. Шығарманың негізгі түйіні өмірдегі құбылыстармен, адамның сезімдерімен байланысып, астасып жатады.
Н.Л.Гродзенская «Мектепте музыка тыңдау» деген мақаласында «Музыканы қабылдау үшін біршама даярлық қажет, ол үшін сол музыканы тыңдауға үйрену керек».
Музыканы тыңдауға байланысты үш міндет қарастырылған.
1-ші міндет - оқушылардың музыканы қабылдау сезімталдығын қалыптастыру, музыкаға құштарлықты, музыканы тыңдауға және орындауға ынтасын арттыру.
2- ші міндет - музыканы саналы түрде қабылдауды қалыптастыру, образдардың сипатын түсіну, шығармалардың негізгі идеялық негізін ұғуға үйрету.
3 –ші міндет – шығарманы орындау барысында музыкаға деген практикалық көзқарасын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |