МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТАН ТЫС МУЗЫКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Мақсаты: Сабақтан тыс музыкалық жұмыстың оқушылардың эстетикалық талғамын, белсенділігін, бәсекелестікке қабілеттілігін дамытудағы маңызын ұғыну.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық - бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие үрдісінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиені ұйымдастырудың түрлеріне тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Сондықтан, оқушылардың оқудан тыс әрекеттері, белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, кітап оқуға нақты мақсатты көздейді. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері: тәрбие сағаты, пікірталас, саяхат, концерт, ән байқаулары, көңілді кештер т.б.
Жалпы алғанда сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие жұмыстарын екі салаға бөлуге болады.
Оқушылармен жаппай жүргізілетін жұмыс.
Үйірме түрінде өткізілетін жұмыс.
Оқушылармен жаппай жүргізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Бұл салаға лекция – концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық театрға бару, кештер ұйымдастыру, сайыстар, карнавалдар.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала - нанымдық, тағылымдық мәні зор лекция- концерт ұйымдастыру.
Лекция – концерт оқушыларды өнердің сан-қилы салаларымен, сазгер шығармаларымен, жеке аспапта орындаушы, әнші- күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Лекция - концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға, олардың дайындық деңгейіне, жас ерекшіліктеріне байланысты болуы керек. Танымдық лекция - концертте мына қағиданы ұстанған жөн.
Әншілік, домбыраға қызығушылығы басым балаларды қатыстырып, үлкен өнерге бағыт беру, орындаушылық шеберлігін арттыру;
Жас ерекшіліктеріне қарай тақырыпты таңдау;
Жүргізушінің дауыс интонациясының анықтығы;
Аудиториямен лектордың арасындағы қарым- қатынасты сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |