«МҰРАГЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ
Мақсаты: « Мұрагер» музыка бағдарламасының мазмұнын, негізгі идеясын, оқыту міндеттерін туралы толық мағұлмат беру.
« Мұрагер» бағдарламаларының ән репертуарын, музыкалық сауатын, домбыра аспабында шағын әндер мен күй үзінділерін үйретудің әдіс-тәсілін меңгерту.
Ұлттық музыкаға қызығушылығын, ұлттық өнерді құрметтеуге патриоттық сезімін дамыту.
Мектептегі музыка бағдарламаларының озық үлгілерін жинақтау арқылы кәсіби нышанын дағдыландыру.
«Мұрагер» бағдарламасы музыка пәні бойынша орта мектептің 1-9 сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты – өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдеп – ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін, ата-мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеттері:
Домбыра сүйемелдеуімен ән айтып,күй тартуды үйрету,жыраулық дәстүр,айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу.
Қазақтың кәсіби қол өнерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой –жүйесін қалыптастыру.
Балалардың шығармашылық ынтасын, ой-өрісін, қиялын дамыту.
Дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
Бағдарламаның басты темірқазығы – қазақтың ою –өрнектерінің,символдық мазмұнын білу арқылы балалар күйдің саз иірімінің сұлулығын көбірек аша түссе,күйдің тарихын білу арқылы халқының тарихын терең түсіндіру Қысқасы ән –күй пәні музыка,ауызша поэтикалық,көркемөнер, қолөнер түрлерінің басы тоғысқан интеграцияланған комплексті пән болуы тиіс.
«Мұрагер» бағдарламасы төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:
1. Домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу.
2. Қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ойын қалыптастыру.
3. Балалардың шығармашылық ынтасын, ой-өрісін, қиялын дамыту.
4. Дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы олардың халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра қағыстарын көзбен көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. «Мұрагер» бағдарламасы - тоғызжылдық білім берудің тізбекті біртұтас курсы. Бастапқы сыныпта алған білімі жылма-жыл қайталанып,толықтырылып,дамытылып отырады. Мысалы, домбыра тартудың ең қарапайым жаттығуларынан бастап,жеңіл әндер мен күйлер үйреніп, репертуарды жылма –жыл байыта,күрделене түсудің арқасында күйдің композициялық құрылымын түсініп, аяғында өз жанынан өлең шығарып, бір –бірімен қағыспа түрінде айтысуға дейін жетіп, жыраулардың үлгісімен өз толғауларын шығаруға дейін жетеді.
«Мұрагер» бағдарламасында қазақтың ұлттық өнерімен қатар, Европа мәдениеті оның ішінде әлемге тараған опера, симфония, балет жанрлары терең түрде талданады. Сонымен қатар Шығыс музыкасы мен Түркі мәдениетіне кең орын берілген.
Домбырада үйрететін әндер мен күйлер тізімі:
1 –сынып – халық әні «Еркем –ай»
2 –сынып - халық күйі «Келіншек»
Халық әні « Қалаулым»
Халық әні « Гүлдерайым»
3 – сынып - халық әні «Сәулем –ай»
халық күйі « Салкүрең»
халық әні «Жар –жар»
4 –сынып - Қазанғап «Шынаяқ»
Базар жырау . «Терме»
Жаяу Мұса «Ақсиса»
5 –сынып - Айтыс әуені.
халық әні «Құралай»
халық күйі «Кеңес»
Құрманғазы «Балбырауын»
6 –сынып - Тұрмағанбет «Тәлім»
«Толғау сазы»
Нұрым «Толғау»
Нұртуған «Қанекей, тілім, сөйлеші»
7 – сынып – Қазанғап « Көкіл»
А.Райымбергенов «Секіртпе»
8 – сынып - халық күйі «Қарасай»
Тәттімбет «Сылқылдақ»
Қазанғап «Құс қайтару»
Дәулеткерей «Көріғұлы»
9 –сынып – Құрманғазы « Адай»
М. Әубәкіров «Наркескен»
Дина «Науайы»
Темірбек «Шернияз»
Достарыңызбен бөлісу: |