11
әрекеті арқылы нәтижелі болған кезде тәрбиеші бастамасы акценттерінің
серіктестік арқылы өзін өзі тәрбиелеуге ығысуын болжайды.
Е.В. Бондаревскаяның пікірінше тәрбие мақсаты – тұтас мәдениет адамын
қалыптастыру (А қосымшасы).
Мәдениет адамы – мәдениет әлемінде өз тағдырын өзі шешуге қабілетті,
еркін адам
. Мұның педагогикалық аспектілері оқушыларда өзіндік сананың
жоғары деңгейін, өз қасиетін бағалау, өзін өзі қадірлеу, өзгелердің пікірін
құрметтей отыра, өз пікірінің еркіндігі сияқты қасиеттерді тәрбиелеуден
тұрады.
Мәдениет адамы – адамгершілікті тұлға.
Адамгершілікке тәрбиелеудің
педагогикалық аспектілері тәрбие қарым-қатынасының барлық әдістерін және
барлық жүйесін ізгілендіруден тұрады.
Мәдениет адамы – рухани тұлға.
Мәдениет адамының руханилығы мәдени
сәйкестендіру және мәдени-лайықтылық өмір салтын таңдау қабілетінде
байқалады.
Мәдениет адамы – әрі шығармашыл, әрі бейімделген тұлға.
Адамның
заманауи жағдайлардағы өмір сүру қабілеті екі блоктан: мінез-құлықтың
меңгерілген алгоритмдерінен және өзгерген жағдайларға сәйкес олардың
өзгергіштігіне, яғни шығармашылыққа даяр болуынан тұрады.
Тұжырымдама авторы тұлғалық тәжірибенің келесі компоненттерін бөліп
көрсетеді, оларды меңгерген тұлға мәдениет адамы ретінде қалыптасты деп
саналады:
аксиологиялық
(құндылықты-мағыналы)
,
санамен
«берілетін»
және
адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты тұлғалық мәнге ие болатын әмбебап
жалпыадамзаттық құндылықтардан тұрады;
мәдениеттанушылық
–
тұлғаның өмір сүру әрекеті өтетін түрлі мәдени
орта; жалпымәдени қабілеттер, мәдени шығармашылық туындылар; ұлттық
мәдени құндылықтар мен дәстүрлер және оларды сақтау, жаңарту, жаңғырту
бойынша іс-әрекет және т.б.;
өмірнамалық (жағдаяттық)
–
өмір жағдайлары, оларды ұйымдастыру мен
ғұмыр сүру әдістері, өз тұрмысын өзгерту жолдары, өмір сүру ортасын
түрлендіру және т.б.;
моральдық-этикалық
Достарыңызбен бөлісу: