15
Қоғамдық-гуманитарлық циклы оқу пәндерін оқытуды жақсарту талабы
жастарды
патриотизмге,
өз
Отаны
–
Қазақстан
Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік
рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге
төзбеуге тәрбиелеу; әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау,
қазақ халқы мен республиканың басқа да этностары мен этностық топтарының
тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел
тілдерін меңгеру міндеттерінен туындады.
Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан мемлекетінде жаңа сипатқа ие
болып отырған патриотизм мәселесін Қазақстан Республикасының ұштұғырлы
саясатымен ұштастыра жүргізу қажет. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі –
мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –
жаһандық
экономикаға
ойдағыдай
кірігу
тілі»,
−
деген
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
жолдауы
қазіргі
кездегі патриоттық
тәрбиеде тілдерді меңгерудің
маңыздылығын көрсетеді [10].
Тілді үйрену – өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін,
мінезін, ой, жан-дүниесін, сырын білу, халықтық мәдениет пен дәстүрді
жаңғырту. Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі
көркем әдебиеттерді оқу,
ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу,
үйрену арқылы ғана орындалады.
Жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқы мен оның жеке психологиялық
ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере
отырып, жеке тұлғаның бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың негізі
ретінде
оқыту-тәрбиелеу аясында
Достарыңызбен бөлісу: