1 «Оқыту процесінің тәрбиелік компоненті» үғымының мәні Қоғам дамуы процесінде тәрбие мазмұны өзгереді, алайда педагогика
тәрбие субъектісі ретінде үнемі адамды қарастырады, ал тәрбие әсері оны
жетілдіруге бағытталады. Бұл педагог-тәрбиешілердің тұлғаның сапалы өсуіне
және жетілуіне ықпал ететін санасын, психологиясын, құндылықты бағдарын,
білімі мен қызметінің әдістерін өзгертуіне мүмкіндік беретін тәрбие феноменін
түрлендіретін іс-әрекеті ретінде анықтауына негіз береді.
Демек, барлық білім беру процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады:
оқыту және тәрбиелеу. Өз кезегінде оқыту да, тәрбиелеу де белгілі бір
аяқталған және құрастырылған процесті білдіреді.
Біздің пікірімізше, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің мәнін төмендегіше
ұсынуға болады:
–
Оқыту деп шығармашылық қабылдау мен практикалық қызметтер,
мәдени және моральдық-этикалық идеялардың түрлі тәсілдері мен деңгейлері
арқылы білім, білік және дағдыға ие болу түсіндіріледі.
– Бұл жағдайда
тәрбие этностық, эстетикалық, моральдық, әлеуметтік
және т.б. түрлі қарым-қатынастардың, сол сияқты мінез-құлық, дағдылар мен
сезімдердің әртүрлі деңгейлерінің туындау және қалыптасу процесін білдіреді.
Оқыту және тәрбие процестерінің өзара ортақ
және бір-бірінен
ерекшеленетін қасиеттері бар. Келесі кестеде оқыту және тәрбие процестеріне
ортақ және бөлек қасиеттерді көрсетуге болады (1-кесте).
Оқу процесі – бұл тек белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру
ғана емес, оқушы тұлғасының
жан-жақты дамуы мен
қалыптасуы.
Оқушылардың оқу процесі барысында меңгерген білімі олардың дүниетанымы
қалыптасуының негізін қалайды, түрлі табиғи, қоғамдық, техникалық және
мәдени құбылыстар мен оқиғаларды дайындаудың маңызды құралы болады.
Оқушылардың
танымдық
қызметі
олардың
интеллектуалдық,
эмоционалдық және еріктік дамуын ескереді.