Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата07.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#86096
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
дамытушы
қызметінде
оқушылар практикалық тапсырмаларды талдау мен шешуде
абстрактілі технологиялық білім және білікті қолдану мүмкіндігін түсінеді.
Республика мектептері тәжірибесінде 9-11-сынып оқушыларының реферат
жазуы, мектептік және қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға
қатысуы, технологиядан емтиханды реферат түрінде тапсыруы зерттеу
жобаларының тиімді әдістері бола алады. Мысалға, Алматы облысы Іле
ауданындағы №13 М. Мақатаев атындағы орта мектеп мұғалімдері практикада
республика мектептерінде кеңінен қолданылатын М.М. Жанпеисованың
оқытудың модульдік технологиясын
пайдаланады.
Модульдік технологияны
қолдану бақылау, талдау және түзетуді
болжайтын өзін-өзі басқарумен үйлесе отыра, оның сапасын жақсартады және
тиімділігін арттырады, оқытуды субъект-субъектілі негізге мақсатты түрде
ауыстыру мүмкіндігін береді.
Мектептің ақпараттық-білім беру ортасын құру әдістері Алматы облысы
Талғар 
ауданындағы 
№ 
17 
мектеп 
директоры 
Н.А. 
Тифанцидидің
баяндамасында көрініс тапқан. Дұрыс ұйымдастырылған ақпараттық-білім беру
ортасы, дәлірек виртуалдық әдістемелік кабинет, «Интернет-мектеп», қашықтан
оқыту, жобалық қызмет, мектептің электрондық оқыту ортасы жағдайларында
мобильдік технологияларды қолданудың тиімді модельдерін әзірлеу және т.б.
көбіне білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
(АКТ) сауатты қолдану технологиялық үлгіге айналдырылған процесте саралай
оқытуды жүзеге асырады, оқушылардың мотивациясын арттырады. Өздігінен
заманауи ақпараттық тәсілдерді оқыту, сөзсіз, оқушылардың жаңа сапалы білім
алуының жетістігі болып табылады.
Сонымен, ақпараттық-білім беру ортасын мектептің жалғыз ақпараттық
кеңістігі ретінде ғана емес, сонымен қатар, тиімді білім беру жүйесі ретінде
қабылдау керек.
Ал, Қапшағай қаласындағы №3 орта мектепте (директоры – С.П. Ахметова)
деңгейлік саралауды көздейтін және әр оқушыға оқу материалын игеру
деңгейін ерікті түрде таңдау; білім алушылардың түрлі деңгейде өзіндік


37
жұмысты ұйымдастыру; жеке жоспарлар бойынша озық, шығармашылық
оқыту; оқу материалын игерудің
ағымдық
және
қорытынды бақылау
мүмкіндігін
қамтамасыз ететін оқытудың
түрлі деңгейлі технологиясы
қолданылады, ол оқушылардың танымдық түрткісін құруына және танымдық
іс-әрекетін ынталандыруына ықпал етеді. Мұғалімнің білім беру саласындағы
жұмыс тәжірибесі, педагогикалық шеберлігі заманауи мектептің оқу процесіне
оның жетілдірілуіне және жаңартуына ықпал ететін инновациялық білім беру
технологияларының тұжырымдамалық негіздерін шығармашылықпен ашуға
және анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін енгізу мүмкіндігін беретіні анық.
Сонымен, жоғарыда баяндалған жұмыс тәжірибесі мұғалімнің ұзақ
жылдардағы практикалық еңбегінің жемісі ретінде оның кәсіби шеберлігін
көрсетеді. Алайда, бұл – түрлі проблеманы шешуде кәсіби іс-әрекеттің саналы,
креативті ойға толы еңбек.
Білім беру практикасына, соның ішінде өнер сабақтарына заманауи
технологиялардың енуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өнер сабақтарында
мұғалімдер, мысалы, АКТ-ны оқушыларды шығармашылықпен дамытудың
жаңа құралына айналдыруы тиіс.
АКТ білім беру процесінде қолданудың келесі нұсқаларын ұсынамыз:
– Мультимедиялық қолдау сабақтары – сыныптағы бір компьютерді
мұғалім «электронды тақта» ретінде пайдаланады. Мұғалім даяр электрондық
білім беру ресурстарын немесе таныстыру мультимедиясын, ал оқушылар
жобаларды қорғау үшін пайдаланады.
– Компьютерлік қолдау сабақтары – сыныптағы бірнеше компьютерде
(әдетте, компьютер сыныбында) оқушылар бір мезгілде барлығы немесе кезек-
кезек жұмыс істейді.
– Ғаламторға шығу сабақтары (мультимедиялық, сондай-ақ, компьютерлік
қолдау сабақтары болуы мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет