2.2
Жаратылыстану-математикалық
циклы пәндерінің
тәрбиелік
бағыттылығын күшейту
Педагогикалық сөздікте «тәрбиелік аспект» ұғымының пайда болғанына да
көп болмады. Тәрбиелік аспектіге өз ішінде ауысу немесе әрекет етудегі
мүмкіндік қасиеті тән; әр орыннан жаңа қырынан байқалады; ол құрамындағы
жаңа элементтерге байланысты бірдей емес, әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиелік
аспектіні жоғарыдан берілген нұсқау арқылы құруға болмайды, ол мұғалім мен
оқушының шығармашылық аясында пайда болады.
Жаратылыстану-математикалық
циклы пәндері оқушыларға табиғат,
әлемнің материалдық тұтастығы, табиғат ресурстары және оларды адамның іс-
әрекетінде пайдалану туралы білім береді. Бұл пәндердің ортақ оқыту тәрбиелік
міндеттері тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуына бағытталған. Осы ортақ
міндеттерді шешудегі басты шарт – пәндер арасындағы байланыстарды, пән
мұғалімдерінің
ынтымақты
жұмысын
жүзеге
асыру
және
дамыту.
Жаратылыстану-математикалық циклының барлық пәндері математикамен
тығыз байланыста оқытылады. Ол оқушыларға адамның күнделікті өмірі мен
еңбек жолында қажет, сол сияқты бір бірімен шектес пәндерді оқытуда
маңызды білім мен білік жүйесін береді (1-сурет) [16].
23
1-сурет − Жаратылыстану-математикалық циклы пәндерінің өзара маңызды
байланыстары
Мұғалім қызметінің басты бағыты – бала үшін таным қуанышын ашу,
өздігінен жауап іздеу кеңістігін беру, зерттеу ахуалын туғызу, яғни мектеп үшін
жетіспей тұрған, баланың ішкі мотивациясын ояту. Мұғалім оқыту қызметін
ұйымдастырып және оқушыны тұлға ретінде қабылдай отыра, алдағы іс-
әрекеттің мотивациясы туралы ойлайды. Іс-әрекет теориясы тұлғаны оқыту
процесінде дамыту проблемасына жаңаша қарауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл
жерде тұлғаны дамыту индивидтің өмірлік қатынастарда оның қызметін
өзгертуі нәтижесінде орын алатын өзіндік даму ретінде түсіндіріледі. Іс-әрекет
– тұлға дамуының басты шарты және құралы.
Оқыту процесінде оқушыны оқу қызметіне енгізілген тұлға ретінде ескеру
қажет.
Бұл жерде ең бастысы – оқу процесінің оқушыға берері, танымдық
қызметтің орны, бұл қызметтің дәлелденуі, қызмет мақсаттарының мотивацияға
сәйкестігі, оқушы
үшін бұл
қызметтің
тартымдылығы, оқыту процесі
барысында оның қатысушылары: мұғалім және оқушы, оқушылар және
мұғалім, оқушылар арасында қандай қарым-қатынас орнағаны маңызды.
Алайда, сабақта қызығушылық, жаңалық ашу ахуалын қалай туғызуға,
балалардың өміріне жаңалық ашушы-ғалымдардың құмартушылығын қалай
енгізуге болады?
Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушыларға таным арқылы баратын,
тереңдігімен, ауқымдылығымен және терең ойлылығымен қызықты биіктерді
көрсету қажет.
Оқу процесінде таң қалдыру принципі, проблема, қарама-қайшылық
тудырудың көмегі зор, әрқайсысының шешімін табу бала үшін жаңалық
ашумен тең.
Дәл таң қалдыру сияқты адам ықыласын ештеңе аудармайтыны және ой
еңбегін
ынталандырмайтыны
белгілі.
Материалды
табиғи
реттілікпен
баяндаудың бұзылуы, озық тапсырмаларды қолдану проблемалық жағдай
туғызу үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл орайда танымдық тапсырмаларды
ұсынудың формалары, оларды шешудің практикалық маңыздылығы болуы
шарт.
Физикалық география
Информатика және
ақпараттық технология
Сызу
24
Мысалы, шексіз геометриялық прогрессияны қарастырмас бұрын сабақты
«Торт тілімдерінің шексіз мөлшерін жей аласыз ба?» сұрағымен бастауға
болады. Осы сауал төңірегіндегі пікірталас теориямен танысқаннан кейін ғана
толастауы мүмкін. Сонымен, сабаққа қызығушылық қамтамасыз етілді. Ең
алдымен теорияны, сонан соң
оны практикада колдану жолдарын
қарастырмастан бұрын оқушыларға осы теорияны пайдаланатын түрлі аспаптар
мен қондырғылардың жұмыс істеу принципін негіздеу бойынша түрлі
тапсырмаларды
ұсынуға
болады.
Мысалы,
түзу
мен
жазықтықтың
перпендикулярлығы белгісін өтер алдында оқушылардан бағанды орнатпастан
бұрын неліктен оның вертикалдығы бағанның негізі екеуі бір жазықтықта
жатпайтын екі түрлі нүктеден тексерілетінін түсіндіруді өтіну керек. Тек
нәтижені ғана емес, кез-келген идеяны мадақтау керек. Мысалы, оқушылардың
«Мен тапсырманы дұрыс орындай бастадым ба?» деген сауалына «Мен
басқаша орындадым, мүмкін сенің ойың соны шешімге жеткізер» деп жауап
қайтару керек. Соңынан
әр түрлі шешімдерді
қарастырып, олардың
әрқайсының жетістігі мен кемшілігін талқылау қажет.
Оқушылардың кез-келген стандартты емес шарты оны шешу жолына
бағдарланбаған, ал жинақталған тәжірибеде оны шешудің даяр үлгісі жоқ,
тапсырманы өздігінен шешуі оларға зерттеушілік қызмет еркіндігін береді.
Мектеп қазіргі өмір деңгейіне сәйкес келетін толыққанды білім беріп қана
қоймайды,
сонымен
бірге
оқушыларда
адамгершілік,
азаматтық,
еңбексүйгіштік, жауапкершілік және мақсаткерлік, бәсекеге қабілеттілік және
көптеген басқа қасиеттерді қалыптастырады. Оқу процесінде тәрбиелік
міндеттерді шешу үшін көп мүмкіндіктер бар, өйткені бала уақытының көп
бөлігін мектептегі сабақта өткізеді.
Өкінішке орай, педагогтар мен ата-аналар арасында сабақта тек білім ғана
берілу керек деген ой қалыптасқан. Бірақ, ықылас болған кезде білімді
өздігінен де алуына болады, ал қарым-қатынас жасаудың, адамдармен,
достарымен, үлкендермен және кішілермен өзара іс-әрекет етудің әлеуметтік
тәжірибесін игеруді, күрделі өмірлік проблемаларды шешуді тек қана арнайы
ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде ғана
үйренеді. Мұнан бөлек, адам
білімді орынды пайдалана алмаса, оның ешқандай мәні жоқ екені баршаға
мәлім. Егер ол басқалардың мүддесін ескермей, ой-өрісін (интеллектісін) өз
мақсатына жұмсаған жағдайда тіпті қауіпті болады. Тұлға адамгершілігінің
деңгейі төмен, немесе тіпті болмаған жағдайда осындай жағдаят туындайды.
Сонымен, мектеп түлегі өзінің білімдік және тәрбиелік әлеуетін қандай
жолдармен іске асыратыны, ол білімі мен ынтасын құруға немесе қиратуға
бағытталатыны тәрбие міндеттерінің шешіміне байланысты.
Сабаққа дайындалу барысында мұғалім білімдік міндеттермен қатар,
оқушыларда әлеуметтік және тұлғалық маңызды қасиеттер мен ерекшеліктер,
қоршаған әлемге, адамдарға, іс-әрекетке және өзінің жеке басына адамгершілік-
құндылықты қатынас қалыптастырумен, достарымен, ересек және кіші жастағы
оқушылармен, ата-аналармен, түрлі ұйымдар және әлеуметтік топ өкілдерімен
өзара іс-әрекет
дамытумен байланысты тәрбиелік міндеттер кешенін
анықтайды.
25
Сабақтың тәрбиелік әлеуетін қандай жолдармен іске асыруға болады?
Сабақта диалог болуы үшін мұғалім не істеуі тиіс? Сабақтың тәрбиелік
әлеуетін іске асырудың үш басты бағытын көрсетеміз:
–
материал мазмұнын іріктеу;
–
сабақ құрылымын жетілдіру;
–
қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Тек қана білім беруге бағытталған сабақ оқушыларды бейтарап қалдырады.
Мұғалімнің міндеті – сабақ мазмұны оқушылармен белгілі бір әлеуметтік,
адамгершілік, эстетикалық, экологиялық және т.б. құндылықтар ретінде
қабылдануы тиіс. Бұл үшін қандай жағдайлар қажет? Сабақтың зияткерлік,
адамгершілік және эстетикалық әсерлер, түрлі көзқарастар мен пікірлер
тартысы, міндеттер мен проблемаларды шешудің түрлі жолдары мен ақиқатын
іздестіру, мұғалім мен оқушылардың шығармашылығы атмосферасында өтуінің
маңызы зор.
Оқушының қандай да бір нысанға немесе құбылысқа қатысы оның мінез-
құлқын анықтайды. Моральдық таңдаумен байланысты арнайы құрылған
тәрбиелік жағдаяттарда саналы жауапкершілікті қарым-қатынас қалыптасады.
Мұғалім мен оқушы арасындағы толыққанды диалогтың болуы – осындай
педагогикалық жағдаяттардың өзгеше артықшылығы болып есептеледі. Әлем
туралы білімді жеткізу және осы әлемге деген қатынастың қалыптасуы – қоғам
және педагогтың өскелең ұрпақты қоғамдағы өмірге дайындау жолында
ұйымдастырған үлкен екі процесс. Қазіргі мектеп алдында тұрған бірден бір
өзекті мәселе – еліміздің үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыратын оқыту
мен тәрбиелеуді бір тұтас мақсатты тәрбие процесіне біріктіру.
Негізінде, педагогикалық әдебиетте оқушы тәрбиесі мәселесі сыныптан тыс
және мектептен тыс жұмыспен байланыста зерттеледі. Бұл орайда оқушының
маңызды да үлкен өмірінің бөлігі – сабақ ұмыт қалады. Сабақтың тәрбиелік
мүмкіндіктері проблемаларына бірнеше тұрғыдан қарауға болады. Солардың
бірі «Әр сабақ тәрбиелейді» пікірінде көрініс табады. Кейбір кезде бұл пікірді
әлдебір заңдылықтар бейнесін көруге болатындықтан педагогикалық аксиома
ретінде айтады, сабақ дидактикалық дұрыс ұйымдастырылса, одан тұлға
қалыптасуына оң әсер етеді. Қалыптасуына – иә, бірақ тәрбиеге емес, себебі
соңғысы – саналы да арнайы қойылған мүддеге сәйкес ұйымдастырылған және
құрылған мақсатты процесс екені даусыз. Сондықтан да осындай мақсаттан
айырылған сабақ тұлғаға қалыптастырушы ықпал жасаса да, тәрбиелемейді.
Осы ұйғарымға керісінше «Көптеген мұғалімдер нақты қойылған тәрбиелік
мақсатсыз сабаққа барады. Соған қарамастан, әріптес-мұғалімдер тарапынан
олардың сабақтары бір ауыздан «тәрбиелейтін» деген баға алады және шын
мәнісінде оқушы тұлғасының қалыптасуына тәрбиелік ықпал етеді» деген
қарсылықты келтіреді. Ал, бұған тәрбиелік нәтижеге интуитивтік жолмен,
кездейсоқ олжа және күтпеген сәттілік жолымен қол жеткізуге болады деп уәж
айтады. Дегенмен, бұл жол болжанбағандығымен қолайсыз: балалар жақсы-ақ
еді, күтпеген жерден – жаман болып қалды! Жұмыс жақсы жүріп жатыр еді –
ойламаған жерде бүлінді! Бұрын өз түйсігіне сенетін мұғалім осындай
түсінбеушіліктің себептерін іздестіре отыра, өз іс-әрекетіне талдау жасау
26
қажеттігін сезеді, ол оны тәрбие мақсатына сүйенуге мәжбүрлейді, барлық күш-
жігері оны нәтиже ретінде сезінуіне қол жеткізуге бағытталған.
Оқылатын
материалдың
тәрбиелік
мүмкіндіктері
басқа
тұрғыдан
қарастырылады. Бұл тұрғыны іске асыру сабаққа оқушылардың зейінін
оқылатын материалдың этикалық жағына басты назар аударуға мүмкіндік
беретін қосымша жағдаяттар мен ақпараттар қосумен байланысты. Сонымен
қатар, ол міндетті түрде сабақта қойылатын қарым-қатынастарды айқындау мен
жете түсінуге және осы қарым-қатынастар жүйесі арқылы оқушы тұлғасына
тәрбиелік ықпал етуді ұйымдастыруға негізделеді.
Әрине, сабақта біз оқытамыз, белгілі білім туралы ақпарат береміз, білімді
пратикада
қолдану білігімен
қаруландырамыз. Бірақ,
сабақ
тек
қана
«ұйымдастыру формасы» емес, ол сонымен бірге, оқушы өмірінің бір бөлігі
және жалғасы, ең алдымен – қарым-қатынас. Мұғалімнің міндеті – сабақ
мұғалім мен оқушының, олардың әрқайсысының бір-бірімен адамгершілік
қарым-қатынас қалыптастыруына бағытталған, толыққанды адами қарым-
қатынас, ойластырылған өзара іс-әрекет болуы үшін еңбек ету.
Сабақ – оқушы өмірінің және оның тұлғасының қалыптасу процесінің
жалғасы.
Бұл
жағдайда
сабақтың
мазмұны
қандай
математикалық
формулалармен, әдеби мәтіндермен, тарихи деректер және оқиғалармен
толтырылғаны маңызды емес. Тұлға тәрбиесі орнатушы және дамытушы
қарым-қатынастардың арқасында іске асады.
Мұғалім сынып табалдырығын аттасымен, оқушылардың және сабақтың
оқу
қызметін
ұйымдастырады. Педагог
қарым-қатынастардың қоғамдық
маңыздыларға сәйкестігі, яғни тәрбиелік мақсаттарға кереғар болмауы үшін
барын салады, сол кезде осы мұғалімнің сабағы тәрбиелік сипатқа ие болады.
Егер мұғалім өз зейінінің шекарасын дидактикалық шекпен тарылтса, сабақ
тәрбиелік ықпалынан айырылады.
Тәрбиелей оқыту – мұғалімнің сабақта кездесетін қоршаған өмірдің түрлі
құбылыстарына оқушылардың қарым-қатынасын мақсатты жоспарлауы
ұйымдастырылған процесс кезіндегі оқыту.
Мұғалім бір тәрбие мақсатын ойға ала отыра, әр сабақта түрлі тәрбие
мақсаттарын
қояды.
Қарым-қатынас
бір
сәтте,
бір
сабақта
орнай
қалмайтындықтан, және оны қалыптастыруға уақыт қажет болғандықтан,
педагогтың тәрбие мақсаты мен міндеттеріне деген зейіні тыйылмауы
(тоқтаусыз) және тұрақты болуы тиіс.
Тұтас алғанда, оқыту процесі бүтіндей тәрбиелейді, бұл біз тек білімді
хабарлаған кезде ғана емес, сонымен қатар өзіміздің барлық іс әрекетімізбен,
барлық оқу жүйесімен оқушыларды өмір бойы оқу білігіне, өздігімен білім
алуға, танып білуге мүмкін болатынға өзінің жеке көзқарасын қалыптастыруға,
таным қиындығын жеңуге, өзін қалыптастыруға үйретуде орын алады.
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне мұғалім тұлғасы да көп ықпал етеді.
Мұғалім қырық минут бойы сыныппен, өз оқушыларымен оңаша болады. Осы
қырық минутта оқушы мұғалімді өз ісіне берілген, құштар жан ретінде көруі
тиіс. Сонда ғана ол балаларды өз үлгісімен баурай алып, барлығын
шығармашылық ізденіске қоса алады. Әсіресе мұғалімнің ойын дауыстап
27
айтуы, оқушылардың ойын жетелеуі, мәселенің дұрыс шешімін іздестіруі,
қабылданбағанды түсіндіре отыра жолай ауыстыруы, ойлануы, соңғы нәтиже
қандай болатынын білу үшін ілгері қарауы жоғары сынып оқушылары
сабақтарындағы ең мықты тәрбиелік сәттер болып саналады.
Бұл оқушыларды қызықтырады, олар қандай да бір сұрақтың жауабын бірге
іздейді, ұжымдық іздестіру бабын жасайтын белсенді позицияда болады. Ой
ғана ойлауға үйретеді. Сондықтан мұғалім әрбір оқушыны тыңдауға уақыт таба
білуі қажет, олардың әрқайсысына ізденіске қатысуына, дұрыс және қисынды
жауап құрастыруына мүмкіндік беруі тиіс. Балаларға уақытты бағалауды
үйрету қажет. Сол себепті мұғалім барлығын дер кезінде бастап, жұмысты
уақытпен орындауы тиіс; оқушылардың сабаққа ұзақ жиналғанын күтпеуі
керек. Кейде сабақтың әр кезеңіне: сабаққа даярлығы, жаппай сауалнама,
өзіндік жұмыс, жазба жұмыс, жаңа сабақты түсіндіруге қатынасқаны үшін баға
қою қажет. Анда-санда болса да, осылай жасап отыру қажет! Мұндай тәсіл
зейінді, жинақылықты дамытады, өзін ұжымда бағалау мүмкіндігін береді.
Мұғалім жұмысының маңызды кезеңі оқушылардың назарын ғылым мен
адамгершіліктің арақатынасына аудару. Тек бар күш жігерімен жасалған еңбек,
ғылыммен шұғылдану адамның гумандық идеалдарына қызмет ететін ұлы
ашылуларға мүмкіндік жасайды деген оқушыларды сендірерлік мысалдарды
ғылым
тарихынан,
күнделікті
өмірден,
баспасөз
және
теледидар
материалдарынан алу керек. Пәнді оқыту процесінде оқушыларды өзіндік білім
алуына түрткі салу керек, оқушыларда білімге қызығушылықты, күнделікті
еңбексүйгіштік, табандылық, орындаушылық, жауапкершілікті тәрбиелеуде
тиісті кеңестер беру қажет. Балаларымыз мектепті тәмамдаған соң кім болса да,
оларға білім, зеректік, байқағыштық, жақсы ес, өткір көз мөлшері, қиял,
ықыластылық, логикалық ойлау, талдау, деректі салыстыру және жиынтықтау
білігі
қажет.
Сабақта
көрнекіліктерді
және
техникалық
құралдарды
шеберлікпен пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің заманауи талаптарына жауап
береді. Модельдер мен анықтамалық кестелерді пайдалану оқушы зейінін,
сабақ уақытын үнемдеуді тәрбиелейді, бұл мұғалімге оның танымдық іс-
әрекетін басқаруына мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда осындай тұрғыны
тәрбиелеу оқушылардың белгілі тақырып бойынша шығармашылық жұмысына
көмектеседі.
Егер оқушыны табанды және қызығушылықпен еңбек етуге үйретпесе,
ешқандай ерекше заманауи әдістердің көмегімен мақсатқа жетуге болмайтыны
әр мұғалім үшін аксиома болуы тиіс. Сабақтың тәрбиелік қызметін арттырудың
бірден бір тиімді құралы – проблемалық оқыту. Шығармашылық ой,
проблеманы өздігімен шешу – білімнің нанымға айналуының бір шарты.
Проблемалық оқытудың тәрбиелік мәні балалардың жаңа деректерді «ашуына»
өздігімен келуімен емес, оларға ойдың ерекше стилін дағдыландыруында,
мұғалімнің оқушы тұлғасына жақсы әсер етуі күшейгенде ғана ашылады.
Кез-келген пәнді оқыту процесінде оқушылардың еңбек тәрбиесі: оқу білігі
мен қажеттілігін тәрбиелеу; практикалық іс-әрекетте қажет білік және дағдыны
қалыптастыру; практикалық тапсырмаларды шешуде алған білімді қолдану
қабілетін дамыту бағыттарында жүргізіледі.
28
Үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесінде ерекше орын алатын
эстетикалық тәрбие барлық мектеп пәндерін оқытуына органикалық түрде
енеді. Оқушыларға эстетикалық әсер ету көп жағдайда пәнді оқыту сапасына
байланысты. Нақтырақ айтсақ: ойластырылған сұрақтар мен тапсырмалар
жүйесін ұсына отырып, сабақта оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруді
ұйымдастыру оқылатын материал мазмұнының мүлтіксіз, дәл және анық
түсіндірілу білігіне байланысты. Сонымен қатар, оқушылардан кез-келген
жұмысты
мұқият
орындауын
талап
ету
керек:
дәптер
толтыру,
орфограммаларды, сөйлем мүшелерін тауып сызу, график сызу және т.б. бұл
ұқыптылықты, ішкі жинақылықты, іждағаттылықты, бастаған істі мүлтіксіз
орындауға жеткізуге үйретеді. Педагог балаларды әсемдікті көруге ғана емес,
оны жасауға үйретуі тиіс.
Эстетикалық
талғам
оқушылардың
жалпы
мәдениетін
арттырады.
Геометриялық тапсырмаларды орындау эстетикалық талғам қалыптасуына
ықпал етеді. Бұл орайда:
–
Тапсырманың шарты қызықты, сызбасы әдемі болуы тиіс;
–
Тапсырма қызық, кей кезде тосын дерек келтіруі мүмкін;
–
Мұндай тапсырмаға өзара ұқсастықтың үлкен деңгейі тән;
–
Тапсырманың шешіміне көрнекі әрі өте қарапайым сипат беретіндей
өзіндік қасиет жасырылуы қажет. Мүмкіндігінше, тапсырма бірнеше шешу
тәсілін көздегені дұрыс.
Сабақтардағы ынтымақтастық элементтерін асыра бағалау қиын. Мысалы,
жаңа материалды бекітуде және қайталауда оқыту және бақылау сипатындағы
топтық
жұмыстарды
қолдану
қажет.
Оқушылардың
қарым-қатынасы,
достастығы, бәсекелестігі, ынтымақтастығы, қатысуы айқын байқалады. Жаңа
типті тапсырмаларды шешуде оқушылар орындарында өздігімен жұмыс
жасайды, тапсырманы дұрыс орындаған балалар дәптерлеріне «+» алады да,
орындарынан тұрып өзге балаларға көмектеседі. Жұмыстың мұндай түрі
оқушылардың еңбексүйгіштігін, шыдамдылығын қалыптастыруға, өзін-өзі
бағалауын арттыруға ықпал етеді.
Сұрақ қоятын балаларды ынталандырып отыру керек, оқушылардың бұл
жұмысы «Қателесу – ұят емес, ойламау – ұят!» ұранымен жүргізілуі қажет.
Құнттылықты тәрбиелеу, өз елінің нағыз иесін тәрбиелеу отбасында
басталады және мектепте жалғасын табады. Осы проблеманың дұрыс шешілуі
көп жағдайда мұғалімдерге байланысты.
Қазіргі сабақтың педагогикалық мәдениеті оқыту мәдениеті және сонымен
қатар, тәрбиелік ықпал ету мәдениетінен тұрады.
Мектеп өміріндегі күнделікті әрбір сабақта оқушы тұлғасы мен мінезі
қалыптасады. Бұл арада мұғалім үшін ұсақ-түйек, маңызсыз нәрсе болуы
мүмкін емес. Баланың ешбір қылығы мұғалім назарынан тыс және этикалық
баға алмай қалуы тиіс емес.
Балаларды бақытты және адамгершілік саулықта болуға үйрету – сабақтың
басты міндеті. Мұғалім мұны ешқашан жадынан шығармауы тиіс. Сонымен
қатар, ол оқушы тұлғасына әсер ету шеберлігін, сабақта өзара түсіністік пен
ынтымақтастық ахуалын құруды үнемі үйренуі қажет.
29
Іске асыру нәтижесінде оқу процесінің тәрбиелік әлеуетін айтарлықтай
арттыратын және тәрбиелік міндеттерді ойдағыдай шешуін қамтамасыз ететін
бірқатар идеяларды анықтаймыз.
Оқу материалы мазмұнының тәрбиелік аспектілерін күшейту төмендегі
жағдайларды көздейді:
– оқылатын материалдың өмірмен, баланың келешектегі жеке және
кәсіби жоспарымен байланысы;
–
аймақтың,
нақты социумның
мүддесі мен
қажеттігін, баланың
қызығушылығы мен сұранысын, ата-аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере
отыра, оқылатын пәннің вариативтік бөлімін анықтау;
–
оқу материалы мазмұнын іріктеуге аксиологиялық тұрғыдан қарау,
оны жасаушылардың құндылықты және адамгершілікті аспектілеріне зейін
аудару;
–
оқу тапсырмаларын орындауда өз елінің, қаланың және ауылының тарихи
және мәдени мұра материалдарын, деректерін пайдалану;
– пәнді оқытуда өлкетану материалын пайдалану, жергілікті дәстүрлер мен
мәдени құндылықтарды ескеру;
– сәйкес тақырыптарды оқыту процесінде оқушыларды елдегі өзекті
мәселелер, жергілікті проблемаларды шешуге және талқылауға қатыстыру;
– оқушылардың әлеуметтік маңызды оқу жобаларын, зерттеу қызметін
орындау арқылы қоршаған өмірді түрлендіруге, аудан, қала және кент
проблемаларын әзірлеу арқылы үлес қосуы.
Пәнаралық
байланыстарды
дамыту.
Оқыту
процесіндегі
маңызды
міндеттердің бірі – оқушыларда әлемнің ғылыми-пәндік және құндылықты
бейнесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру және балаларды алған білімін
практикалық өмірде қолдану тәсілдеріне үйрету. Мұғалім мен оқушы өздерінің
бірлескен іс-әрекеттері арқылы физика, химия, биология сияқты жеке пәндердің
емес, қоршаған тұтас әлемнің тылсым жұмбақтарын шешуге талап қылса ғана
оған қол жеткізуге болады. Тек интеграциялық білім ғана күткен нәтижелерге:
білім алуға деген қажеттілікті сезінуге, теориялық білімді практикалық
іс-әрекетке көшіру мен оларды стандартты емес жағдаяттарда қолдануға
мүмкіндік береді. Интеграциялау үшін көлемді және алуан түрлі мәліметтерді
тұтас бір проблемаға, ортақ негізге түйістіруге мүмкіндік беретін идея қажет.
Әлем жалғыз және онда сансыз ішкі байланыстар тізілген, сондықтан көптеген
басқа мәселелерді жанамай, бір де бір өзге маңызды мәселелерді қозғай
алмайсыз. Мұндай жағдайларда салыстыру, салғастыру қажет, бұл сонымен
қатар интеграциялау негізі. Мектеп пәндерінің көптеген бағдарламасында
тақырыптардың сәйкестіктері, ортақ проблемалар мен мәселелер аз емес, бірдей
процестер мен құбылыстар оқытылады, алайда олар әртүрлі позициядан
қарастырылады. Бұлардың барлығы ең болмаса жеке тақырыптар бойынша
интеграцияның негізі бола алады.
Соңғы кездері білімді, бірінші орында тектес пәндерді интеграциялау өзекті
болып отыр. Кей кезде балалардың бір пәнді жақсы меңгеруі басқа оқу пәндері
бойынша белгілі бір білімдерінің болуына байланысты. Мысалы, химиядан
есеп шығару таза математикалық білімді (санды дөңгелектеу, пайыздар,
30
пропорциялар, санның
стандартты түрі, натурал бөлшектерді ондық
бөлшектерге айналдыру және т.б.) қажет етеді. Кез-келген мұғалім өз пәнінің
мазмұнын талдай келе, «бөлектеп» оқыту көп жағдайда жарымжан,
айтарлықтай тиімді емес екеніне көзі жетеді.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың арқасында оқушылардың
санасында әлем туралы жан-жақты бейне қалыптасады, оқушылар алған білімін
белсенді түрде практикада қолдана бастайды, себебі білім өзінің қолданбалы
сипатын көрсете алады. Мұғалім, өз пәнінің басқа пәндермен арасалмағын
айқын сезіне отыра, оны жаңа қырынан көреді және көрсетеді.
Оқу пәндерін интеграциялау білімді қызығушылықпен, жеке мәнділігін
және түсініп қабылдау арқылы мотивацияны күшейтуге қол жеткізеді,
жекелеген пәндерді оқытуда кездесетін қосарлану мен қайталауды алып тастау
есебінен оқу уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді [16].
Жеке-бағдарлы оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі, шарты және құралы
болып табылатын оқу процесінде оқушыларды субъектілік тұрғыдан
қалыптастыру.
Оқушының субъектілік позициясының сипаттары.
Оқушының субъектілік позициясы қалыптасуының басты шарттары:
– оқушылардың мүдделері мен қажеттіктеріне бағдарлану, олардың
алдағы
қызметке даярлық деңгейінің
есебі, оң нәтижеге, жұмыста
жетістікке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
– оқушыларды алдағы қызметке дәлелдеу, оның маңыздылығын,
мәнділігін, пайдалылығын түсіну;
– оқушыларды оқу қызметінің барлық кезеңдерінде мақсатты
тұжырымдау процесіне қатыстыру;
– оқушыларды өзіндік тесттеу, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін
объективті бағалауға үйрету;
– өз қызметін жобалау, жеке білім бағдарламалары мен жеке оқу
жоспарын құрастыру әдістерін меңгеру;
–
таңдау және өзін-өзі анықтау жағдаятын туғызу;
–
оқушыларға олардың мүддесіне қатысты мәселелер бойынша өздігімен
шешім қабылдау мүмкіндігін беру;
–
оқушыларды жеке өзінің және ұжымдық оқу қызметіне талдау
жасауға, рефлексияны ұйымдастыруға қатыстыру;
–
оқушы
шығармашылығын,
белсенділігін
және
өзара
іс-әрекетін
ынталандырудың түрлі тәсілдерін қолдану.
Оқушының субъектілік позицияны көрсету мен қалыптастыруы оның
педагогпен, сол сияқты басқа оқушылармен өзара іс-әрекетінің сипатына елеулі
байланысты. Бұл үшін өзара іс-әрекеттің диалог және ынтымақтастық сияқты
түрлері ең қолайлы болып саналады. Іс-әрекеттің өзі емес, осы іс-әрекет
процесінде қалыптасатын қатынастар тәрбиелейтіні баршаға мәлім. Оқушыны
тәрбиелейтін де, дамытатын да мұғалім мен оқушының ынтымақтастық
қатынастары. Балалар мен ересектердің креативтік қабілеттерін дамыту
олардың
арасындағы ынтымақтастық қатынастарды жетілдіру негізінде
шығармаластық идеяларын іске асыру көздейді.
31
Педагогтар мен оқушылардың шығармаластығы – олардың дамуының
қайнар көзі және шарты.
Мұғалім жеке өнегесімен оқушыларға шығармаластық үлгісін көрсетеді
және арнайы коммуникативтік технологияларды пайдалана отыра балалар
арасындағы шығармаластықты дамытады. Шығармаластық – оқу процесіне
қатысушылардың бірлескен мақсатты іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі, келесі
белгілермен ерекшеленеді: іс-әрекетке
қатысушылардың субъект-субъектілі
өзара қарым-қатынасы; ой және практикалық қызметтің соңғы өнімінің жаңа
қасиеттерін, белгілерін алуға бағытталған әрекеттердің бірегейлігі, ерекшелігі,
бірсарындылығы.
Жеке артықшылықтар негізінде оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-
әрекеті жүзеге асырылатын нағыз бірлескен қызмет шығармаластықтың тірегі
болады. Бұл кезде жалпы іске ортақтастық сезімі, бір-бірімен байланысу
қажеттілігі, өзін және өзгелерді «біз» ретінде сезінуі мен шыдауы пайда
болады.
Егер іс-әрекетке қатысушылар жақсы нәтижеге жетуде бір-бірімен өзара іс
әрекеттің маңыздылығын түсініп жұмысты саналы түрде орындаса, бір-біріне
жеке тұлға ретінде
қараған кезде шығармаластыққа
қол жеткізіледі.
Шығармаластықты
дамытудың
маңызды
құралдары:
оқу
сабақтарын
ұйымдастырудың топтық формалары және шығармашылық оқу тапсырмаларын
орындау.
Шығармаластыққа қажет шарттар:
–
қызмет мақсаттарын бірге анықтау; алдағы жұмысты бірге жоспарлау,
ортақ және жеке нәтижелерге жету жолдарын анықтау;
–
әрекетке
қатысушылардың
әрқайсысының
мүмкіндіктеріне сәйкес
тапсырмаларды, міндеттерді, қызметтерді, құралдарды, топтық жұмыс түрлерін
бірлесіп бөлу;
– бірлесіп оқу қызметін бақылау және нәтижелерін бағалау, жаңа мақсаттар
мен міндеттер қою.
Достардың, ересектер мен балалардың шығармаластығы – оқушылар
дамуы, олардың гумандық, зияткерлік және адамгершілік қасиеттері үшін
берекелі негіз. Тек бірлескен шығармаластықта ғана бала өзін барлық қырынан
көрсете
алады,
ынта,
жауапкершілік,
еңбексүйгіштігік,
тапқырлық,
толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерін көрсетеді және дамытады.
Осындай
қызметте балалардың ұйымдастырушылық
және
құзыреттілік
қабілеттері туындайды және көрінеді.
Оқыту процесінде ортаның тәрбиелік әлеуетін пайдалану маңызды.
Осы идеяны іске асыру баланың әлеуметтік байланыстар шеңберінің
молаюына және кеңеюіне, оқу қызметі мен оқу тапсырмаларын өмір
шынайылығына жақындатуына, пәндік білімдер шеңберінде балалардың
түсініктерін кеңейтуіне, оқушылардың
мектепте болған сәттері туралы
әсерлерін ұлғайтуына мүмкіндік береді.
Оқушылардың қоршаған әлеммен байланысы өрістеуі салдарынан олардың
іс-әрекетіне тек педагогтардың ғана емес, сонымен қатар басқа адамдар
тарапынан да түзетулер жасалуда. Осы ойды қамтамасыз ету үшін ең алдымен,
32
тәрбие процесінің құрылымын өзгерте отыра мектептің мүмкіндігін барынша
пайдалану керек: оқу процесінің
сынып көлемінде шектелуін азайту,
сабақтарды мектептен тыс орындарда өткізу. Жағдайды ауыстыру балалардың
зейінін
белсендіруге
жағдай
туғызады,
оқушылардың
танымдық
қызығушылығын дамытады, сондықтан мұғалімдер жоспарлаған кезде жақын
мекемелер, жергілікті кәсіпорын базасы, шаруашылықтары, кітапханалар,
аурухана, дәрігерлік пункт, дәріханалар бар екенін ескере отыра, оқу
сабақтарын мектептен тыс жерде өткізуді көздеуі тиіс. Мысалы, математикадан
«Масштаб»
тақырыбын
өту
кезінде
(6-8
сыныптар),
сабақты
тігін
шеберханасында,
құрылыста, жерге орналастырушының
кабинетінде, ал
диаграмманы құруға арналған (6-7 сыныптар) сабақтарды – жылыжайда,
зоофермада және т.б. орындарда өткізуге болады. Табиғатта өткізілген
сабақтың тәрбиелік әлеуеті артады.
Мәселен,
өсімдіктер
мен
жан-жануарлардың
алуан
түрлілігі,
организмдердің құрылысы және тіршілік әрекеті, олардың бір-бірімен және
өмір сүру ортасымен өзара байланысы – осы және биология бойынша басқа
сабақтарды табиғатта оқыту тиімдірек.
Жаратылыстану саласы пәндерінің мазмұнын түсіндіруде білім алушыларға
біліммен қатар, қазақ халқының
тағылымы мол тәрбиелік мұрасын жете
меңгерту қажет.
Заманауи мектептегі оқу процесінде ұлттық тәлім-тәрбиені қолдану оң
нәтиже беретіні дәлелденген. Мысалы, кезінде ата-бабаларымыз үй тұрмысына,
тіршілікке қажет заттар мен бұйымдарды қолдан жасаған, табиғатпен тілдесе
білген. Сол арқылы қазақ халқы өмір сүрген ортасының географиялық
жағдайына қарай өздерінің материалдық, биологиялық және әлеуметтік
қажеттіліктерін қанағаттандырып отырған.
Қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланысты болған. Табиғат
өнімдерін бір-біріне қосу арқылы тұрмысқа қажетті заттарды алу жолдарын
меңгеріп қана қоймай, өнімдерді қалдықсыз, үнемді пайдаланған. Себебі
табиғатты сақтау және қорғау, жер қойнауындағы байлықты ысырапсыз
пайдалану – өзін асырап-сақтап отырған Жер-анаға деген құрмет деп түсінген.
Мысалы,
химия
сабағында (8-сынып) «Металдар» тарауын өткен кезде жаңа
сабақты түсіндірмес бұрын оқушылар басқа пәндерден алған білімдері негізінде
келесі сауалдарға жауап береді:
– Адамзат баласына ертеден қандай металдар таныс?
– Ертеде металл қандай мақсатта пайдаланылды?
– Қазақ металдан қандай бұйымдар жасады?
– Зергерлік өнерде қандай металдар қолданылады? т.б.
Оқушыларға металл тұрмыста және шаруашылықта заттар мен зергерлік
бұйымдар ретінде таныс деген қорытынды жасалады.
Сабақ соңында оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін
тақтадағы сызбаға жауап қайтару арқылы тексеруге болады (3-кесте).
33
3-кесте – Жаңа оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтау сызбасы
Металдар
Осыған дейін не білдім?
Қандай жаңа ақпарат
(білім) алдым?
Жаңа білімді қайда
қолдана аламын?
Достарыңызбен бөлісу: |