51
үлгерім сапасына теріс әсер етті. Оқыту процесінде теориялық білімдерді
меңгеруге ерекше көңіл аудару практикалық біліктер мен дағдыларды
қалыптастыруға кері әсер етті. Осыған байланысты Л.В. Занков ұсынған оқыту
принциптерінің барлығы бірдей педагогикалық ғылымда бекімеді.
В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі
білім алушылардың танымына,
танымдық қызметіне бағытталды. Егер дәстүрлі жүйеде оқыту жекеден
нақтыға,
дарадан
жалпыға,
абстрактылыға,
тұтасқа
бағытталса,
В.В.Давыдовтың
оқыту
жүйесінде
керісінше,
жалпыдан
жекеге,
абстрактылыдан нақтыға бағытталады және білім өтілу жағдайын талдау
арқылы меңгеріледі.
Білім алушылар оқу материалынан осы білімнің
мазмұны мен
құрылымының нысанын анықтайтын негізгі, маңызды, ортақ қатынасты табуға
үйренеді, бұл қатынасты олар оқу материалының қасиеттерін таза күйінде
зерттеуге мүмкіндік
беретін ерекше пәндік, графикалық немесе әріптік
үлгілерде жаңғыртады; білім алушылар іс-әрекетті ақыл-ой тұрғысынан
орындаудан ішкі тұрғыда және керісінше орындауға ауысуды үйренеді.
Берілген жүйе оқыту практикасында жан-жақты қолданылуда
және енгізілуде
[19].
Оқыту практикасында бұл түрлердің қолданылуы белсенді деп аталатын
әдістерді туындатты, яғни олардың негізінде оқытушы мен білім алушылардың
диалогтық өзара іс-әрекеті бар.
Оқытудың белсенді әдістері, дұрыс қолданған жағдайда, бір мезгілде үш
оқу-ұйымдастыру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретініне назар аудару керек:
–
оқыту процесін мұғалімнің басқару әрекетіне бағындыру;
–
оқу қызметіне даярланған оқушылармен қатар, даярлығы жоқ балалардың
белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
–
оқу материалын меңгеру процесіне үздіксіз бақылау орнату.
Бұл
орайда
тәрбиелік
қарым-қатынасты
қалыптастырудың
негізгі
психологиялық- педагогикалық принциптеріне сүйену қажет.
Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: