Дене тәрбиесінің мақсаты:
шаруашылық пен әлеуметтік мәдени
құрылымның түрлі салаларындағы шығармашылық еңбекке қабілетті, дене
тәрбиесі мен спорт дағдыларын Отан қорғау жолында пайдалануға әзір, жан-
жақты жетілген шымыр, мықты, дені сау тұлға және физиологиялық жағынан
толық дамыған ұрпақтарды өмірге алып келетін болашақ аналарды тәрбиелеу.
Осындай мақсатқа жету үшін дене тәрбиесінен мектептен алған
дайындығы да өзінің тиісті үлесін қосады.
Дене тәрбиесі бағдарламасы білім беру міндеттерін толық шешуді
анықтайды, атап айтқанда:
− идеялық және адамгершілік сенімнің сапасын қалыптастыру;
− тәрбиелік және еңбексүйгіштік;
− спорт және дене шынықтыру жаттығуларымен ықылас қойып
шұғылдану;
− жастарды өмірге белсенділікке тәрбиелеу;
− денсаулықты нығайту, тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру;
− салауатты өмір сүру мен демалысты ұйымдастыру дағдыларын
қалыптастыру;
− таңдаған спорт түрінен шеберлікті жетілдіру;
−
болашақ
кәсіптік
мамандықтың
ерекшеліктеріне байланысты,
еңбекке деген психикалық даярлықты қалыптастыру. Споттық үйірмелер,
дене
шынықтыру
клубтары,
мектептегі
секциялар,
балалар
мен
жасөспірімдерге арналған спорттық
мектептер оқушыларға
қоршаған
ортадағы жағымсыз
әрекеттерден
қорғауға көп көмектерін тигізеді.
Мектептерде дене шынықтыру пәніне, спорттық жарыстарға, сабақтан тыс
өткізілетін әр түрлі спорттық іс-шаралар мен жарыстарға көп көңіл бөлінуі
керек.
46
Бұл сабақ мамандырылған педагогтардың көмегімен баланы өз бетімен
өмір сүруіне, өзінің алтын уақытын бағалай білуіне, күн тәртібін дұрыс
ұйымдастыруына, өз- өзіне бақылау жасап, сын көзбен қарауына жол ашады.
Дене шынықтыру сабағындағы әр түрлі ойындар баланы тек татулық пен
бірлікке
ғана шақырып
қоймай, оның
санасезімін
өмірдегі
әр түрлі
жағдайлардан оңай шығып кетуіне көмектеседі.Бала жеке бір спорттың түрімен
айналысса, ол өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, мінез-құлқын дұрыстап, жасаған
қателіктерін сараптап, оны қайталамауға үйренеді. Дене шынықтырумен және
спортпен айналысу баланы адал, ар-намысы жоғары, ішкі де сыртқы дүниесі
бай болуына әсер етеді. Тек қана спорт алаңдарында емес, өмірде де өз
күштерінің жемістерін көретін болады. Мұндай қасиеттер қазіргі егемен
Қазақстанымыздың жас ұрпақтарына өте қажет.
Қазақстандық мектеп оқушыларының салауатты өмір салты проблемасын
зерттеу қазіргі кезде мектеп тәжірибесіне оқушылардың валеологиялық
сауаттылығын, салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ететін түрлі
сауықтыру бағдарламалары кіргізіліп жатқанын көрсетті. Әдетте, мектептерде
жекелеген сауықтыру шаралары ұйымдастырылады, өкінішке орай, олар көп
жағдайда оң нәтиже бермей жатады. Сондықтан денсаулық шығармашылығы
бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балалық – адам өміріндегі
ерекше бірегей кезең, ол өмірге даярлық емес, белгілі бір, тек соған ғана тән
қажеттіліктер мен мүмкіндіктер шеңбері бар өмір деген қорытынды жасалды.
Әдебиет талдаулары көрсеткендей, салауатты
өмір салтын рухани-
адамгершілік саулық, оңтайлы қозғалыс тәртіптемесі, жеке гигиена, құнарлы
тамақтану,
жақсы көңіл-күй,
бейәлеуметтік
әдеттерден
(темекі шегу,
алкогольдік сусындар мен еліткіш заттарды қолдану) аулақ болу және т.б.
ерекшеліктер сипаттайды.
Жоғары сынып оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру
жоғары сыныптардағы оқу курстарының мазмұнын жаңартуды талап етеді.
Балалардың денсаулығы туралы құжаттардың талдауы, ғылыми түпнұсқалар
мен Қазақстан мектептерінің педагогикалық тәжірибелерін жүйелеу және
қорытындылау жоғары сынып оқушыларында салауатты
өмір салтын
қалыптастырудың келесі міндеттерін құрастыруға мүмкіндік берді:
−
өзінің
және
айналасындағылардың
денсаулығына
құнтты,
жауапкершілікпен қарауды дамыту;
− дене және адамгершілік тұрғыдан жетілгендіктің маңызын ұғыну;
денсаулық сақтау маңыздылығындағы сенімді қалыптастыру;
−
санитарлық-гигиеналық
мінез
құлық
дағдылары мен
әдеттерін
қалыптастыру; адамгершілік орнықтылық, бейәлеуметтік әдеттерге қарсы тұру
біліктерін тәрбиелеу;
− салауатты өмір салтын қалыптастырумен байланысты өздігімен білім алу
мен өзін-өзі кемелдендіру біліктерін және дағдыларын дамыту;
− көпшілік қорғау және санитарлық-гигиеналық ұйымдарында белсенді
қоғамдық пайдалы қызметке ұмтылуын дамыту;
− шаршағандық аясында ой жұмысына қабілеті мен психикалық күш салу
біліктілігіне төселу.
47
Осы міндеттерге сәйкес, тәжірибе жолымен жоғары сынып оқушыларында
салауатты өмір салтын қалыптастырудың үлгілік мазмұны әзірленді және
тексерілді, ол білім, білік, дағды, қарым-қатынас сияқты негізгі төрт
компоненттен тұрады.
Жоғары сынып оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыруда
аталған компоненттер мазмұны ескеріле отыра, жалпы орта білім беретін
мектептердің
10-11-сыныптарына
арналған
«Химия»,
«Биология»,
«География», «Дене тәрбиесі» курстары бойынша оқу бағдарламалары мен
оқулықтарына талдау жүргізілді. Талдау барысында аталған курстардың
салауатты өмір салтын қалыптастыруда айтарлықтай әлеуеті бар екені
анықталды.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтының маңызын кеңірек ашуға
мүмкіндік беретін, жоғары сынып оқушыларында адам денсаулығы туралы
тұтас көрініс қалыптастыратын жүйеқұраушы түсініктер, ғылыми ережелер,
заңдылықтар енгізу жолымен бағдарламалар мазмұнын жаңарту қажет. Зерттеу
проблемалары бойынша теориялық жағдайды зерделеу сабақтағы және
сабақтан тыс жұмыстағы денсаулық сақтау технологияларын анықтауға
мүмкіндік берді. Осындай технологиялардың екі түрін бөліп көрсетуге болады:
– оқушыларда салауатты өмір салтымен байланысты білім, білік, дағды,
қарым-қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологиялар;
– денсаулық сақтау білім беру ортасын қалыптастыру технологиялары.
Бұл технологияларды кешенді түрде қолдану оқушыларда салауатты өмір
салтының тиімді қалыптасуына мүмкіндік береді. Тұлғаға бағдарланған оқыту
ережелеріне сүйене отыра (Е.В. Бондаревская, В.В. Сериков, И.С. Якиманская),
педагогтар мен оқушылардың мақсатты іс-әрекеті ретінде, педагогикалық
процеске қатысушылардың диалогы ретінде сабақтар мен сыныптан тыс
шаралар әзірленді. Осы іс-әрекет барысында мұғалім жоғары сынып оқушысын
қоршаған шынайылықты және өзін-өзі сыни қабылдауына, рефлексияға және
өзін-өзі тануына қозғау салды. Мектептің жоғары сынып оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескере отыра, мұғалім өз көзқарасын күштеп таңбай, жеке
ұстанымын дәлелдей отыра, жасөспірімдер мен қыз балаларға денсаулық
проблемасын шешуде өз нұсқасын таңдауын ұсынады.
Денсаулық сақтау ортасын құруға бағытталған технологиялар арасынан оқу
іс-әрекетінің оңтайлы режимін, санитарлық-гигиеналық, тамақтану, қозғалыс
белсенділігі талаптарын сақтауды ұйымдастырудың құралдары мен әдістерінің
жиынтығын бөліп көрсетілді. Ұжым мүшелері арасындағы адамгершілік
қарым-қатынастар,
жағымды
психологиялық
ахуал,
жоғары
сынып
оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту шараларын іске асырудағы
бірізділік, педагогикалық процеске қатысушылардың дене, психикалық және
адамгершілік денсаулығына білім беру ортасының әсерін жүйелі түрде
диагностикалау білім беру ортасын сауықтырудағы құралдар мен әдістер
жиынтығын денсаулық сақтау технологияларына жатқызуға толық негіз берді.
Оқушылардың денсаулығын қалыптастыруға әсер ететін проблемалар мен
неғұрлым агрессивті ықпалдар көрсетілді:
48
– Мектептегі денсаулық сақтау ісі акция сипатында болады, тұтас жүйе,
бөлінбейтін тұрғы жоқ. Денсаулық сақтау – бұл үнемі жүйелі түрде
жүргізілетін жұмыс.
– Денсаулық сақтау сапасын басқарудың негізінде өлшемдік бағалау жүйесі
жоқ.
– Оқу және оқудан тыс жүктемелердің шамадан артық көлемі, оқыту
процесін қарқындандыру, сол сияқты ақпаратты меңгеру үшін уақыттың
жеткіліксіздігі – оқушы психикасына зақым келтіретін фактор болып табылады,
ал ұйқы мен серуен ұзақтығының азаюы, дене белсенділігінің кемуі дамушы
ағзаға стрестік әсер етеді.
– Дене белсенділігінің төмендеуі – оқушы денсаулығын нашарлататын
факторлардың бірі. Дене белсенділігінің тапшылығы төменгі сыныптарда
35-40%, жоғары сынып оқушыларында – 75-85% құрайды. Дене тәрбиесі
сабақтары өте аз дәрежеде (10-18%) қозғалыс тапшылығын қалпына келтіреді,
бұл денсаулық жайындағы ауытқушылықтың алдын алу үшін жеткіліксіз.
– Балаларда және жасөспірімдерде салауатты өмір салтының біліктері мен
дағдыларын қалыптастыруда гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің заманауи
жүйесі баламалығының, өз денсаулығына саналы және жауапкершілік
қатынасының
жеткіліксіздігі
оқушылар
денсаулығының
нашарлауына
айтарлықтай себеп болып отыр [18].
«Денсаулық мәдениеті мектептегі денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру
факторы ретінде» тақырыбы бойынша өткен педагогикалық кеңестердің бірінде
Астана қаласындағы № 6 мектеп гимназиясы ұжымы білім беру процесінде
бала ағзасының қалыпты қызметіне өмірлік маңызды әсер ететін элементтерді
анықтады. Денсаулық
мәдениетін анықтайтын элементтер жиынтығына:
денсаулық сақтау шарттары ескерілген сабақты ұйымдастыру мен өткізу,
оқушылардың әлеуметтік-психологиялық саулығы, мұғалімнің денсаулығы
және
ұжымдағы қолайлы көңіл-күй микроклиматы жатады. Денсаулық
мәдениетін қалыптастыру процесіне бөлінбейтін үш буын қатысады: оқушылар,
оқушылар – мұғалімдер – ата-аналар. Әрине, бұл тізбектегі ерекше назар
аударуды талап ететін негізгі буын – балалар болып табылады. Мұғалімдердің
де, ата-аналардың да алаңдауына негіз бар. Оқушылардың денсаулығындағы
проблемалар қаншалықты қауіпті екеніне көз жеткізу үшін медициналық
тексеріс қорытындысын талдау жеткілікті. Мысалға Астана қаласындағы бір
мектеп көрсеткішін алайық (көп жағдайда көрсеткіштер ұқсас болғандықтан,
мектеп нөмірін көрсету қажет емес деп санаймыз): 652 оқушының 190-ның
денсаулығында ауытқу бар, 5 оқушыда келбеті бұзылған, 7-уінде жалпақ табан,
32 оқушы созылмалы гастритпен ауырса, келесі сырқаттар бойынша науқас
оқушылар саны бұрынғы деңгейде қалып отыр: бронхиалды астмамен (3),
семіздікпен (3), онкологиялық
сырқатпен (2), вегетативтік тамырлы
дистониямен (9), қояншықпен (2), зәр шығару жолдарының инфекциясымен (7)
ауырады.
Егер бұл тізбеге шаршағыштық тудырған невроз, психикалық бұзылуларды,
ағзаның әлсіреуін қосса, науқас балалар саны бұдан да көп болары анық. Бұл
жағымсыз динамиканы тоқтату – оңай міндет емес. Бұл арада барлық тәсіл де
49
жақсы: әрбір ата-ана мен мұғалімге мәлімделген сынып парақшасындағы бала
денсаулығы туралы ақпарат та, мұғалімнің өз жұмысын оқушылардың тәулік,
жыл мезгілі ішінде, жасына қарай өзгеруі мүмкін жағдайын ескере отыра
жоспарлауы да, сабақтағы сергіту минуттарының жүйесі де т.б. Педагогтардың
осындай егжей-тегжей жұмысын ата-аналар байқап, тиісінше бағалауы қажет.
Аталған проблемалардың шешу үшін кешенді жүйелі шаралар қажет:
− оқушылар денсаулығының қалыптасуына ықпал ететін, денсаулық сақтау
білімін беруді іске асыру жолдары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, бар
тәжірибені белсенді қолдану;
− оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін жүйелі түрде ұйымдастыру.
Педагогикалық ұжым денсаулық сақтау ортасын құрылымдау біліктерін
үш бағытта:
− оқу қызметінің мазмұны мен түрі арқылы;
− кабинетті жабдықтау арқылы;
− оқушылармен және әріптестермен өзара іс-әрекет ету стилі арқылы
меңгеруі тиіс.
Мақсаты өз денсаулығы үшін жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлғаны
тәрбиелеу болуы тиіс профилактикалық әрекет етудің келесі бағыттарын
анықтау қажет:
− денсаулыққа құндылық ретінде жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру
бойынша әлеуметтік тәжірибені белсендіру;
− оқушылардың әлеуметтік-психологиялық дамуына және денсаулығына
компьютер клубтарының, ойын автоматтарының, интернет ресурстарының
әсерін оңтайландыру;
−
тұлғалық дамудың заманауи технологияларын (интерактивті әдістер,
рөлдік ойындар, пікірталастар, тұлғалық жобалар және т.б.) қолдану арқылы өз
өмірі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты шешім қабылдауға қабілетті
тұлғаны жетілдіру
;
− мектепте оқыған уақыттың барлық кезеңінде балалардың түсінігі мен ой-
өрісін салауатты өмір салты саласындағы заманауи ғылыми білімдермен
кеңейту және байыту, сол сияқты пәндік оқыту ортасын жасау;
− оқушылардың жас ерекшеліктеріне үнемі бағдарлану, денсаулық сақтау
және нығайтудың алғышарты ретінде салауатты өмір салтына мотивацияны
дамыту.
Сонымен, мектеп балаға өз денсаулығы туралы ойлау қажеттігін үйрете
алады және үйретуі тиіс. Оны салауатты өмір салтын ұстануына не
ынталандыруы мүмкін? «Бұл маған қажет» - міне, тек осындай мотивация ғана
іс-әрекетке қозғау салады және тұлға үшін мәні мен мақсаты болады.
Оқушылардың
бойында салауатты
өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу,
денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну, дене тұрғысынан
жетілуіне қол жеткізу қажет.
|