Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


 Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың экологиялық



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата07.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#86096
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
2.3.2 Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастыру
Қазір халықаралық деңгейге көтеріліп отырған қоршаған орта жағдайы
экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне әкеледі. Адамзат өркениетінің
дамуының әр түрлі кезеңдерінде адам мен табиғат арасындағы қатынастардың
түбегейлі өзгеріп отырғаны белгілі.
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім және тәрбие беру мәселесі
мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және
қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды
заңдар мен құжаттар қабылданды. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы»
(2003ж.) көпшілікке экологиялық
білім мен тәрбие берудің өміршең
бағдарламасын нақтылап берді [17].
Қазақстанда қолайсыз экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың
денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық шығынға да ұшыратады.
Сондықтан экологиялық қауіпсіздік – мемлекет аймақтарының стратегиялық
міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздік халықтың тұрмыс
жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін де қамтамасыз етеді. XXI
ғасырдың
күн тәртібінде экологиялық
білім
өзіндік мақсат емес, ол
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет.
Экологиялық білім беру − адамзат қауымының қоғамның, табиғаттың және
қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру.
Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану
барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті
экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу бастапқы
орын алады. Әуелден әр түрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің өзін
қоршаған жансыз табиғатпен және тірі табиғатпен қарым-қатынасын
зерттеумен шұғылданып келген экология ғылымының даму логикасы, ерте ме
кеш пе, оны адамның өзін
қоршаған ортамен
қарым-қатынастары
проблемасымен шұғылдануға жетелеп әкелуі тиіс еді, себебі адамзаттың
ортамен қарым-қатынасы қаншалық алшақтап кетсе де, ол Биосферада белгілі
бір орын аталатын күрделі жүйенің бір бөлігі болып қала береді.
Білім беру саласы алдында тұрған жаңа міндеттердің бірі – жас ұрпақтарға
экологиялық тәрбие беру. «Табиғаттың әр беті терең мазмұнға толы бірегей


41
кітап» – деген И. Гёте. Мазмұнға толы табиғатымызды сақтап қалу
экологиялық білімді талап етеді.
Экологиялық білім беру төмендегі іс-әрекеттердің дамуына бағытталған:
– табиғи ресурстарды үнемдеу;
– қоршаған ортаның ластауын тоқтату;
– табиғи экожүйені сақтау;
– қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық
нормаларын сыйлауды меңгеру;
– қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға
белсенді түрде қатысу.
Экологиялық мәселелердің нақты іс-тәжірибесімен танысу мақсатында
ауылшаруашылық немесе өндірістік нысандарға әдістемелік жағынан дұрыс
ұйымдастырылған экскурсия оқушыларға экологиялық білім беруде басты
міндеттердің бірін шешуге, қазіргі заманғы өндірістердің ғылыми негізін терең
түсінуге, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың проблемаларын
молырақ білуге ықпалын тигізеді. Мұндай экскурсияның оқушыларға көп
пайдасы бар. Қазіргі заманғы өндірісте ғылыми білімнің зор роль атқаратынын
көрсетеді. Оқушылар экскурсия барысында
өндірістік жаңашылдармен
кездеседі. Мұндай кездесулер оқушыларға адамгершілік тұрғыдан да оң әсер
етеді.
XXI ғасырдың басында әлемдік және аймақтық әлеуметтік-экологиялық
проблемалардың
лайықты 
шешілуі 
«орнықты 
даму» 
түсінігімен
байланыстылырып отыр. «Экология» пәні жеке мектеп бағдарламасына
енгізілмеген. Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін басқа пәндерде
тақырыпқа сәйкес пәнаралық байланыс негізінде немесе жеке
үйірме,
факультативті сабақ түрінде жүргізіледі.
Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған
ортаны қорғау тәсілдері тек экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру
нәтижесінде ғана іске асырылады. Осы орайда елімізде жасөспірімдерге
үздіксіз экологиялық
білім беруді
ұйымдастыру барысында
ұстаздың
тапқырлығы мен жаңа әдіс-тәсілдерді оқу процесінде пайдалана алу ептілігінің
бүгінгі күн тәртібіне қойылуы − орынды жағдай. Сондықтан да мектеп
қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру барысында
модульдік технологияны пайдаланған дұрыс.
Модуль дегеніміз – міндетті түрде оқушының білімі мен біліктіліктерін
тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді
құрастыру кезінде пәннің жұмыс бағдарламасы негізге алынады. Пәннің
тақырыптарына сәйкес немесе өзара байланысты тақырыптар болады. Көбіне
тақырыптарға сәйкес мәселелер сыныптан тыс қарастырылып отырады. Оқу
модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады:
кіріспе, сөйлеу және қорытынды. Біз ұсынатын модуль «Сабақтың түрлері,
құрылысы» тарауына арналған.
Сабақты өткізу барысында оқушыларға өсімдіктің тірегі сабақ екенін, ол
жер асты және жер үсті мүшелерін қосатын дәнекер екенін дәлелдеу, өсімдіктің


42
жер асты, жер үсті мүшелерімен таныстыра отырып, өсімдікке қажетті орта
жағдайлары мен сабақтың түрлері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың сабақ туралы білімін тереңдету.
Тәрбиелілігі: өсімдіктер үшін сабақтың маңызын түсіндіре отырып,
өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу мақсатында қолданылған сабақтардың бірі.
Өсімдік тірегі – сабақтың түрлері, өсімдікке қажетті орта жағдайлары «Сұрақ-
жауап» әдісі арқылы оқыта, көрсете үйрету ойыны арқылы жүзеге асады.
Сабақтың мақсаты
:
өсімдіктің тіршілігі үшін сабақтың маңызын айқындау.
Өсімдіктің жер асты және жер үсті сабақтары мен (түрі өзгерген сабақтармен)
олардың атқаратын қызметімен таныстыру,
өсімдіктің көп түрлілігімен
таныстыру. Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды
қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті
құрал-жабдықтар
мен
көрнекіліктер
:
оқушылардың өзіндік
эмблемалары және сабақ
түрлерінен гербарийлер жинақтауға арналған
материалдар.
Оқушылармен топ құра жинақталып, саяхат барысында жеке қауіпсіздігіне
аса назар аудару қажеттігін түсіндіру. «Сабақ – өсімдік тірегі» атты сыныпта
өткен тақырыбын әңгімелей отырып, тірек сызбаларды еске түсіру. Сынып екі
топқа бөлінеді, ойын шарты және тапсырма түрлерімен таныстырылады.
Топтар тапсырмаларды таңдап алады да оларды орындауға белсенді түрде
кіріседі. Топ тапсырмалары бойынша жұмыс үстінде саяхат барысында
қойылған сұрақтарға, сабақ түрлерін мысалға келтіре отырып жауап беріп
отырады.
Бұдан соң мұғалім тақырып мазмұнына сәйкес өсімдіктің өсу бағытымен,
қарапайым
және
күрделі 
сабақтармен 
таныстырады.
Шығармашылық
сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше
рет қайта оралу әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз
қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға
көмектеседі.
Әр топ өз тапсырмаларын мұқият орындап, гербарилер жинақтайды.
Табиғат жағдайына аса назар аударылады. Табиғат аясында өсімдіктердің
маңызы туралы сұрақ-жауаптар қойылып пікір-талас өткізіледі. Әрбір топ өз
тапсырмалары негізінде күнделіктеріне белгілер қояды. Бұл сабақ модульдің
сөйлесу бөліміне кіргендіктен сабақтың ұйымдастырылу формасы сыныптан
тыс әр оқушы белсенді әңгімелесу үстінде болады.
Топ мүшелері өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында
не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен
немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу
модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық
сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, бір-біріне
табиғат құбылыстары сабақ түрлерін көрсетуі мен түрлі ғылыми көздерді
пайдалануы жұпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу
бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде Венн диаграмасын, сөзжұмбақ,
бейнесөз, сөзтізбек, шытырман, сурет-тапсырма, сұрақ-жауап, тест-тапсырма


43
тақырыптың ерекшелігіне орай шығарма немесе диктант қолданылады.
Модульді қорытындылау сабақтың «Тапқырлар әлемі» бөлімінде беріледі.
Экологиялық білім мен тәрбие беру процесінде жаңа технологияларды
пайдалану оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу
икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді. Егер әрбір сабақ сыныпта және
сыныптан тыс болса, оқыту технологиясының құрылымының төмендегідей
нұсқасын ұсынуға болады:
– Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;
– Балалардың тапсырманы немесе модульді таңдауына белсенді қатысуы;
– Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндай келе, миға шабуыл
технологиясын пайдалана отырып, тақтаға белгілер жүйелері – сызбалар,
тақырып бойынша сөздер т.б.түсіру;
– Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру
және әрбір оқушының іс-әрекетін әр сабақта бағалап отыру;
– Жалпы тақырыпқа, тарауға қайта оралу негізінде оқу материалын
бекітуде оқушылардың белсенділігін арттыру;
– Сыныптан тыс жұмыста оқушылардың табиғатты қорғауға қатыстыру;
– Сыныптан тыс жүйеде оқушыларды ғылымға баулу;
– Сабақты ойын түрінде өткізу арқылы оқушылардың белсенділігінің
арттыру;
– Оқушылардың танымдық, тапқырлық іс-әрекетін пайдалана отырып,
Венн диаграмасын қолданып сабақты қорытындылау.
Пәндерді оқытудағы экологиялық қағида оқу құралдарына қосымша
ұғымдарды енгізуді емес, керісінше, түбегейлі қалыптасқан ұғымдарда жаңа
көзқарастар айқындалып, олардың мазмұндық жағын тереңдетуді талап етеді.
Экологиялық принциптің мазмұнын нақтылай түсетін табиғат пен қоғамның
өзара ықпал аясындағы мынадай негізгі бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
қоғам дамуындағы табиғаттың рөлі, шаруашылық жұмыстары салдарынан
табиғаттың өзгеруі, табиғи ортадағы өзгерістердің әлеуметтік-экологиялық
зардаптары, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты жақсартудың
тиімді жолдары, аймақтық ерекшеліктерді ескеріп табиғат байлығын ұтымды
пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет