44
балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жас және дербес ерекшеліктерінің жеткілікті
ескерілмеуін, гиподинамияны және т.б. жатқызады.
Балалар денсаулығының төмендеуіне сонымен қатар, нашар экологиялық
ахуал, рухани құндылықтардың ауысуы, жекелеген БАҚ және т.б. теріс ықпалы
әсер етеді.
Қазақстандық ғалымдар Б.Ә. Әбдікәрімов, К.М. Кертаева,
Г.С. Сыздықова және т.б. мектептің заманауи
даму жағдайында балалардың
денсаулығын сақтау және нығайту проблемасы медицина қызметкерлері мен
мұғалімдердің бірлескен әрекеті негізінде шешімін табатыны анық деп
есептейді. Халықтың әл-ауқаты, елдің өндірістік әлеуеті және қорғаныс қабілеті
орта мектеп түлектері денсаулығының жай-күйіне байланысты.
Ресей статистикалық деректері дәлелдегендей, 2002 жылдың 1 шілдедегі
жағдайы бойынша жалпы білім беретін мектеп түлектерінің тек 6-8% ғана
денсаулығы жақсы деп танылды, әрбір екіншісінің морфофункционалды
патологиясы, 42% – созылмалы дерті бар.
Ресейдің он бір аймағында
жасөспірімдер арасында маскүнемдік деңгейі 72% -дан 92%-ға дейін, ал қыздар
арасында 80% -дан 94% -ға дейін өзгеріп отырады [18].
Денсаулық мәдениеті туралы білімінің болмауы және денсаулығына
салғырт қарауы себепті жоғары сынып оқушыларының 40%-да салауатты өмір
салты теориясы туралы түсінігі жоқ екені анықталды.
Бүгінгі күнге дейін бізде өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын
қалыптастыру процесі дене тәрбиесімен теңестірілді. Алайда мәңгіру (стресс)
мен невроз, агрессивтілік пен немқұрайдылық, әлеуметтік дерт пен
экологиялық нашар жағдайларда өмір сүру ғасырында
оқушы жастардың
денсаулық мәдениетін қалыптастыру бойынша қойылған міндеттерді шешуде
дене тәрбиесінің шамасы жетпейтінін өмір көрсетті.
Тәрбиеде «оқушылардың
денсаулық
мәдениетін
қалыптастыру»
деп
аталатын жеке дербес саласын айырып көрсетудің өзекті қажеттілігі туындады.
Балаларға ерте жастан бастап денсаулық сақтау саласындағы білім, білік
және әдеттерді сіңіру мүмкін, олар соңынан адамның жалпы мәдениетінің
маңызды құрамдасына айналады және барлық қоғам өмірінің салауатты өмір
салтын қалыптастыруына ықпал етеді.
Салауатты өмір салтына үйрету – мақсатты, жүйелі және ұйымдасқан
процесс. Оқытуды дәл осылай ұйымдастыру ғана
балаларда денсаулық сақтау
туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді және оларды салауатты өмірді
зияндыдан ажыратуды үйретеді, алдағы уақытта өзінің және өзгелердің
денсаулығын сақтауда көмектеседі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін басты үш мақсатты бөліп
көрсетуге болады:
а)
ғаламдық
– өскелең ұрпақтың дене және психикалық денсаулығын
қамтамасыз ету;
ә)
дидактикалық
– денсаулық сақтау саласында балаларға жарақаттанудың
алдын алуда мектеп оқушыларын қажет білімдермен қаруландыруға мүмкіндік
беретін білік, дағдылар мен әдеттерді меңгерту арқылы денсаулығын,
еңбекке
қабілетін және ұзақ өмір сүруін сақтауына ықпал ету;
45
б)
әдістемелік
– оқушыларды адам өмір сүру процесінің физиологиялық
негіздері, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, соматикалық аурулардың,
психикалық ауытқулардың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың
алдын
алу білімдерімен, сол сияқты ағзаға психотроптық заттардың зиянды
әрекеті туралы білімдермен қаруландыру.
Салауатты өмір салтының осы ережелерін қалыптастыру жауапкершілігі, ең
алдымен, мектепке жүктеледі, себебі мектеп – тек білім беру мекемесі ғана
емес, бұл – бала өз өмірінің көп бөлігін өткізетін, балалықтың ерекше әлемі.
Осыдан барып, балалық экологиясы көзқарасынан, заманауи мектептің білім
беру ортасына қарау қажеттілігі туындайды.
Бұл орайда жаратылыстану,
биология, химия
сияқты
пәндердің
рөлі
ерекше.
Алайда,
көбінесе
оқушылардың мектепте осы пәндер бойынша алған білімдері өмірден алшақ
жатыр.
Денсаулықты нығайтудың негізгі құралы ретінде дене тәрбиесі мен
спорт жас ұрпақтың адамгершілік және әлеуметтік жағынан қалыптасуына
ықпал етеді, олардың бойына салауатты өмір
салтының берік дағдыларының
дәнін егеді.
Достарыңызбен бөлісу: