Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени бiлiм тұжырымдамасы // Қазақстан Республикасы Президентiнiң № 3058 Өкiмi // 1996 ж. – 15 шiлде



бет3/3
Дата09.12.2016
өлшемі1,55 Mb.
#3548
1   2   3

26. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени бiлiм тұжырымдамасы // Қазақстан Республикасы Президентiнiң № 3058 Өкiмi // 1996 ж. 15 шiлде.


27. Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы // Егемен Қазақстан.

Глоссарий
Адамгершілік – өздігінен қалыптасқан, тұлғаның мүддесі мен бағыттылығын, рухани бейнесі мен тұрмыс дәстүрін анықтайтын, қажеттілігі мен мотивін бақылайтын дара, интеллектуалды-эмоционалды пікірлерге сүйенетін әлеуметтік-психологиялық білім.

Валеологиялық білім және тәрбие (латынның vale – сау бол) – оқушыларда денсаулыққа деген қажеттілікті тәрбиелеу, оларда салауатты өмір салты түсінігінің ғылыми мәнін және сәйкес мінез-құлықтың дағдылануын қалыптастыру.

Дүниетаным – табиғат және қоғам туралы орныққан пікір, көзқарастар жүйесі.

Жалпымәдени құзыреттілік – өзіндік білім алуда және осы орайда туындаған танымдық және өз позициясын анықтау проблемаларын өздігімен шешуде жеткілікті білімдік деңгей.

Көпмәдениеттi білім беружалпы білім берудің этносаралық интеграцияға бағытталған, мәдени-білім құндылықтарын игеруді қарастыратын, этностық және ұлттық ерекшеліктерді тәрбие жұмысының ең маңызды факторы деп есептейтін маңызды кұрылымы.

Оқулық – белгілі оқу пәні бойынша бағдарлама және дидактика талаптарымен белгіленген, оқыту мақсаттарына сәйкес ғылыми білім негіздері баяндалған кітап.

Оқу пәні – қандай да бір ғылымның және осы білім, білікті игеру және қолдану бойынша осыған сәйкес қызметтің негізгі мазмұнын көрсететін білім, білік және дағдылардың педагогикалық бейімделген жүйесі.

Оқытуды ұйымдастыру формалары – мұғалім мен оқушылардың келісілген қызметінің сыртқы көрінісі, ол белгілі бір ретпен және тәртіптемеде іске асырылатын: сабақ, саяхаттар, үйдегі оқу жұмысы, консультациялар (кеңестер), семинар, факультативтер, практикумдар, қосымша сабақтар және т.б. түрінде болады.

Педагогикалық процесс – бала тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысы барысында тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында орын алатын процесс

Педагогикалық тиімділік – қойылған мақсатқа, мұғалімнен басқа өзге факторларды бейтараптандыру арқылы, қол жеткізуге ықпал ететін, алдын-ала дайындалған немесе болуы мүмкін мақсаттармен салыстырғанда оқу мақсаттарының іске асырылу деңгейі

Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың динамикалық және вариативтік негізгі формасы, мұғалім нақты уақыт аралығында оқушылардың белгілі бір құрамымен – сыныппен – тұрақты сабақ кестесі бойынша білім берудің, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін шешу үшін оқытудың түрлі әдістері мен құралдарын қолдануы.

Сабақтың тиімділігі –жұмсалған күш-жігер, қаржы және уақыт тиімділігі (қажеттілік және жеткіліктілік) ескерілген педагогикалық қызметтің қойылған мақсатқа қол жеткізу деңгейі

Таным – объективтік шындық сипаттамаларын санада (дара және ұжымдық) жаңғырту

Тәрбиеұрпақтан ұрпаққа мәдениетті табыстаудың мақсатты процесі.

Тәрбиедегі ықпал – әлеуметтік өзара іс-әрекет процесінде тәрбиеленушінің даралығы, оның мінез-құлқы мен санасының қандай да бір аспектілерін өзгертетін тәрбиешінің қызметі, педагог функциясын іске асырудың түрі.

Тәрбие жүйесі

– тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсаттары, субъектілері, олардың қызметтері, байланысы, қарым-қатынасы, материалдық базасы) өзара іс-әрекеті процесінде туындайтын және ұжымның тұрмыс салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті сипаттамалардан тұратын тұтас әлеуметтік жүйе;



– өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты реттелген, ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.

Тәрбиелік оқыту – оқушылардың білім, білік, дағдыларды алуы, шығармашылық қызмет тәжірибесін игеруі мен әлемге, бір-біріне, меңгеретін оқу материалына эмоционалды-құндылықты қатынас қалыптастыруы арасындағы табиғи байланысқа қол жеткізудегі оқыту.

Тәрбиелілік – тәрбие нәтижелілігінің барынша жалпы көрсеткіші.

Тәрбие процесін ұйымдастыру формалары – осының шеңберінде тәрбие процесі іске асырылатын формалар; тәрбиеленушілердің ұжымдық және даралық қызметін мақсатты ұйымдастыру жүйесі

Экологиялық білім беру  – білім беру ұйымдарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

Экологиялық тәрбие  − бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.

Этностық-мәдени бiлiм − төл мəдениет пен ана тілін əлемдік жəне жалпы мемлекеттік құндылықтармен қоса игеру арқылы жеке тұлғаның, ұлт пен мемлекеттің этностық-мəдени сəйкестілігін сақтап, дамытуға бағытталған білім

А қосымшасы


Оқу процесіндегі тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары

Тәрбие мақсаты – «Мәдениетті тұлға»


  • шығармашыл тұлға


Ә қосымшасы

Химия сабақтарында білім алушы тұлғасын қалыптастыру сызбасы


Азаматтық сәйкестілікті тәрбиелеу



Басқаларға саналы, инабатты және тілектестік көзқарас қалыптастыру




Б қосымшасы

Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие әлеуетін дамыту және іске асыру деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері

Оқушылардың тәрбиелілігі мен әлеуметтілігі

1

Негізгі өмірлік құндылықтарды игеру, қабылдау және мақұлдау

2

Нормативтік мінез-құлық модельдерін меңгеру

3

Бірлескен қоғамдық пайдалы қызмет пен әлеуметтік өзара іс-әрекет ету мотивтерінің қалыптасуы

4

Кіші отан тарихын білуі, оның дәстүрлерін және жетістіктерін мақтаныш етуі; жаңа әлеуметтік-мәдени тәжірибені қабылдауға және меңгеруге даяр болуы

Тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімділігі

1

Отбасылық, кәсіптік-еңбек, азаматтық, бос уақыттағы және т.б. тіршілік әрекетінің салаларына жататын әлеуметтік-рөлдік болжалдар мен ұйғарымдарды меңгеру

2

Жоғары сынып оқушыларында жеке тұлғалық шығармашылық және кәсіптік қалыптасқандық моделінің құрылуы

3

Бей-жай емес азаматтық ұстаным

Мектеп және отбасының тәрбие міндеттерін шешуде бірлесуі

1

Ата-аналардың мектептің тәрбие процесіне белсенді түрде қатысуы

2

Педагогтар мен ата-аналардың қызметтік-рөлдік және тұлғааралық қатынастарының орнықтылығы

3

Педагогтар мен ата-аналардың тәрбие мәселесіндегі құндылықты-бағдарлы бірлігі

4

Ата-аналардың отбасылық тәрбие процесін іске асыруында психологиялық-педагогикалық және әдістемелік көмекке қанағаттануы


Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………...........................

3

1 «Оқыту процесінің тәрбиелік компоненті» ұғымының мәні................

5

2 Мектептік оқу пәндерінің тәрбиелік компонентін іріктеудің ерекшеліктері ................................................................................................

14


2.1 Қоғамдық-гуманитарлық циклы пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту................................................................................................................

14


2.2 Жаратылыстану-математикалық циклы пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту......................................................................................

22


2.3 Мектепті жаңарту жағдайында технологиялық, экологиялық мәдениет және салауатты өмір салтын қалыптастыру................................................

35


2.3.1 Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру ................

35

2.3.2 Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру...................................................................................

40


2.3.3 Мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру ..............................

43

3 Оқу пәндерінің мазмұнындағы тәрбиелік компонентті күшейтудің педагогикалық және психологиялық мүмкіндіктері…………………….

50


3.1 Оқыту процесінің тәрбиелік компонентін күшейтудің психологиялық-педагогикалық аспектілері...........................................................................

50


3.2 Шетел білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінің тәрбиелік аспектісін күшейту тәжірибесі...........................................................................

54


3.3 Заманауи мектептің оқу-тәрбие процесінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.......................................................................................................

59


Қорытынды.....................................................................................................

71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................

73

Глоссарий………………………………………………………………………

75

Қосымшалар.......................................................................................................

77


Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту
Әдістемелік құрал

Басуға 30.05.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет