Мектептегі педагогикалық кеңес


Педагогикалық кеңесті жоспарлау



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,74 Kb.
#97213
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Мектептегі педагогикалық кеңес (1)

Педагогикалық кеңесті жоспарлау:
Әдетте бір оқу жылы ішінде бес педагогикалық кеңес өткізіледі; әр тоқсанда бір рет және оқу жылының аяғында.
Бесінші педагогикалық кеңестің 3 мәжілісі өткізіледі.
1) емтиханға жіберу;
2) емтихан қорытындысы;
3) мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.
Бірінші педагогикалық кеңес жаңа оқу жылы басталмас бұрын, тамыз айының аяғында өтіп, әдетте мектептің жылдың жоспарын бекітуге, өткен жылғы жұмыс талданған директордың баяндамасын және жаңа оқу жылының міндеттерін талдауға арналады. Негізінен 3 мәселені қарауға болады: еңбекті ұйымдастыру, оқу және тәрбие жұмыстары.
Келесі педагогикалық кеңесте оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері талқыланып, оларды жою үшін ғылыми дәлелдері бар ұсыныстарды тәжірибеге еңгізу жолдары белгіленеді.
Әдетте, педагогикалық ұжым әр жылға бір ғылыми-тәжірибелік мәселе қояды. Таңдалған тақырып педагогикалық кеңесте де талқыланып отырады. Мәселен, мектеп биылғы оқу жылында оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін көтеру және адамгершілік тәрбиесі деген екі тақырыпты алып, ол бойынша жұмыс істегелі отыр делік. Жыл бойы өтетін педагогикалық кеңестің жоспары мынадай болады:
Бірінші педагогикалық кеңес - тамыз айында. Қаралатын мәселе:
1. Адамгершілік тәрбиесі бойынша мектептің алдында тұрған негізгі міндеттер.
2. Оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетін белсенді ету тәсілдері туралы ғылыми-педагогикалық еңбектер және озық педагогикалық тәжірибе.
3. Мектептің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Екінші педагогикалық кеңес - қараша айында. Қаралатын мәселе:
1. Балалардың қабілетін дамыту;
2. «Қиын» балалармен жұмыс.
Үшінші педагогикалық кеңес - наурыз айында. Қаралатын мәселе:
1. Қазіргі сабақ қандай болу керек?
а) баяндама: «Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар»;
ә) сабақтарды талдау, іс-тәжірибе алмасу.
2. Мектептегі спорт жұмысы - баяндама және оны талқылау.
3. Мектеп пен отбасының адамгершілік тәрбиесі бойынша бірігіп істеген жұмыстары. Жекелеген сынып жетекшілерінің хабарламалары.
Төртінші педагогикалық кеңес – мамыр айында. Қаралатын мәселе:
4. Мұғалімдер мен оқушылардың өзара қатынасы – мектеп жұмысы туралы баяндама.
5. Емтихан мен балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік.
Бесінші педагогикалық кеңес - мамыр-маусым айлары. Қартылатын мәселе: Емтиханның қорытындысы және оқушылардың келесі сыныпқа көшіру.
Сонымен, барлық педагогикалық кеңестің тақырыптары бір-бірімен байланысты, адамгершілік тәрбиесінің және танымдық белсенділікті көтерудің жекелеген мәселелері талқыланады, аталған мәселені шешу үшін ғылыми зерттеулердің және озық тәжірибиенің нәтижелерін енгізу жолдары аталады, тақырып мектеп өмірімен байланысты. Әдістемелік пән бірлестігінің және мұғалімдердің өз бетімен білім алу жоспарлары да мектеп шешкелі отырған мәселемен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет