Мектептегі педагогикалық кеңес


Педагогикалық кеңесті өткізу



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,74 Kb.
#97213
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Мектептегі педагогикалық кеңес (1)

Педагогикалық кеңесті өткізу
Педагогикалық кеңесте түрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мәселелердің бәрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу керек. Ұжым мәжілістерді, соның ішінде педагогикалық кеңесті өткізу ережесін келісіп алу керек. Ол ережелер: нақты регламент (уақытында бастау), педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерге белгілі бір уақыт бөлу, мәселелердің бәрін сабырлықпен, іскерлік жағдайда талқылау. Барлық сөйлеушілер көтеретін мәселені, құбылысты талдап, оны шешудің нақты жолдары туралы ұсыныстар айту керек.
Мектеп директоры педагогикалық кеңесті бастарда осы ережелерді еске салып, оны қатаң сақтауды талап етеді.
Көп нәрсе директордың талқылауды басқара білуіне, әдептілігіне, көңіл-күйіне, ескертулерінің нақтылығына, сын-ескертулерге дұрыс жауап беруіне байланысты. Директордың беделінің, тапқырлығының, талқыланатын мәселенің мазмұнын терең білуі, мұғалімдерді жақсы білуі, өзін-өзі ұстай білуінің де маңызы зор. Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау үшін істелетін жұмыстар, шешімдер алдын ала әзірленіп, директор жанындағы отырыста талқыланады.
Оны жасарда талқылау қорытындылары, мұғалімдердің пікірлері ескеріледі. Мұндай шешімде талқыланған тақырыптың теориялық негізі баяндалады. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі алдында тұрған міндеттер нақты тұжырымдалады, осы мімдеттерді шешудің кейбір әдістері және тәсілдері, жауапты адамдар, мерзімі көрсетіледі. Педагогикалық кеңестің шешімі хаттамаға жазылып, мұғалімдер оқу үшін мұғалімдер бөлмесіне ілінеді. Шешімде оның орындалу барысын қадағалайтыны туралы айтылады. Бақылау нәтижелері жұмыс барысында талқыланып, ол туралы келесі педагогикалық кеңесте айтылады. Педагогикалық кеңес шешімін орындаудың мәні неде? Ең алдымен мектептің барлық мұғалімдері педагогикалық кеңесте көтерілетін мәселелерді шешуге қатысу керек. Мектеп басшылары педагогикалық кеңес шешімін практикада іске асыру жолдарын көрсетіп, ұстаздар қауымына көмек беріп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет