Тәжірибелік – семинар
Тәжірибелік – семинар – мұғалімдердің кәсіби іскерлік пен дағды шеберлігін жетілдірудегі тиімді форма (диагностикалық, жобалау).
Тәжірибелік–семинар мұғалімдердің білім беруді модернизация-лаудың басыңқы бағытын іс жүзіне асыруда сапалы жұмысқа қажетті мұғалімдердің іскерлік-дағды тәжірибесін жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік семинардың құрамды бөлімі болуы мүмкін.
Мазмұны:
оқу-әдістемелік кешен варианттарын қорғау, білім беру бағдарламаларына теңбе - тең талап;
негізгі оқу курсында сабақтастықтың оқу-әдістемелік кешенді жасау;
оқу және сабақтан тыс жоба варианттарын қорғау;
оқу-тақырыптық жоспар жобасын қорғау;
қазіргі педагогикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған іскерлік қызметті ұйымдасытру және ойлау операцияларын үйрететін ойындар;
аралық аттестация барысында оқушылардың білім сапасын бағалайтын құралдарды жасау;
педагогикалық жағдайды шешу және үлгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |