Ғылыми – тәжірибелік конференция
Ғылыми - тәжірибелік конференция - педагогикалық ұжымның эксперименттік –тәжірибе жұмысының нәтижесін, біріңғай әдістемелік проблемамен жұмыстың қорытындысын шығару формасы, сондықтан ол дәстүрлі оқу жылының соңында өткізіледі.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: тәжірибе жұмысын жүйелеу және жинақтау (озық іс тәжірибенің қалыптасуы).
Ғылыми - тәжірибелік конференцияны өткізу құрылымы:
пленарлық бөлім - әкімшілік, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелерінің істелген жұмыс нәтижесін бағалауы туралы сөз сөйлеуі, жаңашыл – мұғалімдердің және оқушылардың, оқушылардың ғылыми қоғам мүшелерінің іс- тәжірибесі туралы хабарламалары;
пленарлық бөлім - эксперименттік – тәжірибе жұмыс нәтижесін көрсету (сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы видеожазбадан үзінділер, слайдтар, диаграммалар, диапозотивтер, ашық сабақтар мен кеңестер, материалдардың әдістемелік көрмасі);
нақты жаңашыл–мұғалімдер қызметі, ұсынысты дайындау, әдістемелік
шағын журнал жобасын дайындау, жаңа оқу жылында эксперименттік–тәжірибе жұмысының бағыты мен мазмұнына түзету енгізуді талқылау туралы шығармашылық топ (ынталы, проблеманы-зерттеу) жұмысының хабарламасы.
Ғылыми – тәжірибелік конференцияны өткізу құрылымына әдістемелік жұмыстың мынадай формасы енуі мүмкін: әдістемелік
шағын журнал, әдістемелік көрме, мұғалімнің шығармашылық есебі.
Достарыңызбен бөлісу: |