Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Мұғалімнің шығармашылық есебі (шығармашылық, проблемалық – зерттеу тобы)



бет53/100
Дата19.07.2020
өлшемі0,74 Mb.
#75086
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100
Мұғалімнің шығармашылық есебі (шығармашылық, проблемалық – зерттеу тобы)

Мұғалімнің шығармашылық есебі – деген эксперименттік-тәжірибе және әдістемелік тақырып бойынша жеке, топтық жұмыс қорытындыларын шығару формасы.

Мақсат: нәтижені жүйелеу, жиналған тәжірибе жұмысын шығармашылықпен ұғыну, қорытынды құжаттар жобасын дайындау (ұсыныс, әдістемелік бюллетенге мақала, ақпараттық-талдау материалдары, өздігінен білім алу жұмыс жоспарының жобасы, жаңа оқу жылына эксперименттік-тәжірибе жұмысы, т.б.).

Міндеттер:

1. Өзін-өзі талдау дағдысын жетілдіру және талдау.

2. Әдістемелік жұмыстың тиімділігін анықтауға қажетті әдістемелік және ұйымдастыру /срез/ құрал - материалдарымен қамтамасыз ету.

3. Мұғалімнің жұмысын тәжірибеге енгізуге ұсыну үшін қажетті жағдайларды жасаудың іс шаралар жүйесін жобалау.



Мазмұн:

  • жұмыс нәтижесінің қорытынды материалын презентациялау;

  • ұсынылған тәжірибе жұмысына (әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік жетекшісі) әкімшілік мүшелерінің сараптамасы;

  • мұғалімдер тобы мен жаңашыл ұстаздар жұмысының мәні мен өзектілігін иллюстрациялайтын оқу сағаттарының үзінділерін көрсету;

  • презентация материалдарын педагогикалық ұжым мүшелерінің талқылауы;

  • өткен сараптама материалдарын жүйелеу, оны жазбаша реферат, баспа өнімі, шығармашылық есеп түрінде ұсыну /жасау/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет