Тәрбие мазмұны — әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Мектептің тәрбие жүйесі –жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған, реттелген тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі.
Тәрбие жүйесі – білім беру мекемесінің әлеуметтік, табиғи, мәдени орталықтармен өзара байланыс жасайтын бірден-бір ашық жүйе болып табылады.
Мектептің тәрбие жүйесінің әдістемелік ұйымдастыру негізі төмендегідей:
- Мектептің бірыңғай даму тұжырымдамасы, оның Жарғысы.
Салыстыру жинақтаудың қажетті алғы шарты. Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды