Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


Бірінші семестр (1 қыркүйек - 30 желтоқсан)



бет12/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
spravputkz

Бірінші семестр (1 қыркүйек - 30 желтоқсан)


1 қыркүйек

Білім күні.

Қыркүйек

Факультет деканының 1 курс студенттермен кездесуі;

Тіл апталығы.



Қазан

мұражайын аралау;

Студенттік билет пен сынақ кітапшасының берілуі;

Студенттердің ғылыми конференциясының І туры.


17 қараша

Студенттер күні.

Қараша

Студент мәртебесіне ие болу;

Студенттер спартакиадасы;

«Алло, біз таланттарды іздейміз!»


1 желтоқсан

Тұңғыш Президент күні

16 желтоқсан

ҚР тәуелсіздік күні

16-17 апта

Қысқы сессия (емтихан)

18-19 апта

Қосымша сессия

31 желтоқсан

Жаңа жыл

Желтоқсанның соңы - қаңтардың басы

Демалыс/ Тәжірибе


Екінші семестр (29 қаңтар – 30 маусым)


8 наурыз

Халықаралық әйелдер күні

21-22 наурыз

Наурыз

Наурыз

«Дулати университеті Аруы»

Сәуір

Келесі оқу жылына тіркеу




Бос орын жәрмеңкесі




«Студенттік көктем» фестивалі




Студенттердің ғылыми конференциясының 2 туры

1 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі күні

9 мамыр

Жеңіс күні

Мамыр

Ашық есік күні



СТУДЕНТТІК БИЛЕТ ЖӘНЕ СЫНАҚ КІТАПШАСЫ
С туденттік билет пен сынақ кітапшасы – оқу кезеңіндегі сіздің негізгі құжатыңыз. Оны 1 курстың басында деканат береді, ал кейін әр жылдың басында деканның қолы мен мөрі қойылып, құжаттың жарамдылығы ұзартылып отырады. 2020-2021 оқу жылынан бастап сынақ кітапшасын беру тоқтатылып, оның орнына транскрипт қолданылады. Студенттік билет университеттің барлық кешендеріне кіруіне жол береді және көлікте жеңілдікке құқылы екендігін айғақтайтын құжат болып табылады.

Осы құжаттар жоғалған жағдайда кез келген облыстық немесе қалалық газетке хабарландыру беру қажет, содан кейін хабарландыру берілген газетті көшірмесін жасау үшін суретпен бірге деканатқа беру қажет.



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Сессияға жіберілсін» деген штамп флюоропаспорты мен оқу ақысының төленгендігі туралы түбіртектің көшірмесі болған жағдайда ғана қойылады. Қысқы сессияға дейін жалпы оқу ақысының алғашқы 50% құрауы қажет, жазғы сессияға дейін оқу ақысы толық төленуі тиіс.

СТУДЕНТТЕРДІ ТІРКЕУ
Оқу үдерісін оқытудың кредиттік технологиясы кезінде дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты - студенттердің пәндерге тіркелуі болып саналады, яғни студенттердің пәндерді оқуға тіркелуін Тіркеу офисі деканаттар мен эдвайзерлердің қатысуымен ұйымдастырады.

Әрбір ағымдағы оқу жылының аяғында 1, 2 және 3 курс студенттері келесі оқу жылында оқытылатын пәндерге on-line режимінде тіркеледі. Нақты тіркеу мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі. Тіркеудің басталуын студенттерге (кем дегенде 2 апта бұрын) Тіркеу офисі мен деканаттар алдын ала хабарлайды және тіркеу офисіне келуін қамтамасыз етеді.

Ағымдағы оқу жылына 1 курс студенттерін тіркеу 1 қыркүйекке дейін ұйымдастырылады.

Тіркелуден кейін студентке жеке оқу жоспары (ЖОЖ) қалыптасады, оған міндетті және таңдау пәндері кіреді. Сіз факультетте пәнді жүргізуге байқауға қатысқан оқытушылар тізімінен оқытушыңызды таңдап алуыңызға болады. Пәнді таңдағанда эдвайзерлер кеңес береді.

Берілген пәнді және берілген оқытушыны таңдаған студенттер тізімінен академиялық лектер қалыптастырылады.

Студент қайта тіркелуге құқы бар, ол үшін себебін көрсете отыра қайта тіркелуге өтініш беруіне болады. Қайта тіркелуге ағымдағы семестр басталысымен 10 күн аралығы беріледі. Оның ішінде:

- қайта тіркелу тек өзінің факультетіне ғана қатысы бар лектер ішінде мүмкін болады;

- қайта тіркелу тек минималды тыңдаушылар жинаған ашық лектерге орнықтыруды көздейді

Өтініштер мен тілек-талаптар белгіленген мерзімнен кейін қайта тіркелуге қабылданбайды, өйткені лектерді қалыптастыру үрдісі аяқталып, сабақ кестесі бекітіледі. Әр пәнге қайта тіркелу мүмкіндігі бір рет қана беріледі.

ЖОЖ-ң соңғы нұсқасы қайта тіркелу мен түзетулер енгізуге берілген аралығының аяқталуынан кейін ғана беріледі. Әрбір студентке ЖОЖ институтта екі данада шығарылады: біреуі – деканатта сақталады және студенттердің кәсіби оқу бағдарламасының орындалуы мен игерілуін бақылауға негіз болып табылады, екіншісі- студентке беріледі. ЖОЖ-ң әр данасы факультет деканымен бекітіледі.

Өзінің тіркелуіне қатысты мүмкін дау-дамайлы жағдайларды шешу үшін студент ТО-не өзінің бекітілген ЖОЖ-ң данасын беруі тиіс.

Есте сақтаңыз: Сіз өзіңіздің ЖОЖ-ыңызда көрсетілген лектегі пәндер бойынша сабаққа қатысуға тиіссіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет