ДӘСТҮРЛІ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫНА АУЫСҚАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ БАЛДЫҚ – РЕЙТИНГТІК ӘРІПТІК БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Әріптік жүйе бағасы
Балдың сандық нұсқасы
%-дық құрамы
Дәстүрлік жүйе бағасы
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
Жақсы
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
Д+
1,33
55-59
Д
1,0
50-54
FX
0,5
25-49
Қанағаттанарлықсыз
F
0
0-24
Бағалау сипаттамасы
Баллы
Бағасы
Сипаттамасы
90 - 100
А, А-
«Өте жақсы» - курстың теориялық мазмұны толығымен игерілді, игерілген материалмен жұмыс жасаудың қажетті практикалық дағдылары қалыптастырылды, оқу бағдарламасында қарастырылған барлық оқу тапсырмалары орындалды, оларды орындау сапасы максимумға жақын ұпай санымен бағаланды
70-89
В-, В, В+, С+
«Жақсы» - курстың теориялық мазмұны толығымен игеріліп, игерілген материалмен жұмыс жасаудың қажетті практикалық дағдылары негізінен қалыптасты, оқу бағдарламасында қарастырылған барлық оқу тапсырмалары орындалды, олардың көпшілігінің орындалу сапасы максимумға жақын ұпай санымен бағаланды, бірде-біреуі ең төменгі ұпай санымен бағаланбады.
60 - 69
C (C-, С)
«Қанағаттанарлық» - курстың теориялық мазмұны жартылай игерілді, бірақ олқылықтар маңызды емес, игерілген материалмен жұмыс жасаудың қажетті практикалық дағдылары негізінен қалыптасады, оқу бағдарламасында қарастырылған оқу тапсырмаларының басым бөлігі орындалды, кейбір тапсырмаларда қателер болуы мүмкін.
50 - 59
D (D, D+)
«Қанағаттанарлық деңгейі төмен» - курстың теориялық мазмұны жартылай игерілді, кейбір практикалық дағдылар игерілді, оқу бағдарламасында қарастырылған көптеген оқу тапсырмалары орындалмаған немесе олардың кейбіреулерінің орындалу сапасы минимумға жақын ұпай санымен бағаланды.
25 - 49
FX
«Шартты түрде қанағаттанарлықсыз» - курстың теориялық мазмұны жартылай игерілген, қажетті практикалық дағдылары негізінен қалыптаспаған, оқу бағдарламасында қарастырылған оқу тапсырмаларының көпшілігі орындалмаған немесе олардың орындалу сапасы минимумға жақын ұпай санымен бағаланған; курстың материалы бойынша қосымша өзіндік жұмыстың көмегімен тапсырмаларыдң сапасын жақсартуға болады.
0 - 25
F
«Қанағаттанарлықсыз» - курстың теориялық мазмұны игерілмеген, қажетті практикалық дағдылары қалыптаспаған, барлық орындалған оқу тапсырмаларында қателіктер бар, курстың материалы бойынша қосымша өзіндік жұмыс оқу тапсырмаларының сапасының айтарлықтай жақсаруына әкелмейді.
Оқу пәндері бойынша оң бағалар қорытынды ведомосқа және сіздің сынақ кітапшаңызға жазылады.