Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


Кітапхананың жұмыс жасау уақытысы – сағ



бет32/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
spravputkz

Кітапхананың жұмыс жасау уақытысы – сағ: 9.00-дан 18.00 дейін

Сенбі күні сағ: 9.00 - 14.00 дейін

Оқу залы - сағ: 8.30 - 18.00 дейін
Тараз қаласындағы кітапханалар




р/с

Кітапхана аты

Мекен-жайы

Телефон

1.

ҚР «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» АҚ Жамбыл филиалы

Қазыбек би көшесі, 49 үй

http://www.tarazinfo.kz/ntb

45-66-64

2.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы

Сүлеймен көшесі, 17 А

http://www.ualihanova-taraz.kz

45-29-56

3.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Қонаев көшесі, 4 үй

http://jobjk.kz/index.php/ru/

45-88-44

4.

Абай атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханасы

«Самал» (7) шағын аудан

http://www.libr.e-taraz.kz/index.php?lan=rus

7-77-82



УНИВЕРСИТЕТТЕГІ СТУДЕНТТЕР ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Кез келген ортада адамның даму деңгейін, оның саяси мәдениетін қалыптастыратын ережелер бар екендігі белгілі.

Әрбір студенттің жемісті білім алуы күн тәртібі мен оқу үрдісі мәдениетін дұрыс ұйымдастыра білуіне байланысты болады.

Құрметті БІЛІМ АЛУШЫ, Сіз келесі талаптарды орындауыңыз тиіс:


  1. Оқу үрдісі тәртібін мұқият сақтау қажет. Сабаққа кешігу немесе келмей қалу жоғары оқу орнында қабылданған ережені бұзғандығы болып табылады. Әрбір сабаққа жіберетін, қоғамдық іс-шараларға белгілі бір себептерге байланысты келмегендігін айғақтайтын құжаттары болуы тиіс.

  2. Сіздер қоңырауға 1,5-2 минут қалғанда оқу аудиториясында болып, сабаққа дайын болуларыңыз қажет және тек белсенді ғана болып қоймай, сабақтың 75 минутын тиімді пайдалануыңыз қажет.

  3. Сіз сабаққа аса даярлықпен келуіңіз қажет, сапалы конспектілер жазып, сабақта сабаққа қатыссыз мәселелерге көңіл бөлмеу керек.

  4. Сабақ барысында оқу партасында дұрыс отыру ережесі сақтаған жөн. Бұл қарапайым ережені орындау көруді жақсартып, студенттің денсаулығын күтуіне әсерін береді.

  5. Асхана және буфеттерде Сіз ережелерді сақтауыңыз тиіс, қызмет көрсету персоналдарымен сыпайы қарым-қатынаста болып, жеке гигиенаны сақтау қажет.

  6. Майталман маман болу үшін Сіз кітапханада өз бетіңізше ізденіп, ондағы ережелерді мұқият орындауыңыз керек.



СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕГІ (ЖАТАҚХАНАДАҒЫ) ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
Студенттер жатақханасы – бұл жасөспірімнің 4-5жыл бойы тұлға болып қалыптасуын жалғастыратын орын. Бұл жылдары жатақхана күнделікті тұрақты үйі болып саналады, ал онда тұрып жатқан студенттер бір отбасының мүшесі болып табылады. Жаңа үй белсенді шығармашылық демалыс пен жан-жақты білім алу бойынша өзіндік жұмыстар жүргізетін орынға айналады. Көптеген студенттерге мұнда алғаш рет болашақ жоспарларын құрып, оқу орнындағы жолдастарымен біріге отыра өмірдің жаңа парақтарын ашады.

Студенттер Үйіне орналасу университеттің бекітілген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Студенттердің орналасуы өтініш жазу негізінде іске асырылады.

Студенттер Үйінде тұру барысында сіз келесі талаптарды орындауларыңыз керек:

-уақытша берілген мүліктерге материалды жауапкершілік жүктеледі;

-Сіз Студенттер Үйінің ішкі тәртіп ережелерін, студенттер кеңесінің шешімін және жетекші қызмет орындарының шешімдерін сақтауыңыз керек, жалпы алғанда кезекшіліктің барлық түрлерінде өзіңіздің міндетіңізді толыққанды орындауыңыз керек;



-Студенттер Үйіндегі өмір оқу кешеніндегі жұмыстан өзгеше. Мұнда тәрбиелі жасөспірімнің өнегелік қасиеттері қалыптасады: адалдық пен шынайылық, қарапайымдылық пен сыпайылық және т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет