СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
«Дулати университеті» КЕ АҚ қабырғасында студенттер заманауи технологияларды меңгеріп, білімді тек игеріп қана қоймай, өз бетінше ғылымға ден қояды. Университетте 14 бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі.
«Дулати университеті» КЕ АҚ ірі зерттеу орталығының жоғары мəртебесіне ие. Жаңа сапалы ғылыми ізденіске серпіліс ретінде университетте «Зерттеудің наноинженерлік əдістері» атты ғылыми-зерттеу зертханасының құрылуын айтуға болады.
«Дулати университеті» КЕ АҚ студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады және өзінің университетін конференцияларда, көрмелерде, олимпиадаларда танытады, ғылыми мақалаларын жариялайды. Дәстүрлі түрде, университеттің 10 студенті жыл сайын Қазақстан ЖОО арасында өткізілетін республикалық ғылыми жұмыстар байқауларының жеңімпаздары болады.
С туденттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) – университеттегі оқу үрдісінің бір құрамы. СҒЗЖ ғылыми және техникалық шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз бетінше ізденуге және жаңашылдыққа баулиды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары үрдісінде сіз ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау тәсілдері мен дағдыларын, әдістерін игересіз. Кафедрадағы студенттердің ғылыми үйірмелері (СҒҮ) - СҒЗЖ-ның бір түрі болып табылады.
СҒЗЖ-ның өнімі болып, жылда өткізілетін студенттердің ғылыми конференциясында көрсетілген ғылыми жобалары болып табылады. Олардың ең үздігі республикалық студенттер конференциясы мен олимпиадасына ұсынылады. «Дулати университеті» КЕ АҚ студенттері осы өткен олимпиадаларда бірнеше мəрте түрлі сала бойынша жеңімпаз атанған.
Қазіргі студент бұл – студент-зерттеуші болғандықтан, байқауларға қатысушы студенттер, олимпиада иегерлері, ғылыми конференция жеңімпаздары «Дулати университеті» КЕ АҚ студенттерінің ең үздік қатарын құрайды. Университетте ғылыми жұмыспен айналысатын және оқу жұмыстарында табысқа ие студенттердің «Студент-зерттеуші» біліктілігін иемденуі жыл сайын дәстүрге айналып отыр. Бұл біліктілік сізге магистратураға жеңілдікпен түсуге, сонымен қатар сыйақы иегері атануға мүмкіндік береді.
С ҒЗЖ-ға қатыса отырып, академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Литва, Германия және басқа мемлекеттердің ЖОО-ларында сіз 1-2 семестрде оқи аласыз.
Ғылыммен айналысудың байқауға қатысуда, атаулы шәкіртақыны алуда септігі мол. Жүргізілген ғылыми жұмыстар негізінде сіз курстық жұмыс пен дипломдық жобаларды табысты жазып қорғайсыздар.
Құрметті студенттер! Ғылыммен айналыссаңыздар, ол сізге басқа білім мен жаңа технологиялар әлеміне жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |