Академиялық демалыс. Академиялық демалыс – бұл медициналық көрсеткіші бойынша және басқа да жағдайларға байланысты студентке берілетін демалыс. Академиялық демалыстың ұзақтығы – 12 айдан аспайды. Өкілетті тұлға академиялық демалыс беру туралы шешімді қабылдайды. Бұл бұйрық төмендегі негізде шығарылады:
Оқудан шығару.
Төменде көрсетілген жағдайларда білім алушылар оқудан шығарылады:
егер студент академиялық адалдықтың бекітілген ережелерін бұзса;
егер мемлекеттік қорытынды аттестацияда студент «қанағаттанарлықсыз» баға алса;
егер студенттің оқу төлемақысы бойынша қарызы болса;
егер студент өз еркімен оқудан шығуға өтініш білдірсе;
ДКК қорытынды –анықтама негізінде денсаулық жағдайына байланысты оқи алмаса.
Студентті оқудан шығару университет басшылығының шешімімен және бұйрық арқылы жүзеге асырылады.
Студентті оқудан шығару алдында оны факультет деканына (телефонмен, жеке, пошта арқылы) әңгімелесуге шақыртады. Студенттің әңгімелесуге келмеген жағдайында университет бойынша бұйрық түсініктеме хатсыз шығарылады. Білім алушыларды науқастануы, демалысы, денсаулық жағдайына байланысты академиялық демалысы уақытында оқудан шығарылуына тыйым салынады.
Оқудан шығарылатын студенттердің жобалық тізімі хабарландыру тақтасына оқудан шығару процедурасын бастамастан 10 күн бұрын ілінеді.
Оқудан шығарылған сәтінен бастап құжаттарды алу жауапкершілігі (жалпы орташа білім аттестаты немесе орта кәсіби білім дипломы, сертификаттар, куәліктер және т.б.) университеттің бұрынғы студентінің өзіне жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |