Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П



бет22/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
spravputkz
СОР Геометрия 7 каз, МАЗМҰНЫ
ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ
Мемлекеттік оқу грантында оқитын білім алушыларға аралық аттестация нәтижелері бойынша емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+». бағаларына тапсырғандарға шәкіртақы тағайындалады.

Мемлекеттік оқу тапсырысында оқып, курсты қайта оқуға қалдырылған студент мемлекеттік гранттан айрылады.

Шаруашылық есеппен оқып жатқан үздік студент мемлекеттік оқу грантын, Президенттік стипендия (3-ші курстан бастап) алуға өз ұсынысын білдіруіне болады. Шәкіртақы туралы ақпараттарды университет сайтынан білуге болады.

2012 жылынан бастап жастар тәлімгері, қоғамдық-саяси қызметкер, ұлағатты ғалым, гидрокешен құрылысының бастамашысы Марс Фазылұлы Үркімбаевтың ізбасарлары мен достары, қызметтестері «Академик Үркімбаев қоғамдық бастамасы» атты Қоғамдық қорды ұйымдастырды. Білім мен ғылым дамуына үлкен үлесін қосқан осы адам туралы естелік ретінде қор «Академик М.Ф.Үркімбаев атындағы шәкіртақы» атты байқау жариялады.

«Дулати университеті» КЕ АҚ дарынды студенттері! Біз сіздерді Академик Марс Фазылұлы Үркімбаев атындағы шәкіртақыны алу үшін байқауға келесі бағыттар бойынша қатысуға шақырамыз:

«Механика және машина жасау»

«Су ресурстарын пайдалану»

«Салалық экономика»

«Қоғамдық саяси ғылымдар»

Сізге түрлі атаулы шәкірақыны алуға бірегей мүмкіндік беріліп отыр. Біздің университетте басқа ЖОО-дармен салыстырғанда атаулы шәкіртақылардың саны әлдеқайда көп. Мұнда әкімшілікпен қатар сіздің де еңбегіңіз бар.



Сіздердің әрқайсыларыңыз атаулы шәкіртақы иегерлері бола аласыздар - ол үшін «үздік» оқу керек, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу керек.

Батыл бол!

Сонымен қатар «Дулати университеті» КЕ АҚ жыл сайын түрлі мекемелер, ұйымдар, қоғамдық қорлар және т.б. жариялаған байқауларға қатысады. Мысалы, Казкоммерцбанк, Бірінші президент Қоры, «Бота» қоғамдық қоры және басқа шәкіртақылар алуға қатысады.

Шәкіртақы туралы ақпаратты факультеттен немесе университет сайтынан білуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет