Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


Әскери кафедра және мобилизациялық бөлім



бет25/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
spravputkz
СОР Геометрия 7 каз, МАЗМҰНЫ
Әскери кафедра және мобилизациялық бөлім

Жас студенттер қыркүйек айының 2-3-ші аптасында 2 .6-109 бөлмеде орналасқан мобилизациялық бөлімге әскери тіркеуге тұру керек. Өзімен бірге мына төмендегі құжаттар міндетті түрде болу керек.



Мобилизациялық бөлім студенттерге № 3 анықтама береді, ол анықтаманы тіркелген жері қалалық немесе аудандық әскери бөлімге 1-ші қазанға дейін өткізу керек.

Құрметті студент, «Дулати университеті» КЕ АҚ де әскери кафедра өз жұмысын атқаруда, онда Сіз азаматтыққа қоса әскери мамандық алып шыға аласыз.

Әскери мамандықты ер жігіттермен қатар қыз балалар да ала алады. Кафедрада запастағы офицерлер дайындығы ұйымдастырылып, келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі:

ВУС-021001-Мото-ату бөлімшелерінің, бөлімдердің және БМП-ға қосылып қаруды қолдануы:

ВУС-080203-әскери жол мен көпір құрылыс жұмыстарына механизация құралдарын бөлімшелерде қолдану;

ВУС-180204-жол-коменданттық бөлімшелерді, бөліктерді және қосалқы бөлімдерді қолдану;

ВУС-101400-инженерлік бөлімшелерді, бөліктерді және су құбырын қосуды қолдану;

ВУС-101501-инженерлі, жол-құрылыстық және мотоқұрылыстық бөлімшелер мен бөліктердің қолданылуы;

ВУС-250300-Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен қамтамасыз ету.

ҚР азаматтарын запастағы офицер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өткізу жоғары мамандандырылған білім алу негізінде жүргізіледі.

Ә скери дайындыққа Қазақстан Республикасының 27 жасқа дейінгі студент алынып, денсаулық жағдайы бойынша әскери дайындыққа жарамдылығы ескеріледі.

Әскери дайындықтан өту үшін студенттерді іріктеуді олардың ЖОО-ның ректорының атына жазған жеке өтініштері бойынша бірінші курстан кейін іріктеу комиссиясы жүргізеді.

Студенттерді іріктеуде төмендегілер ескеріледі:


  • орта үлгерім көрсеткіштік бағалары;

  • психологиялық және физикалық дайындық.

Әскери дайындық ЖОО жанында әскери кафедрада оқытудың теориялық және тәжірибелік курстарынан және әскери тағылымдамадан құралады. ЖОО-н тамамдағаны туралы дипломды алғаннан кейін әскери тағылымдамаға бағытталады, оны өткендерге «лейтенант» әскери дәрежесі беріледі.

Запастағы офицер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық курсын тамамдаған студент және ЖОО-н тамамдағаннан кейін әскери тағылымдамадан өтпеген студент «сержант» әскери дәрежесіне ие болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет