Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


ҚОРЫТЫНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯНЫ



бет23/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
spravputkz

ҚОРЫТЫНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯНЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
Оқу жоспары мен бағдарламаларының талаптарын толық орындаған студент қорытынды мемлекеттік аттестацияға жіберіледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестация – тиісті оқу деңгейінде мемлекеттік жалпы оқу стандарттарын игеру деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін процедура.

Қорытынды мемлекеттік аттестация білім алушылардың тиісті мамандықты игеру кезеңінде білім алушылардың білімін, тәлім-тәжірибесін, біліктілігін тексеруге бағытталған.

Қорытынды мемлекеттік аттестация таңдап алған мамандықты игеру кезінде білім алушының білімін, құзіреттілігін, тәлім-тәжірибесін, біліктілігін тексеруге бағытталған, ол мамандықтың жұмыстық жоспары мен академиялық күнтізбе белгіленген мерзімде өткізіледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижелері бойынша білім алушыға академиялық дәреже (бакалавр) тағайындап, жоғары білім жайлы диплом беріледі.

Білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясының мерзімі кем дегенде төрт апта көлемінде бекітіледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестацияны жақсы тапсыру үшін Сіз келесі ережелерді жақсы білуіңіз қажет.


  1. «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» бағаларына бітірген және GPA орташа балл үлгерімі 3,5-тен кем болмаса, сонымен қатар бітіру жұмысын А,-А-ға қорғаған және кешенді мемлекеттік емтиханды «А»немесе «А-» бағаға тапсырған оқу ұйымының бітірушісіне үздік диплом беріледі. Бірақ егер студент емтиханды жазғы қосымша семестрде тапсырса, онда үздік диплом берілмейді.

  2. Білім алушы дипломдық жобаның (жұмыстың), барлық мемлекеттік емтиханды оқу жоспарында сай тапсыруға міндеттісіз.

  3. Өкілетті тұлғаның келісімімен диплом жобасының (жұмысының) орнына кешенді мемлекеттік емтиханды тапсыруға құқығыңыз бар.

Дипломдық жобаның (жұмыстың) орнына кешенді мемлекеттік емтихан тапсыруға мыналар негіз болады:

  1. денсаулық жағдайы бойынша стационарда ұзақ емделу;

  2. 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу;

  3. Науқас ата-аналарға күтім жасау.

Білім алушылар бұл туралы университет өкілетті тұлғаның атына өтініш жазады және соған сәйкес құжаттарды көрсетеді.

Мемлекеттік емтихан мен дипломдық жобаның (жұмыстың) бағасын көтеру мақсатында қайта тапсыруға жіберілмейді.

Қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижесі бойынша ЖОО-нан шығарылған студент бір жылдан кейін қорытынды мемлекеттік аттестациясының басталуына төрт апта қалғанда білім беру мекемесінің жетекшісінің атына «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған пәннен қайта тапсыруға рұқсат сұрап өтініш жазады.

Қорытынды мемлекеттік аттестация кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студентке үлгі бойынша бекітілген анықтама беріліп, университет өкілетті тұлғаның бұйрығымен ЖОО-нан шығарылады.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасын алғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы МАК-та көрсетілген құжат қарастырылмайды.

Қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен студент жоғары білімнің оқу бағдарламасын толық меңгергендігі расталған жағдайда МАК-тың шешімімен біліктілігі және (немесе) сәйкес мамандығы бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесіне ие болады және мемлекеттік үлгісіндегі диплом қосымшасымен қоса беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет