СТУДЕНТТЕРДІҢ АУЫСУЫ МЕН УНИВЕРСИТЕТТЕН ШЫҒАРЫЛУЫ
УНИВЕРСИТЕТ ІШІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КУРСТАН КУРСҚА
АУЫСУЫ
Егер Сіз үлгерімнің орташа баллының бекітілген деңгейін (GPA) жинақтасаңыз, университет ректорының бұйрығымен келесі курсқа көшірілесіз.
Курстан курсқа көшірілу үшін бакалавриат бойынша білім алушының GPA шекті көрсеткіші келесідей болуы керек:
1 курстан 2 курсқа – кемінде 1,5;
2 курстан 3 курсқа – кемінде 1,8;
3 курстан 4 курсқа – кемінде 2,1;
4 курстан 5 курсқа – кемінде 2,1.
Курстан курсқа көшірілу үшін магистратура бойынша білім алушының GPA шекті көрсеткіші келесідей болуы керек:
1 курстан 2 курсқа – кемінде 2,2.
Курстан курсқа көшірілу үшін докторантура бойынша білім алушының GPA шекті көрсеткіші келесідей болуы керек:
1 курстан 2 курсқа – кемінде 3,0;
2 курстан 3 курсқа – кемінде 3,2.
Осындай жағдайда білім алушылар бітіруші курсқа еш қиындықсыз өтеді.
GPA–ң тиісті деңгейін жинамаған білім алушы келесі жылы сол курсқа қайта қалдырылады. Қайта курсты оқуға қалған мемлекеттік грант иегерлері, гранттан айрылып, оқуын ақылы түрде жалғастыруына мүмкіндігі бар.
Қайта оқуға қалған білім алушы Тіркеу офисі мен деканаттын келісімімен алдыңғы оқу жоспарын жалғастырып оқуға немесе жаңа жеке оқу жоспарын қалыптастыруына болады.
GPA –ң шекті деңгейін жинап келесі курсқа көшкен, бірақ академиялық қарыздары бар студент ақылы түрде тиісті пәндерді оқып, қарыздарын жоюына болады.
Егер сіз 3- курс студенті болсаңыз, онда өзіңіздің барлық академиялық қарыздарыңыз бен айырмаларыңызды толық жоюға міндеттісіз, жоя алмаған жағдайда сіз соңғы курсқа көшірілмейсіз. Мұқият болыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |