семестр бойы балл жинамағандар;
семестр бойы 30 және одан аз балл жинағандар;
оқу ақысын төлемегендер (қысқы емтихан сессиясына дейін 50%, жазғы сессияға дейін -100%);
курстық жұмысты (жобаны) тапсырмағандар немесе курстық жұмыс бойынша жинақ балының 50 пайызынан төмен балл алғандар.
Жеке себепті жағдайларда (науқастану, жанұялық жағдайларға байланысты) сіз 3 күндік мерзім ішінде сәйкес құжатты көрсеткен жағдайда жеке кесте бойынша емтихандық сессия тапсыруға рұқсат алуыңыз мүмкін. Егер емтиханға науқастануыңызға байланысты келе алмасаңыз, онда сіз міндетті тәртіп бойынша науқастану ұзақтығы көрсетілген анықтаманы әкелуіңіз қажет. Науқастану туралы анықтаманы кеш әкелген жағдайда сіз емтиханға себепсіз жағдайлармен келмеген деп есептелінесіз және қосымша семестрге тіркелуіңіз қажет болады..
«FX» бағасы білім алушыға келесі жағдайларда қойылады:
1) егер студент семестр кезінде ең жоғары мүмкін баллдың кемінде 50% жинаса және емтиханға жіберілсе, бірақ емтихан кезінде қорытынды бағаның 25-тен 50% -на дейін яғни 10-нан 20 баллға дейін жинаса. Бұл жағдайда «FX»-«қанағаттанарлықсыз» қорытынды бағасы - қорытынды ведомосқа қойылады;
2) егер студент емтиханға жіберілген болса, бірақ дәлелді себептермен келмесе. Бұл жағдайда қорытынды ведомоста «FX» бағасы қойылады. Студент дәлелді құжаттарын ұсынған жағдайда емтиханды қайта тапсыруға құқылы. Дәлелді құжаттарды ұсыну мерзімі (жеке басының ауруы туралы немесе ауру балаларға / ауыр науқас ата-аналарына күтім жасау, жақын туыстарының қайтыс болуы туралы анықтама, университет басшылығының іссапарлар туралы бұйрықтары мен өкімдері) оқуға шыққан күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Емтихандарға қайта тапсыруға бекітілген уақытта себепсіз келмеген жағдайда баға «F»-ке өзгертіледі;
«F» бағасы білім алушыға келесі жағдайларда қойылады:
1) «F» бағасы рұқсатнама рейтингісін алмаған және сәйкесінше емтиханға жіберілмеген студенттерге қойылады;
2) егер студент емтихан кезінде мүмкін болатын ең жоғары баллдың 25% -нан аз жинаса, демек 10 ұпайдан төмен алса, ол «F» - «қанағаттанарлықсыз» бағасын алады.
3) «F» бағасы емтиханды «FX» бағасынан қайта тапсыру кезінде қойылуы мүмкін;
4) егер студент емтиханнан жасалған кесім негізінде шығарылса.
Емтихан кезінде студентке сөйлесуге, аудитория ішінде жүруге, ұялы телефонды, конспекттерді, оқулықтарды және басқа оқу-әдістемелік әдебиеттерді, шпаргалкаларды пайдалануға және сұрақтарды белгілеуге қатаң тыйым салынады. Егер сіз осы талаптарды бұзсаңыз, сіз емтиханнан шығарыласыз, ал ведомоста сізді емтиханнан шығарылды деп көрсетіледі (жауап парағындағы сәйкес түсініктемемен).
Емтиханға келген кезіңізде сіз сынақ кітапшаңызбен келуіңіз керек.
Қорытынды бақылау бойынша алған оң бағаны жоғарылату мақсатында оны қайта тапсыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |