6.1-сурет. Гидравликалық аспалы жүйе:
а-көтеру; б-түсіру; в-бейтарап; г-қалқымалы; 1-насос; 2-бак; 3-таратқыш; 4-цилиндр.
Тракторлар мен ауыл шаруашылығы машинала- рын жалғастыру үшін ғидрожүйемен жабдықталған аспалы механизм қолданылады. Бұл механизм екі ұзын планкадан 4 (6.2-сурет), Орталық тізғіннен 3, гидроцилиндрмен 5 жалғасқан көтергіш рычагтан 1, бүйірлік тізгіннен 2 және тартқыштардан 6 құралады. Бүйірлік тізгіннің 2 біреуінің ұзындығы винт арқылы өзгереді, сол сияқты Орталық тізгін 3 мен тартқыштардың 6 да винтті механизмі бар. Винтті механизмдер арқылы аспалы механизмнің және онымен жалғасқан машинаның ТРАКТОРмен салыстырғандағы бекітілу қалпын өзгертеді.
Аспалы механизмнің ТРАКТОРға бекітілуіне байла- нысты екі немесе үш нүктелі деп бөледі. Қуаты аз Тракторлар үш нүктелі механизммен (6.2-сурет) жабдықталады, яғни аспалы механизм ТРАКТОРмен 7, 9, 10 нүктелер арқылы жалғасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |