Мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді


ТРАКТОР жүріс бөлігінің жұмысын реттеу



бет7/7
Дата08.06.2020
өлшемі100,99 Kb.
#72674
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТРАКТОР 11 ко 21 мех

ТРАКТОР жүріс бөлігінің жұмысын реттеу

Дөңгелекті Тракторлардың жүріс болігінде реттелетін мынадай көрсеткіштер бар. Екі дөңгелектің ара қашықтығын реттеу омбебап-қатараралық Тракторларда жүргізіледі. Себебі, өңделетін осімдіктің қата- раралық қашықтыгы дақыл түріне қарай әр түрлі болады, яғни Трактордың екі дөңгелегі арасының қашықтығы да сол қатараралық қашықтықпен сой- кес келуі тиіс. Жалпы жұмысқа арналған Тракторларда (Т-150К, К-701) екі дөңғелек аралығы тұрақты болады. Тек 150К Тракторында ғана орнықтылығын жақсарту үшін кейде кеңітеді.

Екі дөңгелек аралығын өзгертудің бірнеше тосілі бар. Оның ең қарапайым жолы, дөңгелекті аударып орналастырады. Осы кезде дөңгелек дискісінің есебінен ара қашықтығы өзгереді. Бірақ мұндай өзгертудің мөлшері онша көп болмайды. Бұл тек қосымша аз мөлшерге өзгерту үшін ғана қолданыла- ді. Басқа тосілдерді қолданғанда алдыңғы және ар- тқы дөңгелектердің ара қашықтығы әр түрлі болып өзгертіледі. Артқы дөңгелектердің ара қашықтығын өзгерту үшін арнаулы қондырғы қолданылады.

Алдыңғы дөңгелектердің ара қашықтығы сатылы түрде өзгертіледі. Ол үшін дөңгелек дискісі мен крон- штейннің өзара Бұл қалпын өзгертеді, яғни дөңгелек дискісін кронштейннің сыртына немесе ішіне бекітуге байланысты екі дөңгелек ара қашықтығы өзгереді. Осыған қосымша дөңгелек торабының ось- ке жалғасқан қалпын өзгертеді. Ол үшін сынаны шығарып алып, дөңгелек торабын сыртқа немесе ішке қарай жылжытады. Кейбір Тракторларда (МТЗ-52, МТЗ-82) алдыңғы дөңгелектердің ара қашықтығын сатысыз өзгерту үшін, артқы дөңгелектердегі сияқ- ты, винтті механизм қолданылады. Сонда ара қашықтық 1200 миллиметрден 1500 миллиметрге дейін сатысыз өзгеруге можбүр болатынын байқау қиын емес. Дөңгелекті Тракторлардың алдыңгы дөңгелектері ара қашықтығын өзгерткен кезде оларды өзара жалғастыратын басқару механизмі тізгінінің де ұзындығы өзгертілуі тиіс.

Дөңгелектердің ара қашықтығын, оның дискісін аударып өзгерткен кезде оң жақтағы дөңгелек пен сол жақтағы дөңгелектердің өзара орнын алмастырады.

Әмбебап-қатараралық Тракторларда екі дөңгелек ара қашықтығын өзгертумен қатар жолдіқ саңыла- удан да өзгертеді. Мұндай реттеу барлық қатараралық Тракторларда емес, тек кейбір түрлерінде гана (Т-25А, Т-40А) жүргізіледі. Жолдіқ саңылаудағы өзгерту үшін БұлТракторлардың алдыңғы дөңгелектерін өзгертіп бекітетін қондырғы қолданылады, ал артқы дөңгелектерді көтеріп-түсіру үшін соңғы беріліс редукторының қорабын басқаша бекітеді.

Осы аталған шамалардан басқа алдыңғы екі дөңге- лектің айқасқыштығын реттейді, яғни осы дөңгелек- тердің жазықтық бағыттары өзара айқасатындай етіп орналастырылады. Себебі, Трактордың жүріс ба- ғыты тұрақты болу үшін басқаратын дөңгелектарды сыртқа қарай жантайтып орналастырады. Егер енді олардың алдыңғы жағын бір-біріне жақын орналастырмаса, олар дөңгелеген кезде сыртқа қарай тарта береді де, тез төзуына жағдай жасайды.

Алдыңғы дөңгелектердің айқасу мөлшері, олардың алдыңғы және артқы жағын өлшегендегі айыр- машылығы болады. Қалыпты мөлшермен сойкес келмеген жағдайда басқару механизмінің тізгінінің ұзындығын өзгерту арқылы қалыпқа келтіреді.

Шынжыр табанды Тракторлардың жүріс бөлігінің жұмысын реттегенде, ең бірінші шынжырдің керілу мөлшерін қалыпқа келтіреді. Ол үшін арнаулы кергіш механизм қойылады, яғни бағыттағыш дөңгелекті винтті механизм арқылы итеріп тұрады. Сонда жетекші, жүлдізшамен бағыттағыш дөңғелектің ара қашықтығы өзгереді де, оларды айналып өтетін шын- жырдің да керілуі өзгереді.

Винтті механизм серіппе арқылы бағыттағыш доңғелекті итереді. Сондықтан да жұмыс кезінде осы серіппенің қысу есебінен шынжырдің ұзындығы өзгереді. Бұл ойлы-қырлы жерлермен жүрген кезде шынжырдің ұзындығы әр түрлі болып өзгеруіне мүмкіндік береді. Оның үстіне дөңғелектер мен шынжыр аралықтарына тас түссе де, шынжырдің керілуі артады. Осындай жағдайларда жүріс бөлігін істен шығармай сақтап қалу қызметін осы кергіш механизмдегі серіппе атқарады.

Шынжырдің керілу мөлшерін, оның екі үстағыш дөңгелектерінің аралығында өз салмағымен салбырау шамасын өлшеу арқылы анықтайды.

Егер осы салбырау мөлшері қалыпты мөлшерден аз болса, онда шынжырді босатады, ал көп болса кереді, реттейді.

 

 

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:



1.      Тракторлардың жүріс бөлігі қандай қондыргылар- дан тұрады?

2.      Автомобильмен салыстырганда Трактордың жүріс бөлігінің ерекшелігі неде?

3.      ТРАКТОР дөңгелек аспаларының қандай түрлерін білесіз?

4.      Шынжыр табанды жүргізгіштің артықшылығы мен кемшілігін талдап беріңіз!



5.      Трактордың жүріс бөлігіне нендей реттеулер жасалады ?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет