Шынжыр табанды жүргізгіш
Шынжыр табанды жүргізгішті пайдаланғанда ТРАКТОР салмағы жер бетіне үлкен тірек ауданы арқылы тарайды да, топарыққа түсетін меншікті қысымды азайтады. Сондықтан шынжыр табанды Тракторлардың өтімділігі жоғары. Олар үлкен тарту күшін тудыра алады және сырғанауы өте аз болады. Бірақ шынжыр табанды жүргізгіштің бірнеше кемшіліктері бар. Олардың негізгісі салмағының ауырлығы, бағасы жоғары, құрылысы күрделі және қозғалыс жылдамдығының аздығы болып табылады. Дегенмен де шынжыр табанды жүргізгіштер көптеген Тракторларда қолданылады және оның құрылысы олі де жетілдірілуде.
Шынжыр табанды жүргізгіштер жетекші жұлдізшадан, бағыттагыш тірек және ұстап тұратын дөңгелектерден, тұйықталған шынжыр лентадан құралады. Тұйықталған шынжыр лента өзара топсалы жалғастырылған жеке-жеке буындардан тұрадыжәне ол жетекші жүлдізшамен, бағыттағыш дөңгелектер арқылы иіліп тұрады. Оның астыңғы бетіне аспалы тірек арқылы тірек дөңгелектері тіреледі, ал үстіңгі тармағы үстап тұратын дөңгелектерге тіреледі.
Трансмиссиядан келетін қуат жетекші жұлдізшаны айналдырады да, онымен бірге шынжыр лентаны да айналдырады. Шынжыр лента төменгі тармақ ар- қылы топырақпен ілініседі, сөйтіп Тракторды қозғаушы күш тудырады. Жетекші жүлдізшадан откен шынжыр лента оның шеңбері бойымен иіліп, ұстап тұрған дөңгелектер арқылы бағыттағыш дөңгелекке барады. Бағыттағыш дөңгелектен айнала өтіп, қайтадан жер бетіне тоселеді. Осылайша шынжыр табанды жүргізгіштер Трактордың жылжуы үшін жасанды жүріс жолын жасайды, яғни шынжыр беті арқылы тірек дөңгелектері қозғалады.
Шынжыр табанды жүргізгіштің қалыпты жұмыс істеуі үшін оның лентасын қалыпты мөлшерде керу керек. Ол үшін бағыттағыш дөңгелектерге лентаны керетін арнаулы механизм орнатылады. Шынжыр табанды жүргізгіштің жұмысын тексеру және қалпына келтіру жөнінде төменде айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |