Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы



бет132/195
Дата09.05.2020
өлшемі0,74 Mb.
#66741
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   195
Байланысты:
b398 (1)
b398 (1)
Құқықтық реттеу пәні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы - неке құқығының реттеу пәні болып табылады.

Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.



Құқықтық реттеу әдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады:

1) императивтікбұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі;

2) диспозитивтік рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы, координация әдісі;

3) марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапттаау әдісі;

4) ұсынушылық – мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет