Жеке-дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
116 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
Мемлекет және құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Біріншісі – этатистік, бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.
Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.
Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |