Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы


Тұлғаның құқықтық мәртебесі



бет183/195
Дата09.05.2020
өлшемі0,74 Mb.
#66741
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   195
Байланысты:
b398 (1)

Тұлғаның құқықтық мәртебесібұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.

Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:

- құқықтар мен міндеттер;

- заңды мүдделер;

- құқықсубъектілік;

- азаматтық;

- заңды жауапкершілік;

- құқықтық қағидаттар.

Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке-дара болып бөлінеді.

Жалпы мәртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады.

Арнайы мәртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет