Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет77/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттiк қызметшiлердi ротациялау жүйелi негiзде мынадай нұсқалар бойынша жүргiзiледі (56-сурет):

- деңгейаралық («орталық - өңiр, өңiр - орталық»);

- өңiраралық («өңiр - өңiр»);

- салааралық («орталық - орталық»).



56-сурет. Мемлекеттiк қызметшiлердi ротациялау нұсқалары

Бұл орталық мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға кәсiби кадрлардың көптеп келе бастауын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Мемлекеттiк қызметтi деңгейаралық және өңiраралық ротациялауды табысты жүргiзу үшiн әлеуметтiк қамсыздандыру, оның iшiнде лауазымдық жалақыға «үстемақылар» (өңiрлiк коэффициенттер) белгiлеу тетiгi әзiрленетiн болады және өңiрлерде ротациялау тәртiбiмен тағайындалатын мемлекеттiк қызметшiлер үшiн тұрғын үй қорының болуы қамтамасыз етiледі.

Жұмыс iстеп жатқан мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi басқарушылық

корпусқа және атқарушылық корпусқа бөлу лауазымдық белгі бойынша жүзеге асырылады (мемлекеттiк қызметшiнiң қазiргi кезде атқаратын лауазымына сәйкес).

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң «Б» атқарушылық корпусына атқарушы лауазымдардағы мемлекеттiк қызметшiлер («А» корпусына жатпайтын лаузымдар) кiреді.

«Б» корпусындағы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң негiзгi мiндетi «А» басқарушылық корпусындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң талаптарына сәйкес мемлекеттiк саясатты iске асыру (атқарушылық қызмет) болады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттар бойынша қолданыстағы тiзiлiмiнiң оң тәжірибесі ескерiле отырып, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң «А» басқарушылық корпусының және «Б» атқарушылық корпусының лауазымдары үшiн санаттар белгiленетiн болады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет құрылымында «А» және «Б» корпустарын қалыптастыру кезiнде қолданыстағы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi оңтайландырылды.

Мемлекеттiк қызметке конкурстық iрiктеудi енгiзу кандидаттың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қойылатын бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сай болуын анықтауға бағытталған.

Мәселен, Заңға сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi конкурстық iрiктеу Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің мемлекеттiк қызмет туралы қолданыстағы заңнаманы бiлуге арналған тестiлеудi өткiзуiн, сондай-ақ мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының кандидаттармен әңгiмелесу өткiзуiн көздейдi.



Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi қалыптасуда.

Азаматтардың мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзудегi конституциялық құқығы мiндеттi конкурстық iрiктеудi енгiзу арқылы iске асырылуда, оның тетiктерi Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде бекiтiлген.

Халықаралық тәжірибеде мемлекеттiк қызметке кiру конкурстық негiзде жүзеге асырылады, онда меритократия қағидаты, яғни жеке сiңiрген еңбектерi мен жетiстiктерiн мойындау негiзгi қағидат болып табылады.

Алайда, конкурстық iрiктеудi жүргiзудiң қазiргi кездегi тәжiрибесiн алғанда, мемлекеттiк қызметке кiру кезiндегi конкурстық рәсiмдердiң әдiлдiгiне азаматтар тарапынан бiрқатар сенiмсiздiк байқалады.

Осыған байланысты, мемлекеттiк қызметке конкурстық iрiктеу тәртiбiн жетiлдiру және оның транспаренттiлiгiн арттыру мәселесі қойылып отыр.

Мемлекеттiк қызметтiң жаңа үлгісiнде конкурстық iрiктеудiң бiрiншi кезеңiнде уәкiлеттi орган және оның аумақтық басқармалары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне iрiктеудi жүргiзетiн болады. Басқаша айтқанда, мемлекеттiк қызметке кiру үшiн кандидаттардың бiрыңғай дерекқоры қалыптастырылып жатыр.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне iрiктеу Қазақстан Республикасының  Конституциясын және мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы бiлу деңгейiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк органның салалық ерекшелiгiне қарамастан, атқарымдық мiндеттерiн тиiмдi орындауы үшiн маңызды кәсiби және жеке құзыреттерi деңгейiн айқындайтын тестiлеуге негiзделуде.

Мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiби және жеке құзыреттерiн бағалауды жүргiзу үшiн «мемлекеттiк қызметшi құзыреттерiнiң бейiнi» деген ұғым нормативтiк тұрғыдан бекiтiлетiн болады. Бұл оны мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн кандидаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының құрамдас бөлiгi ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет