Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті


тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ



бет16/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

2 тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

2.1. Мемлекеттің мәні, белгілері мен даму кезеңдері

Мемлекет қоғамдық үдерістерді басқарушы субъект ретінде бірнеше мың жыл бойы өмір сүріп, өзін қоғамның бірегей ұйымдасуы ретінде көрсете алды. Ол реттеудің әдісі мен нысаны және адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасайтын әдіс болып саналады. Бұл әлемдегі ең үлкен және жалпылай қамтыған ұйым. Оған мынадай қасиет – жалпылық қасиеті тән. Мемлекет ұйымдастырудың барлық белгілеріне ие: оларда иерархиялық құрылым, басқару аппараты бар, яғни ешбір басқа ұйым мемлекеттік аппарат сияқты құрылымға ие емес. Ол билік тармақтары бойынша мамандандырылған, оның бұқаралық-құқықтық қызметі бар. Ол мемлекет ішінде және халықаралық деңгейде қоғамдық мемлекеттік қызметті жүзеге асырушы қажетті тетік.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты болып саналады және ол – саяси билікті жүзеге асыратын негізгі өзек және көрінісі. Сондықтан да, адамзат тарихында мемлекеттік басқару мен билікті ұйымдастыру нысандарын іздестіру жолдары көптеп кездеседі. «Басқару мистері» болып саналатын П. Друкердің айтуы бойынша қазіргі таңда қайыршы немесе бай мемлекеттер жоқ, нашар немесе жақсы басқарылатын мемлекеттер ғана бар.

XXI ғасырда Қазақстанның, яғни жаңа саяси жүйе құрып жатқан мемлекеттің алдында, жаңа мемлекеттік басқару парадигмасын жасау міндеті тұр. Ол қазіргі таңдағы шынайылыққа жауап беруі керек.

«Мемлекет» түсінігі көпқырлы және бірнеше мағынада қолдана алады:

- географиялық түсінікте – «ел»;



- «қоғам» мағынасында (мысалы, жапон қоғамы);

- кей кездері мемлекет түсінігі «өркениет» түсінігімен байланыстырылады (орыс өркениеті, қытай өркениеті).

Ұзақ уақыт бойы философиялық және саяси әдебиетте «мемлекет» және «қоғам» түсініктерін терминологиялық және мағыналы түрде бөлу жоқ болды. Алғаш рет, осы түсініктердің келіспеуіне Н.Макиавелли назар аударды. Бірақ оның еңбектерінде «мемлекет» атауының анықтамасы болмайды. Мемлекет теориясын зерттеуші неміс ғалымы Г.Еллинектің ойы бойынша, алғаш рет бұл түсінікті Ж.-Ж.Руссо өзінің «Қоғамдық келісім» еңбегінде бөліп көрсетті. Артынан, Г. Гегель мемлекеттің араласуынан еркін азаматтардың жеке мүдделерін жүзеге асыру салалары ретінде азаматтық қоғам түсінігін енгізді және мемлекетті саяси жалпылық ретінде анықтады, азаматтардың саяси құқықтарын жүзеге асыру аймағы ретінде анықтады.

Жалпы алғанда қазіргі таңдағы кезеңде мемлекеттің негізгі мәніне анықтама беруде негізгі бес әдісті бөліп көрсетуге болады (15-сурет):

- теологиялық:

- классикалық (арифметикалық);

- заңнамалық;

- әлеуметтік;

- кибернетикалық.



15-сурет. Мемлекеттің негізгі мәніне анықтама беретін әдістер



Теологиялық әдіс мемлекеттің дінге қатынасын көрсетеді. Ол орта ғасырларларда кеңінен пайдаланылды. Қазіргі таңдағы анықтамаларда ислам дінінің іргетасын қалаушылардың өз ұстанымдары бар.

Классикалық (арифметикалық) әдісте, негізінен, мемлекеттің мынадай белгілері бөлініп көрсетіледі:

- негізгісі – өңір, халық, бұқаралық билік;

- жанамалары – салықтар, заңдар, егемендік.

Заңнамалық әдіс мемлекетті ұлттың заңнамалық дербестігі ретінде қарайды (ұлт ретінде мемлекеттің халқы алынады). Мемлекетті көптеген құрылым жүйесі ретінде сараптайды және олар арасындағы құқықтық қарым-қатынас ретінде қарастырады.

Әлеуметтік әдісті ұстанған Руссо, Гоббс және т.б. бойынша, мемлекет-арбитр тұжырымдамасы қайдан шығатыны, топтық мемлекет идеясы қайдан шығатыны, әлеуметтік мемлекет және технократиялық мемлекет қайдан шығатыны мемлекет әлеуметтік келісім ретінде қарастырылады.

Мемлекетті зерттейтін кибернетикалық мектеп XX ғасырдың 60-жылдары пайда болды, ол мемлекетті қоғамдық жүйенің:

- негізгі әлеуметтік институты ретінде;

- ақпарат ағынымен байланысты қоғамдағы бірегей жүйе ретінде;

- ақпаратты қабылдайтын рецепторлар (қабылдағыштар) ретінде қарастырады.

Сыртқы орта (талаптар мен қолдаулар) түйсігінің жүйесіне түсетін «кіру» мемлекеттік жүйеде айналысқа түседі. Нәтижесінде, оларды қарастырғанда мемлекеттік жүйеден «шығу» кезінде шешімдер қабылданады. Бұл шешімдер заң, жарғы, Үкімет қаулысы түрінде ақпаратты туындатады. Ол жүйеге (мемлекетке) енгізіледі, сөйтіп үдеріс қайта жалғасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет