Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет15/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттік құрылымдар керітартпалы, олардағы жаңалық енгізушілерге басты кедергілер мыналар:

- мемлекеттік органдардың монополизмі;

- басшылар мен қызметкерлерде жеткілікті дәрежеде ынта мен инновацияның қалыс қалуы;

- мемлекеттік органдар қызметін бағалаудағы белгілердің қиындықтар;

- қатаң сатылық құрылымның орын алуы;

- заң тарапынан көрсетілген шектеулер және т.б.



Осыған орай өзгерістерді ұйымдастыру барысында басты факторлардың арасында мына төмендегілерді бөліп қарастыруға болады:

- ұйымдық құрылымның мен басқарудың сипаты;

- ресурстардың болуы;

- басшылардың ұстанымы;

- қызметкерлердің құрамы мен сипаты;

- ынтымақтастық және бәсекелестік нысандары;

- мадақтаудың ресми және ресми емес жүйесі;

- шиеленісті жағдайды шешудің түрлері мен әдістері;

- коммуникация және кері байланыс жүйесі;

- ұйымдастыру мәдениетінің ерекшеліктері (құндылықтар мен қағидалар).

Сонымен, жұмыста жаңа әдістерді қолдануға бағытталған қателіктерге төзімді келетін және үздіксіз білім алуға дайын жаңашыл мәдениеті бар ұйымдастыру құрылымдары пайда болады. Егер ұйым қызметкерлері арасында жаңашыл мәдениет басым болса, онда кертартпалы сипатқа ие бюрократтық мәдениет орын алған ұйыммен салыстырғанда, ішкі өзгерістер жеңіл әрі жылдам, сондай-ақ еш қиындықсыз жүзеге асырылады.

Қоғам өмірінің көптеген салаларында динамикалық және терең өзгерістерге ұшырау уақыты туып отырады. Сол себепті мемлекеттік мекемелер бір күндік жаңашылдыққа бой алдырмай, ұйымдық құрылымның жаңалануын, қызмет түрі мен әдістерінің тұрақты және жүйелі дамуын нысанаға алуы тиіс. Сондықтан олардың жетістіктері қоғамның жаңа шарттары мен қажеттіліктеріне қаншалықты жылдам және дер мезгілінде бейімделуіне байланысты.

Сыртқы орта мен өз ішіндегі болып жатқан үдерістерге қызығушылық танытып, ол жайында сенімді ақпараттарды алып отырғысы келетін кез-келген ұйым мониторинг жүйесін енгізуі қажет. Оның басты міндеті үдерістерді бақылап, жағымды жағдайларды айқындау, сондай-ақ ең алдымен жұмыстың тоқтауы және қызметте туындаған мәселелерді шешуде уақытылы шешім қабылдау болып табылады.

Мониторинг – сыртқы тәуекелге орай әрекет ету тетігі мен ұйым жұмысының ауытқуын қамтитын ақпаратты алу және талдаумен байланысты басқарудың арнайы жүйесі.

Бұл ұйымның өзіндік қауіпсіздік саясаты бола отырып, мынадай элементтерді қамтиды:

- ақпараттық жүйе;

- талдамалы жүйе;

- оперативті жүйе.

Мониторинг жүйесінің қалыптасуында оның мақсаты, объектісі, мерзімділігі, субъектісі, кезеңдері мен әдістері айқындалады. Мониторинг тиімді болуы үшін міндетті түрде оның басқару жүйесіне қосылғаны жөн. Яғни, оның құрылымында қабылданатын ұсыныстар мен шешімдер басшыларға жетіп отыруы қажет, сондай-ақ басшылардың ұйым стратегиясы, саясаты, мазмұны, іс-шаралары және өзге де мәселелерге байланысты шешім қабылдауда мүмкіндіктері мен дайын болуының маңызы зор. Соңғы кездері «мониторинг менеджменті», яғни ұйым немесе басқа да үлкен саланы мониторинг жүйесі арқылы басқару деген арнайы атаудың пайда болуы тегін емес.

Мониторингтің бірінші элементі қажетті ақпаратты жинайтын және оны тарататын ақпараттық жүйе болып саналады. Мұнда кездесетін басты мәселе әрбір бөлімше үшін қажетті ақпараттардың ең төменгі мөлшерін анықтап алуы болуы керек. Кері жағдайда, ұйымды «әлемдік ақпараттық тасқын» басып кетуі де ықтимал, сонымен бірге осыдан қорғану мақсатында ұйым кез-келген маңызды және маңызды емес хабарлардың ешбіріне елең етпеуі де мүмкін.

Келесі бір элементке талдамалы жүйе жатады, мұнда ұйымға жинақы ақпараттар келіп түседі. Ұйымда олар ұйымның мақсатқа жетудегі жетістіктерінің деңгейін, тапсырманың қандай дәрежеде орындалып жатқандығын анықтау үшін талдаудан өткізіледі.

Негізгі жұмыстар ұйым қызметін салыстыру және талдаумен байланысты.



Бұл салыстырулар мен талдаулар төмендегі мәселелер бойынша жүргізіледі:

- стандарттар;

- уақыт;

- бөлім жұмыстарын салыстыру.

Талдау нәтижесінде қызметтегі ауытқулардың түрі және нысаны, олардың сипаты мен ұйымның мақсатқа жетудегі ықпалы анықталады. Мұндай біріктірілген мәліметтер жедел жүйеге жөнелтіліп, онда ұсыныстар және стратегияға енгізілген өзгерістер жөніндегі шешімдер, жұмыс мазмұны, бағалау көрсеткіштері мен жалпы маниторинг жүйесі өңделеді. Осыдан кейін ұсыныстар оперативті ақпараттар мен талдамалық анықтамалар түрінде осы салада шешім шығара алатын өкілеттіккке ие ұйым немесе бөлім басшылығына келіп түседі.

Жалпы саясат пен бағдарламаның жүзеге асырылуы жайында айтқанда осы үдерістерді оңтайландыра түсетін бірнеше ортақ қағидаттарды анықтауға болады, атап айтқанда:

1) басқару деңгейінің санын қысқарту және ұйымдық құрылымның жеңілдетілуі;

2) үйлесімділіктің тиімді тетігін құру және саясатты жүзеге асырушылар арасындағы тығыз ынтымақтастық;

3) атқарушы органдарға белгілі бір дәрежеде дербестік және егемендік беру;

4) жұмыс қорытындысының жүйелі бағалануы мен есеп беру тетігін жетілдіру;

5) заманауи басқару технологияларын және ақпараттық-талдамалық жүйені қолдану.

Саяси және мемлекеттік басшылар, өкінішке орай жеткілікті мөлшерде көңіл аудара бермейтін мемлекеттік саясаттың басты элементтерінің бірі – оның бағалануы болып табылады. Осы орайда келіп түсетін ақпараттар мен нәтижелерді, шешімдер және олардың салдарын жалпы алғанда саясатты толығымен бақылауға алатын жүйе болуы керек. Бұл маңызды бөлімсіз мемлекет саясатының барлық тиімділігі төмендейді және сонымен бірге атқарылған жұмыстарға баға бермей болашақ стратегияны дайындау және мемлекеттік бағдарламаларды реттеп отыру қиынның қиыны.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағасы дегеніміз – бұл мемлекеттік саясаттың және бағдарламалардың аяқталғаннан кейінгі немесе жүзеге асырылу барысындағы нақты нәтижелерін зерттеуден және өлшеуден тұратын тетіктері мен әдістерінің жиынтығы.

Бағалаудың басты мақсаты – соңғы немесе аралық қорытындылар бойынша барлық мәліметтерді жинайды және оған ақпараттық талдау жасап, содан кейін оны мына бағыттарда:

- саясаттың орындалуы кезінде немесе қабылданған шешімдердің сапасын арттыру үшін;

- саясат жүргізген нәтижелерді және жетістіктерді анықтау үшін пайдаланады.

- саясат жүргізген нәтижелерді және жетістіктерді анықтау үшін пайдаланады.

Мәселен, мемлекетте әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар қабылданды, осы бағдарламаларға қомақты қаражат бөлінді. Дегенмен де, бұл қаражат ресурсының қаншасы жұмсалғанын және нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге қаншалықты дәрежеде септігі тигенін көбіне ешкім біле бермейді. Іс жүзінде бұл бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижесіне толық баға беру сирек кездеседі. Қорыта айтқанда, жұмыстағы жетістік пен табыстарды, сондай-ақ туындаған мәселелер мен сәтсіздіктерді объективті түрде бағалауға сұраныс барлық кезде де орын алады.

Мемлекеттік саясаттың әр түрлі бағалау түрі, әр алуан белгілері мен қырлары, сонымен қатар саясаттың жүзеге асырылуының барлық кезеңінде қатысушылар үдерісіне қатысатын әрекеттері болады.



Мемлекеттік саясатты бағалаудың негізгі түрлеріне жататындар (14-сурет):

1) жүзеге асыру үдерісін бағалау;

2) жетістіктерді бағалау;

3) нәтижелерді бағалау;

4) экономикалық тиімділігін бағалау.

14-сурет. Мемлекеттік саясатты бағалаудың негізгі түрлері



Негізгі міндет – саясатты немесе бағдарламаны жүзеге асырып отырған мемлекеттік құрылымдардың қызметіне, саясат пен бағдарламаның жетістіктері мен нәтижелеріне баға беру болып табылады.

Біздің елімізде мемлекеттік саясатты бағалау жаңа бағыт болып саналады, әйтсе де іс жүзінде оның көптеген элементтері мемлекеттік билік

органдарында бұрыннан бері қолданылып келеді. Сондықтан, бүгінгі таңда барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдарына бағалау әдістерін зерттеуді жан-жақты енгізу міндеті қойылған.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құрамдас бөліктері.

2. Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың қатысушылары.

3. Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік органдардың қызметі.

4. Мақсатты бағдарлама дегеніміз не?

5. Өзгерістерді ұйымдастыру барысындағы басты факторлар.

6. Мониторинг жүйесінің қалыптасуы.

7. Мемлекеттік саясатты бағалау түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет