Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет57/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мұндай тәсілдерге жататындар:

- ақшаны шетелге шығаруға тыйым салу;

- валюта саудасына мемлекеттік монополия енгізу;

- шетелдік тауарларды сату үшін «қойма орындарын» құру (қатаң жазалардан үрейленген шетелдіктер саудадан түскен барлық қорды сол елдің жергілікті тауарларын сатып алуға, яғни сол елдің аумағында ғана жұмсауға мәжбүр болды).

ХVI ғасырдың екінші жартысында дамыған кейінгі меркантилизм (мұның өкілдері ағылшын Т.Манн, итальяндық А.Серра, француз А.Монкретьен) ХVII ғасырда гүлдену дәрежесіне жетті. Кейінгі меркантилизмді жақтаушылар мемлекеттің байлығы елден шығарылған және әкелінген тауарлар құнының айырмашылығына, яғни экспорттың импорттан артуына байланысты дегенді ұстанды.

Мұндай айырмашылықты қамтамасыз етуге төмендегілер ұсынылды:

- өз елінен бұйымдарды, оған қоса тек дайындарын шығару (шикізаттарды шығаруға қарағанда бұлардың түсімі жоғары болады), бай жиһаздарды шеттен алып келуге тыйым салу;

1-кесте. Мемлекеттік басқару теориялары туралы тұжырымдар

Ғылыми теория, бағыты,

мектебі және тәсілі



Жылы

Өкілі

Мемлекеттік басқару саласындағы басты идеясы

Ерте

меркантилизм



XV –

XVI ғғ.


У.Стаффорд, Г.Скаруффи

Елде ақша ұстап қалуға бағытталған мемлекеттің қабылдаған шешімін қолдады

Кейінгі

меркантилизм



XVI – XVII ғғ.

Т.Манн, А.Серра, А.Монкретьен

Мемлекет байлығы елден шығарылған және әкелінген тауарлар құнының айырмашылығына байланысты

Классиктер (экономикалық либерализм)

ХVIII ғ.

Адам Смит, Давид Рикардо

«Көрінбейтін қол» қағидаты

Бюрократтық туралы ғылым

1885-

1920 жж.


В.Вильсон, М.Вебер, Ф.Гуднау,

Мемлекеттік басқару теориясының ерекше ғылымдар қатарына қосылуы, бюрократтық ұтымды қағидаттарының енгізілуі

Ғылыми коммунизм

XIX –

XX ғғ.


К.Маркс, В.И.Ленин

Өндіріс қорын қоғамдық жеке-меншіктеуге негізделген экономиканы орталықтанған мемлекеттік жоспарлы басқару

Ғылыми басқару мектебі

1920-

1950 жж.


Ф.Тейлор,

Г.Форд


Басқару үдерісіне ғылыми әдістерді енгізу, мемлекеттік басқаруда қорды үйлесімді пайдалану, еңбек пен өндірісті ұтымды әдістері

Әкімшілік мектеп

1920-

1950жж.


А.Файоль

Қызметтік бөлініс және басқаруды мамандандыру

Адами қарым-қатынас мектебі

1930-

1950жж.


А.Маслоу, М.Фоллет

Еңбек мен қызметкерлер мүддесін жетілдіру әдістері

Мінез-құлықтық тәсіл

1950 жж.

Г.Саймон

Мінез-құлық ғылымдарының тұжырымдамасын пайдалану

Мөлшерлік

Мектеп


1950-

1970жж.


Р.Акофф

Басқарудың үйлесімді шешімдерін дәлелдеу үшін өңдеу операцияларын зерттеу

Экономикалық үдерістің даму теориясы

XX ғ.

Р.Нельсон және С.Уинтер

Экономика мен биологиядағы даму үдерістер теңестірілді, сонымен қатар, ең алғаш экономикалық дамуда екі диалектикалық қарама-қайшы үдерістердің: өзгергіштік пен селекцияның болуы көрсетілді

Үдерістік тәсіл, Жүйелік тәсіл,

Ситуациялық

тәсіл


1950-

1980- жж.



П.Друкер, Д.Катц, К.Кан

Үйлесімділігін арттыру мақсатында басқару үдерісінің табиғаты мен сипатын зерттеу, жүйелі талдау, стратегиялық жоспарлау мен басқару әдістері

Мөлшерлік Мектеп 1950-1970жж. Р.Акофф Басқарудың үйлесімді шешімдерін дәлелдеу үшін өңдеу операцияларын зерттеу Экономикалық үдерістің даму теориясы XX ғ. Р.Нельсон және С.Уинтер Экономика мен биологиядағы даму үдерістер теңестірілді, сонымен қатар, ең алғаш экономикалық дамуда екі диалектикалық қарама-қайшы үдерістердің: өзгергіштік пен селекцияның болуы көрсетілді Үдерістік тәсіл, Жүйелік тәсіл, Ситуациялық тәсіл 1950-1980-жж. П.Друкер, Д.Катц, К.Кан Үйлесімділігін арттыру мақсатында басқару үдерісінің табиғаты мен сипатын зерттеу, жүйелі талдау, стратегиялық жоспарлау мен басқару әдістері стихиялы түрде орныққан және нарық жүйесінің қызмет етуінде қолайлы режим болып табылатын «табиғи үндестік» (тепе-теңдік) идеясы жақын болды. Смит мұндай экономиканың табиғи қызмет етуін «көрінбейтін қол» қағидаты – жеке табысқа жету ортақ табысқа, өндіріс дамуы мен прогресске жетелейді деп атады.

А. Маршалдың пікірінше, аталған идеяның пайда болуына XVIII ғ. екінші жартысында, егер мемлекет жеке ретке келтіріп отыратын қағидасын әрбір адамның «табиғи» еркіндігіне қарсы қойып, істі өзінің қалауынша жүргізсе, қоғамның өркендеуі әрқашанда жапа шегіп отырады дегенді бекіте түскен доктринаның кемеліне жетуі себеп болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет