1. Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің демократизациялану қағидаты. Демократизацияланудың маңызды элементі болып, қоғам алдындағы ашықтық, орталық және жергілікті басқару органдарының арасында жаңа басым қарым-қатынасты орнату, мемлекеттік қызмет тиімділігінің артуы үшін ортақ қызығушылыққа сай жағдай жасау.
2. Клиентке бағдарланған қағидат. Клиент пен әкімшілік қызмет өнімін тұтынушылардың қызығушылықтары Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік басқару жүйесі қызметкерлерінің басты жұмысына айналуы.
3. Ақырғы нәтижеге бағытталған қағидат. Мемлекеттік қызметтің ескі жүйесі негізінен алғанда нәтижеден гөрі үдеріске көп бағытталған болатын.
4. Рентабельділік қағидаты. Бұл қағидат бойынша Үкіметтің мемлекеттік ресурсты өз қызметіне үнемді және мақсатты жұмсауы көзделген. Оған әр түрлі жолдармен жету қарастырылған, мысалы керек емес бағдарламаларды қысқарту, жеке компанияларға басқару қызметінің бір бөлігін беру, қайтарымның оңтайлы коэффициентіне қол жеткізу және т.б.
5. Басқарудың қарапайым қағидаты. Ол өмірдегі басқарудың оперативтілік деңгейінің жоғарылау қажеттілігіне байланысты туындаған. Бұл өз кезегінде басқару рәсімдерінің, шешімдер дайындау мен қабылдаудың, жедел бірліктер дербестігінің артуын, қабылданған бағыттамаларды жүзеге асыруда орындаушылардың жауапкершілігінің ықшамдалуын талап етеді.
Осылайша, «жаңа мемлекеттік басқару» тұжырымдамасында мемлекеттік менеджмент, мемлекеттік әкімшілік сияқты азаматтың мемлекеттік әкімшілік басқарудың тұтынушысы ретінде бейімделу қағидаттарының енгізілуі келесі міндеттердің шешілуіне ықпал етті, атап айтар болсақ:
- мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру;
- мемлекеттік қызметті «менеджеризациялау»;
- мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауда кейбір нарықтық қағидаттардың енгізілуі (Ұлыбритания, Италия, Нидерланды, Жаңа Зеландия және т.б.);
- Үкіметтік байқау негізінде кез-келгенмемлекеттік қызмет немесе көмек көрсету келісім-шарты бойынша Үкіметтік емес құрылымдардың құрылуы;
- мемлекеттік қызметке кәсіби және білікті менеджерлердің келуі;
- мемлекет қорын тиімді және үнемді пайдалану;
- ақырғы нәтижеге жетуге бейімделу;
- көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының артуы;
- жеке саламен, халықпен кері байланыстың орнауы;
- мемлекеттік қызметтің мәдени, беделді және моральді-этикалық ықыласының артуы (әсіресе АҚШ, Ұлыбритании, Франции және т.б.);
- лауазымды қызмет алуда, қызмет бабымен жоғарылуда байқау емтихандарын өткізу жүйесін кеңейту;
- азаматтық қызметкерлер санын, олардың айрықша құқықты иеленуін қысқарта отырып, бір мезгілде олардың жалақысын өсіру және жасаған жұмыс нәтижесіне байланысты олардың үдемелі шкаласын енгізу (Ұлыбритания, Нидерланды, Оңтүстік Корея, АҚШ);
- жұмыс қорытындысы бойында бонустың төленуі (Жапония).
Әкімшілік реформа әлемнің көптеген мемлекеттерінде кадрлық саясаттың отандық түрленуіне негіз болған және қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыра алатын «еткен еңбегі мен абыройы жүйесі» («merit system») деген атты иеленген мемлекеттік аппараттың қалыптасуына алып келуі қажет. Мұндай жүйе, жалпы алғанда қажет болған жағдайда жеке салалардағы дарынды, ерекше білімдерді бойына жинақтаған адамдарға ашық болып табылатын кәсіби мемлекеттік қызметке бағытталады. Сонымен қатар, мемлекеттік аппараттың тиімділігі санымен емес, айтарлықтай қатаң айқын белгілер бойынша арнайы дайындықтан және де айқын кадрлық қызметтік басымдығы бар шебер адамдармен қамтамасыз етіледі.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін:
- өкілетті органдарды анықтау (қызметтерін), мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту стратегиясын жүзеге асыру;
- нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
- мемлекеттік қызмет көрсету мен олардың көрсетілуі туралы әлеуетті тұтынушылардың ақпараттану жүйесін жетілдіруге сәйкес инфрақұрылымды дамыту (ақпараттық орталық құру, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру);
- ақпараттың қолда бар деректерін пайдалануға байланысты мемлекеттік қызметшілер мен қызметті тұтынушыларға арналған оқыту жүйесін құру;
- сыбайлас-жемқорлықты жою, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есеп беру міндетін арттыру, сонымен бірге бюрократтық пен қызмет көрсету барысында кездесетін былықтарды азайту арқылы арқылы мемлекеттік қызмет тиімділігін жоғарылату мемлекеттік басқарудың міндеті саналады.
Бақылау сұрақтары:
1.Экономиканы мемлекеттік басқарудың шетелдік үлгілері.
2.Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құрамы.
3.Мемлекеттің қатысу үлесінің тәуелділігіне байланысты экономиканы мемлекеттік басқарудың түрлі үлгілері.
4.«Қазақстан - 2050» Стратегиясы мемлекеттік басқару туралы.
5.Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары.
6. Билік органдары қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |