Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет61/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

1. Швед экономикалық үлгісі.

«Швед үлгісі» тіркесі Швецияның әлеуметтік-экономикалық жағынан өте дамыған мемлекеттердің бірі болып танылғанынан кейін пайда болды. Кейбіреулер швед экономикасын өндіріс саласында жеке меншік және жалпы қоғамдық тұтынушылық басым нарықтық қатынастар мен мемлекеттік басқарудың үйлесуінен тұратын сипатқа ие екендігін айтады.

Шведтік үлгіні анықтау әдістерінің бірі шведтік саясатта айқын екі басым мақсаттың болуына келіп тіреледі: толық жұмыс бастылық және кірістерді теңестіру, бұл экономикалық саясат әдістерін анықтайды. Жоғары дамыған еңбек нарығында жүргізілетін белсенде саясат пен тек қана ауқымды мемлекеттік сала (мұнда бәрінен бұрын басты назар мемлекеттік меншікке емес қайта бөлу саласына қаратылады) осы саясаттың нәтижелері ретінде қарастырылады.

Осылайша «швед үлгісі» түсінігін бір жақты қабылдауға болмайды. Үлгінің негізгі мақсаты, бұдан бұрын айтылғандай ұзақ уақыт бойына жұмыс бастылық пен кірісті теңестіру болып табылды. Бұлардың үстемдігі швед жұмысшы қозғалысының ерекше қуатымен ғана түсіндіріледі. Швеция басқа елдерден экономикалық саясаттағы негізгі және өзгермейтін мақсаты ретінде толық жұмыс бастылықты таңдауымен, ал швед халқының жалпы алғанда осы мақсатты толық жақтаушысы екендігімен ерекшеленеді.



2. АҚШ экономикасы: мемлекеттің американдық экономикадағы рөлі.

Американың қазіргі экономикалық тарихындағы маңызды әрі мәңгі тақырып пен сұрақтардың бірі мемлекет қашан және қаншалықты деңгейде кәсіпкерлік қызметке араласуы керек. Тарихи жағынан алғанда кәсіпкерлікке қатысты АҚШ-тың мемлекеттік саясаты «laisser-faire», яғни «дамыл беру» деген мағынаны білдіретін француз атауымен сипатталды. Сонымен бірге арласпау тәжірибесі көп жағдайда жеке компаниялардың мемлекеттен көмек сұрауына кедергі де болмайды. Жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік басқаруын екі санатқа бөлуге болады – экономикалық және қоғамдық басқару. Экономикалық басқарудың рөлі негізінен бағаны бақылап отыру. Екінші жағынан қоғамдық басқарудың мақсаттарына экономикалық сипатқа тән емес, мәселен еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаның тазалығы сияқты мақсаттар да жатады.



1993 жылғы Үкіметтің жұмыс тиімділігі мен нәтижелері туралы Заңы департамент пен агенттіктерден бірдей және өлшемді түрде есеп беру міндетін талап ете отырып, үкімет жұмысының тиімділігін жоғарылатуға негіз болады:

- онда стратегиялық мақсаттар мен бағытарды қою үдерісі көрсетіледі;

- бір жылдық іс-шаралар мен мақсаттар беріледі;

- қол жеткізген нәтижелер өлшенеді;

- осы аталғандар бойынша есеп беріледі.

Заң ведомстволардан тек салық төлеушілердің қаражатын пайдалануды ғана бақылап қоймай, көлемді қаржыландыру үшін қатаң бақылау қызмет тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауды да талап етеді.



3. Британ елдеріндегі реформалар.

Оны екі жалпы кезең бойынша сипаттауға болады. 1980-жылдардың басынан 1997 жылдар аралығындағы реформаның қозғаушы күші мемлекеттік қызметке бәсекелес және келісім бастамаларын енгізуге ұмтылу болып табылды. Бұл жауапкершілік табысталуының жарқын бағытының, және де жұмыстың нәтижелілігін нығайта түскен жеке маманданған басқару құрылымының пайда болуына алып келді. Реформаның бірінші кезеңі 1970-жылдардағы экономикалық дағдарыс пен 1979 жылғы М. Тэтчердің консервативтік үкіметінің және 1997 жылы Тони Блэр үкіметінің сайлануымен тұспа-тұс келді.

1997 жылдан кейінгі кезең аталған идеядан жүйеге өту, яғни мемлекеттік саладағы әр түрлі бөлімдердің өзара әріптестік пен серіктестікке негізделуі.

Ауыртпалық орталығы аралық қорытындылардан ақырғыға ауыстырылды, саясат пен қызмет көрсетуде қалыптасқан пікірді ұзақ мерзімді басымдықты ескеру ұмтылысы көрініс тапты.



Британ реформаторлары мемлекеттік басқарудың бірқатар саласында ауқымды жұмыстар жүргізді:

- мемлекеттік басқару құрылымының ұйымдастыру құрылымын реформалау;

- мемлекеттік бағдарламаларды қысқарту;

- мемлекеттік қызметті реформалау және кадр реформасы;

- бюджет үдерісіндегі өзгерістер;

- электронды үкімет.

Қазіргі әкімшілік реформалары мемлекеттік қызмет көрсету келісімдерімен қамтамасыз етілген, қызмет әрекетінің нәтижелері негізінде басқарудың шекті жүйесі шеңберінде жасалған. Қызмет көрсету келісімдері өз тұрғысында Үкімет пен оның шығындар туралы шешімдеріне байланысты басым мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдайды. Әрбір келісім қорды үш жылда бір қаржыландыруға негізделген. Ол ведомство қол жеткізуге ұмтылған саяси нәтижелер мен мақсаттар арқылы және де оның жұмысы бағаланатын белгісі бойынша анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет