Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет63/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Аталған реформаның негізгі мақсаты:

- барлық деңгейде де мемлекеттік басқару тиімділігін айқын, қарқынды және ұдайы өсіру;

- штаты біліктілік негізі мен іскерлік сапасын игерген қызметкерлер жиынтығынан құралған мемлекеттік басқару мен орталық мемлекеттік қызметтің тәуелсіз және кәсіби үлгісін құру;

- қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ қызметінің негізі тұтынушыға бағытталған мемлекеттік басқару жүйесін құру;

- мемлекет пен жеке сала арасындағы өзара қарым-қатынасты жетілдіру болып табылады.

Қазақстан үшін мемлекеттік басқарудың заманауи тиімді жүйесін құру, экономикалық дамудың басты қозғаушы күші болуға тиіс отандық ірі кәсіпкерлікті, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызу үшін өте қажет-ақ. Бұл жағдай өз кезегінде біздің елімізге әлемдік нарықта табысты бәсекелестікке түсуге, сонымен бірге өзімізде тікелей шетелдік инвестиция көлемін едәуір ұлғайтуда және отандық капитал мен инвесторлар үшін жағымды инвестициялық климат құруға жағдай жасайды. Тек осындай мүмкіндіктермен ғана қазақстандық экономиканың жалпы даму қарқынын жеделдетуге, сондай-ақ оның индустриалды-инновациялық даму бағытындағы әртараптандыруды қамтамасыз етуге қол жеткізуге болады.



Қазіргі кезде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі үш құрамымен анықталады:

- азаматтар мен кәсіпорындардың арақатынасының тиімділігі;

- мекемедегі жекелеген ішкі қызметтердің тиімділігі;

- билік органдарының өзара байланыстарының тиімділігі.



Күтілетін стратегиялық нәтижелер мазмұны:

- қабылданған шешімдер сапасын жоғарылату;

- азаматтардың билікке деген сенімін арттыру;

- билік органдарын қамтамасыз ететін тікелей және жанама шығындарды біршама азайту.

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын өсірудегі маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Осыған орай:

1. Мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастыру құрылымы мен қызметін жетілдіру. Мысалы, саясатты қалыптастыруда бірнеше жетекші министрліктердің қолында шоғырланған нақты анықталған өкілеттіктер мен қажетті қоры бар әр түрлі жеке агенттіктерде баяндалатын қызметтердің бөлінуі және оның орындалу қызметі одан әрі жалғасын табады.

Жеке компанияларда қолданылатын мемлекеттік сала жұмысына нарықтық қатынастар тетігі (бәсекелестік, байланыс жүйесі, тендер, рентабельдік, маркетинг, жарнама және т.б.), сонымен қатар, менеджмент әдісі (сапаны жаппай бақылау, ең жоғары көрсеткіш әдісі, жобалық басқару, стратегиялық басқару және т.б.) кеңінен енгізіле бастады. Сондықтан халық ауқымды таңдау еркіндігіне ие болады, мемлекеттік қызметшілер көрсетілетін қызмет түрінің сапасын арттыруға талпынады, ал нәтижесінде барлық мемлекеттік аппараттың қызмет нәтижелілігі арта түседі.

2. Мемлекеттік саланың көпвекторлық демократиялануы.

Мұның мәні мен мазмұны:

- азаматтармен әлеуметтік сауалнамалар жүргізу арқылы кеңінен кеңестер жүргізу;

- ең төменгі әкімшілік бөлімдерге кейбір шешімдерді қабылдауға құқық беру, жұмыс орындарында демократияны енгізу;

- мемлекеттік саланың ашықтығын күрт көтеруге, атап айтқанда, азаматтар мен олардың ұйымдарының мемлекеттік органдардың жұмыс үдерісіне қол жетімділігі - «айқын» бюрократтық құру, сондай-ақ, басқарушы тұлғасын көру мүмкіндігіне, оның жауапкершілігі мен есеп беруін бақылау;

- арыздарды қарау рәсімдері мен құрылымдарын нығайту;

жақсы ұйымдастырылған «паблик рилейшнз» науқандары арқылы әкімшілік имиджін жетілдіру.

3. Мемлекеттік қызмет пен оларды бөлу сапасын жетілдіру, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту. Соңғы кездері «Тұтынушыларға бағытталған құрылымдар құру» деген ұран әйгілі бола бастады. Мұның артында мемлекеттік қызметтің басты қызметін азаматтардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттаған басшылардың табанды талпыныстары тұр. Сонымен қатар, тәжірибеге «ықыласты бюрократтық» тұжырымдамасын енгізу талпынысы да байқалады, мұнда қағидатты түрде аппарат пен азамат арасындағы қарым-қатынас сипаты өзгереді, соңғысы әрекетсіз салық төлеуші мен «өтінушіден» белсенді «тапсырыскерге» – мемлекеттік қызметтің қызметін тұтынушыға айналады.

4. Мемлекеттік қызмет пен адам қорын дамытуды реформалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет