Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет62/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

4. Жапониядағы мемлекет рөлі.

Жалпы мәселелерді шешуде мемлекеттік аппарат пен ірі капиталдың бірлікте болуы экономикалық үлгінің басты ерекшелігі. Мұнда күні бүгінге дейін өндіріс, сауда, банк компаниялары мен Үкімет әрекеттерінің жоғары үйлесімдігі байқалады. Соғыстан кейінгі жылдары мемлекеттік кәсіпкерлік қарапайым орындардың бірін ғана иеленген. Елде жалпы мемлекеттік, аймақтық, мақсатты, салалық және фирмалық ішкі жоспарлау жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жалпы мемлекеттік деңгейде экономикалық және әлеуметтік дамудың бағыттарын айқындайтын қоғам үшін негізгі және күтілетін көптеген жоспарлар, болжамдар, индикативті сипаттағы бағдарламалар дайындалады. Жалпы мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік саланың шамалы үлесіне байланысты ең алдымен жеке фирмалардың басқару қызметіне бағытталған. Жалпы Ұлттық экономикалық дамудың негізгі мақсаттары мен міндеттері нақты түрде нұсқаулық сипатқа ие ішкі корпоративті жоспарлаудың мазмұнын көрсетеді. Осылайша өзара байланысатын күрделі жоспарлау жүйесі пайда болады. Ішкі корпоративті жоспарлау өз кезегінде жалпы мемлекеттік бағдарламаларды дайындауда «Кэйданрэн», «Дюкай», «Никкэйрэн» тәрізді жеке ірі компания бірлестіктерімен және де сәйкес қауымдастықтармен, қаржы-өндірістік топтармен кеңесу тетігі арқылы санасады.



Жалпы мемлекеттік жоспарлау жүйесі мыналардан құралады:

- экономикалық және әлеуметтік даму жоспары;

- даму және жерді пайдалану жоспары;

- өндірістік күшті оңтайлы орналастыру;

- салалық жоспарлау;

- жалпы мемлекеттік мақсатты бағдарламалар;

- аймақтық жоспарлау.

Жоспарлар мен бағдарламалар өзінің индикативтілігіне қарамастан олардың тиімділігі мен орындалуын қамтамасыз ететін қаржылық, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы ауқымды арсеналмен нығайтылады. Жалпы мемлекеттік экономикалық жоспар дегеніміз мемлекетті барлық экономикалық және әлеуметтік ресурспен қамтамасыз ететін және мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар ұсынатын жоспарлар. Мемлекеттік басқару шарттары мен кең көлемдегі қолдаудың негізінде шағын фермалардан тұратын ауыл шаруашылығы дамыды.

Жапонияның өзіндік экономикалық үлгісін сонымен бірге жоғары қызметтегі тұлғалардың рөлі нақты толықтыра түседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша бұлардың жарлықтары фирмалар тарапынан міндетті түрде орындалады. Егерде кім де кім бұл заңдылықты бұзатын болса, өзгелерге үлгі болсын деп бір фирманы өте қатал жазалайды. Көріп отырғанымыздай қарастырылған экономикалық үлгі нарықтық күшті едәуір шектеу арқылы құрылған. 1993 ж. аяғына дейін әділ келісімдер комиссиясының мәліметі бойынша өндірілген барлық өнімдердің 40 пайызы қандайда болмасын шектеулер мен мемлекеттік басқару нысаны болып табылған. Экономикалық және әкімшілік басқару қағидаттарының негізінде мемлекет өмірде кәсіпкер топтардың қатысуымен тиімді төселген саясат жүргізуде жолы болды.

Жапониядағы экономикалық үлгі соңғы он жылдың ішінде біртіндеп өзгерістерге ұшырады, ол «жартылай мемлекеттіктен» ашық және нарықтық қағидаттарға сүйенген үлгіге айналды. Осылайша көптеген өндіріс компаниялары тікелей қаржыландыру қағидатына өтті (бағалы қағаздар, әсіресе акциялар және басқалар). 1981-1985 жылдары шығарылған акциялар мен басқа да айналымдағы және кепілді бағалы қағаздар фирмаға жұмылдырылған қордың 1/4 құрады. 1989 жылы бұлар 70 пайыз өсті. Дегенмен осы уақыттың барлығында да мемлекеттік органдар, сыртқы сауда мен өндіріс министрлігі шаруашылық салаларының тұрақтылығын басты назарға алып, шаруашылық субъектілердің әкімшілік реттелуі мен олардың протекционистік және патерналистік қорғалуын қадағалап отырды.

5. Қытай.

Қытайдағы экономикалық реформа едәуір дәрежеде аймақтық факторды ескеріп, аймақтың өзін-өзі қамтамасыз ету бағытын ұстанды.

Аймақтық саясат билікті провинциалды, муниципалды және өзін өзі басқарудың жергілікті органдарына беру арқылы жүзеге асырылды. Сол 10-12 жылда Қытайда ондаған өндіріс аудандарын құру, көптеген өндіріс және коммерциялық мекемелер, қонақүйлер, мейрамханалар, тұрғын үйлер, туристік нысандар мен жолдар жүйесін, коммуникация, инфроқұрылымдық нысандар, әуежайлар және т.б. құрылды.

Л.С.Бляхман және М.И.Кротов реформаның қытайлық жолының тағы да бірқатар ерекше сипатын ажыратады:

- мемлекетсіздену үдерісі агро-өндірістік кешендерден, орман өндірісі мен саудадан бастау алды. Бұл халыққа реформаның бастапқы кезеңінде-ақ материалды ұтыс алып келді және шаруалардың, қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің қызығушылығын арттырды. Мұндай салалар шартты түрде ең төмен капитал сыйымдылығымен, капиталдың жылдам айналымымен және жанұя қатарларының кең көлемдегі пайдалануымен ерекшеленеді;

- ірі индустриалды сала мемлекеттің иелігінде қалды, дегенмен мұнда кәсіпорындардың біртіндеп коммерциализациялануы мен акционерлену үдерісі жүруде.

Жоғарыдағыларға сүйеніп, әлемдік тәжірибені зерттеудің нәтижесі экономикада мемлекеттік басқарудың кемелденген абсолютті жүйесінің әлемнің бірде бір елінде де жоқ екендігін, ал экономиканы басқару жүйесін реформалаудың үздіксіз үдеріс екенін көруге болады.

Мемлекеттің қатысу үлесінің тәуелділігіне байланысты экономиканы мемлекеттік басқарудың әртүрлі үлгілері бөлініп шығады.

Ал оларды төмендегідей үлгі бойынша топтастыруға болады (54-сурет):

- саксондық (АҚШ, Канада, Англия) – кәсіпкерліктің үлкен еркіндігі;

- батысеуропалық (Франция, Италия, Испания) – индикативтік жоспарлау көмегімен белсенді мемлекеттік басқару жүргізу, мемлекеттік саланың үлкен үлесі;

- әлеуметтік бағдарлы (Германия, Австрия, Голландия) – мемлекеттің әлеуметтік бағыты басым;

- скандинавтық (Швеция, Дания, Норвегия) – мемлекет пен жеке капиталдың әлеуметтік бағдары басым;

- патерналистік (Жапония) – күшейтілген мемлекеттік басқару, дәстүрді өндірістің заманауи әдісіне пайдалану.



54-сурет. Экономиканы мемлекеттік басқарудың әр түрлі үлгілері

Шетелдік тәжірибені зерттеу мен талдау экономикалық үдерістерді мемлекеттік басқарудың барынша тиімді түрлері мен тетіктерін қолдануға, елдің ерекшеліктерін ескере отырып өзімізде енгізуге мүмкіндік береді.

Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Қазақстанда бастау алған мемлекеттік құрылым үдерісі жаңа мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ жаңа талаптарға сай мемлекеттік билік органдарының қызметік сипатының өзгеруімен қатарласа жүріп отырды. Кеңестік дәуірден біздің заманымызға мұраға қалдырылған мемлекеттік басқару жүйесі еліміздегі нарықтық экономиканың да, сондай-ақ құрылып жатқан мемлекеттік қатардың да талаптарын қанағаттандыра алған жоқ. Нарықтық экономикаға қарқынды түрде көшу және де шаруашылық қызметтерін жан-жақты либерализациялаудың жүргізілуі мемлекеттік басқару құрылымы мен қызметіне елеулі түрде ықпал етті.

Жүргізілген кең ауқымды реформалардың нәтижесінде Қазақстанда бүгінгі күні заманауи нарықтық экономиканың талаптарына бейімделген мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып отыр, мемлекеттік биліктің орталық органдарына өкілеттіктер мен қызметтерді беру үдерісі өз бастауын алды, сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі аумақтық дамуға байланысты көпшілік мәселелерін шешу үдерісінің жүзеге асырылуы қолға алынды.

Қазіргі таңда Қазақстан өзінің мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізуді жалғастыру үдерісі қуатты да әл-ауқаты артқан, орнықты және

өсіп-өркендеген мемлекет құруға бағытталған іс-шаралар кешенінің негізгі бөлігі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет