Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет19/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Л.С. Мамут құқықтық мемлекеттің мынадай белгілерін бөліп көрсетеді:

- құқықтық заңның жоғарылығы;

- тұлғаның құқығы мен еркіндігінің қамтамасыз етілуі;

- билікті бөлу қағидаты негізінде мемлекеттік билікті ұйымдастыру;

- жеке адам, қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынасының құқықтық нысаны (құқықтың, міндеттердің және жауапкершіліктің өзаралығы).

Бірақ, құқықтық мемлекеттің қандай болуы керектігі жайындағы түсінік көптеген тұжырымдамаларда әр түрлі. Негізінен, құқықтық мемлекет белгілерінің бірі абсолюттендіріледі.

Тұрақты батыс демократияларына тән классикалық либералды түсіндірмелерде, ең бірінші кезекте, тұлғаның басым құқықтары мен еркіндігі алға шығады. Саяси жүйенің тұрақты демократиясына сай құқықтық мемлекет мемлекетті ұйымдастыру типі ретінде қарастырылады. Ол демократиялық азаматтық қоғамға сайма-сай келеді. Бұл демократиялық конституциялық мемлекет өз ісінде мемлекетті егеменді халық еркіне бағындырып, тұлғаның құқығы мен еркіндігін қорғаумен шектеледі. Бұндай мемлекетте қарым-қатынас конституциямен анықталады. Ол халық пен билік арасында «қоғамдық келісім» ретінде алға шығады. Мемлекет пен қоғам арасындағы басымдыққа адам құқықтары ие. Мемлекет тарапынан адам құқықтарын бұзу болуы да мүмкін. Сондықтан да, азаматтар өздерін мемлекеттік билік органдарының заң бұзушылықтарынан қорғанатын мүмкіндіктерге ие болуы керек. Бұл анықтама Дж. Локктікіне сай. Мемлекет азаматтық қоғамға қарсы тұрады, ал ол болса, құқықтық мемлекеттің екінші жағы болып табылады. Бұл анықтама еркін бәсеке мен ерте либералды мемлекет кезеңіне сай келеді.

Қазіргі жағдайларда, «еркін бәсеке» кезеңінен ерекшеленетін «құқықтық мемлекет» түсінігінің жаңа анықтамалары пайда болып жатыр. XX ғасырда мемлекет пен қоғам арасындағы шекара бөлінісі жақындай түсті. Бір жағынан, мемлекет қоғамның әлеуметтік және саяси өмірін реттеуде басымдыққа ие болып, әлеуметтендірілді, ал, екінші жағынан, «қоғамның саяси жүйесі» құбылысының пайда болуынан мемлекет биліктің жалғыз ғана құралы ретінде өзінің монополиялық жағдайынан айырылды. Ол азаматтық қоғамда қалыптасатын өзге де қоғамдық-саяси институттардың ортасындағы қоғамның саяси жүйесінің элементтері болып саналады.



Сондықтан да, қазіргі таңдағы кейбір зерттеушілер мынадай ойды ұстанады:

- әлеуметтік жүйені құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға бөлу капитализм дамуының бастапқы кезеңіне ғана тән, қазіргі кезде ол өз өзектілігін жоғалтты;

- құқықтық мемлекетке оның классикалық либералды анықтамасында «әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасы қарсы қойылды.

Бұлар қазіргі кезде де өз өзектілігінен айырылған жоқ сияқты. Әсіресе, оның өзектілігі посттоталитарлық мемлекеттерде алға шығады (жаңа саяси жүйе қалыптастырып жатқан мемлекеттерде). Бірақ бұл анықтама жаңа мағынамен толықтырылуды талап етеді. Құқықтық мемлекет қоғам мен мемлекеттің ең жоғары дамыған баспалдағын білдіреді, сонымен қатар, классикалық либералды анықтамасындағы конституциялық мемлекетпен салыстырғанда да жоғарғы баспалдақты көрсетеді. Бұл мемлекет, яғни жаңа сапаға ие болған, мемлекеттіліктің дамуының ең жоғарғы баспалдағына жеткен мемлекет. Бұл шынайы тұрғыда мемлекет, тұлға және қоғам арасындағы құқықтық қарым-қатынас қалыптасқан мемлекет, яғни ол қоғамды мемлекетке қарсы қою емес, керісінше, мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестік қарым-қатынасы.

Сондықтан да, құқықтық мемлекет қалыптасуының тарихи үдерісі егемендік қағидатын құқыққа бөлуден, билік алдында құқықтың басымдығынан, азамат, қоғам немесе оның өзге бөлшектерінің, азшылықтың немесе көпшіліктің еркінен (өз кезегінде, демократиялық конституциялық мемлекет үшін негізгі қағидат ретінде халық егемендігі саналады) тұрады. Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттің халық егемендігін жүзеге асыратын құқықтық насаны деуге болады. Құқықтың басымдығы тараптар ара қатынасындағы бекітілген құқықтық қарым-қатынасты білдіреді. Ол, әсіресе, билік пен құқық арасында қиынға түседі, себебі биліктің дәстүрлі егемендігі мен дәстүрдің заңды белден басу күшіне сай, яғни заң шығаруға басым құқыққа ие билік заңды шығарады. Бұндай жағдай ұзақ уақыт бойы заңдылықтан тыс болып саналды. Жағымсыз тәжірибе қиын, сондықтан да, қоғам тереңдетілген қайта құруды талап етеді және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы үшін оның құқықтық танымын талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет