Абсолютті монархия құл иеленушілік және феодалдық қоғамдарға тән. Мұнда ол деспоттық билеу кезінде көрінді. Классикалық деспотизм Ерте Шығыс (Ассирия, Вавилон және т.б.) елдеріне тән. Абсолютті монархиялық билік кезінде патша жалғыз ғана құқықты жасаушы және субъектісі болып саналды. Ол шексіз билікке ие болып, өз билігін тек өзіне бағынатын мемлекеттік бюрократтықтың жүйесі арқылы жүзеге асырады; оған
бағынушылар (қарамағындағылар) тек қана құқық объектілері. Жазалау қызметі де патша қолында шоғырланады. Батыс Европадағы абсолютті монрахияның гүлденуі XVII-XVIII ғғ., ал Ресейде XVIII-XIX ғғ. сай келеді. Қазіргі таңда осы басқару нысаны кейбір Азия елдерінде кездеседі: Сауд Арабиясында, Катарда, Оманда абсолютті монархияның теократиялық түрлері бар. Бұндай жағдайда мемлекет басшысы – дін басшысы болып та танылады.
Европадағы XVIII-XX ғғ. өткен буржуазиялық революциялардың саяси жеңісі – абсолютті монархиялардың конституциялық шектелгендігі болып саналады. Конституция тұлғаның құқығын жариялайды және кепілдік береді, олардың мойындалуы жоғарғы билік пен мемлекетті басқару органдары үшін міндетті болып табылады, сонымен қатар, заңнамалық қызмет Парламентке беріліп, атқарушы билік – Үкімет қолында шоғырланады.
Монархтың сақтаған құзыреттілігінің көлеміне сай конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Дуалистік монархия мемлекеттік басқарудың өтпелі үлгісін көрсетеді. Мұнда монарх атқарушы билікті – Үкіметті қалыптастыруды басқаруда көптеген өкілеттікке ие. Үкімет Парламент алдында емес, монарх алдында жауапты болып саналады. Бұл жағдайда Парламенттің қызметі тек қана ресми-заңнамалық сипатқа қатыстылығына ғана ие. Дуалистік монархия мықты феодализм қалдықтары бар елдерге тән. Мысалы, XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бері Ресей мен Қазақстанда екі саяси мекеме бар: Президент – Үкіметті қалыптастырады және Парламентке (Мемлекеттік кеңес және Мемлекеттік Дума немесе Сенат және Мәжіліс) Үкімет тікелей бағынышты емес.
Парламенттік монархия мемлекеттік басқарудың демократиялық үлгісін көрсетеді. Ол қазіргі таңдағы көптеген мемлекеттерде бар (Ұлыбритания, Дания, Испания, Швеция, Жапония және т.б.). Монарх билігі шектеулі. Ол мемлекеттің атаулы басшысы болып саналады. «Ағылшын ханшайымының тәртіптерін» басшылыққа алып: билік құрады, бірақ билемейді. Монарх Үкімет басшысы мен министрлерді тағайындайды, бірақ олар Парламентке бағынады, одан шығатын барлық актілер министрлер кабинетінің мүшелерінің мойындауын қажет етеді. Осындай мемлекеттерде монарх мемлекеттің тарихи сабақтастығын білдіреді, халық бірлігін сипаттайды. Биліктік емес, тек қана символ фигурасы немесе дәстүр құрметі болып саналады.
Монархияның мынадай түрі де кең танымал – таңдаулы немесе сайланбалы монархия. Мұнда республика мен монархиялық басқарудың элементтері аралас келеді. Осындай монархияның түрі Малайзияда бар, яғни мемлекет басшысы – монарх. Оны федерация штаттарының монархтары өкілдерінің ерекше кеңесімен бес жылға сайлайды.
Республика (лат. Res publika – қоғамдық іс, мемлекет) – басқарудың бір нысаны (монархиямен бірге). Мемлекеттік билік органдарының барлығы сайланады немесе жалпы ұлтты мекемелер өкілеттіктерімен қалыптасады.
Басқарудың республикалық нысаны монархиялық билікке балама ретінде антика кезінде пайда болды. Жаңа және қазіргі кезеңде кең танымалдыққа ие. Негізінен, мынадай нысандарды бөліп көрсетеді: президенттік, парламенттік және аралас республика. Әлемде XX ғ. аяғында 65 президенттік, 13 парламенттік және 20 жартылай президенттік мемлекет болды.
Парламенттік республика – мемлекеттік билікті ұйымдастыру және республикалық басқару нысаны. Саяси жүйеде Парламент жетекші рөлге ие. Парламенттік республиканың қалыптасуы XIX ғ. ортасында жүзеге аса бастады және тарихи тұрғыда Батыс Европа елдеріндегі демократияның өкілеттік нысанының қалыптасуымен байланысты өрбіді. Парламенттік республикада атқарушы және сот органдары сайланады немесе Парламентте бекітіледі. Заңнамалық билік басымдықтары Парламент қолында шоғырланады. Елдің саяси өмірінің ағымын Парламент айқындайды, оның жоғарғы билігін жүзеге асады. Парламент Үкіметті бақылайтын құқықтарға ие: парламенттік республиканың ерекше белгісі Үкіметтің Парламент алдындағы ұжымдық жауапкершілігі болып саналады, Парламент өзі бақылайтын және қалыптастыратын, оның алдында жауапты Үкіметті қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |