Бұл тұрғыда Қазақстан үшін аралас республиканың мынадай белгілерін атап көрсетуге болады (22-сурет):
- Президент мемлекет басшысы болып саналады, бірақ Үкімет басшысы болмайды;
- премьер-министр институты бар;
- Үкіметтің «екі жақты жауапкершілігі» қамтамасыз етілген;
- мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірін мерзімінен бұрын таратып жібере алады;
- мемлекет басшысын халық сайлайды.
22-сурет. Аралас республиканың негізгі элементтері
Мемлекеттік құрылым нысаны – мемлекеттің саяси-аумақтық ұйымдасуының нысаны, ол үшке бөлінеді (23-сурет):
- унитарлы мемлекет;
- федеративті мемлекет (федерация);
- конфедерация.
23-сурет. Мемлекетті саяси-аумақтық ұйымдастырудың нысандары
Кейде мемлекеттік құрылымның мынадай түрлерін де бөліп көрсетеді:
- одақтар;
- бірлестіктер;
- достастықтар.
Унитарлық мемлекет (фр. unitaire, лат. unitas – бірлік) – бірыңғай орталықтандырылған мемлекет.
Мемлекеттік құрылымның унитарлық нысаны мынадай белгілермен сипатталады (24-сурет):
1) бір ғана аумақ, мемлекет ішінде әкімшілік бөлу бар, бірақ әкімшілік бірліктер саяси еркіндікке ие емес, сонымен қатар, кейбіреулеріне автономия статусы беріледі (өзін-өзі басқару) – ұлттық, аумақтық және мәдени;
2) жалғыз ғана конституция, ол барлық аумақта ешбір шектеусіз қызмет жасайды; жоғарғы мемлекеттік биліктің бір ғана жүйесі – Парламент, мемлекет басшысы, Үкімет, сот органдары. Олардың құзіреті елдің барлық аумағына бірдей таралады;
3) құқық пен сот жүйесінің бір ғана азаматтық жүйесі;
4) бір ғана мемлекеттік бюджет, салық және валюта жүйесі.
24-сурет. Унитарлы мемлекеттің негізгі элементтері
Унитарлық мемлекеттік аппараттың барлық саласын орталықтандыруды болжайды: биліктің жергілікті органдарында тікелей немесе жанама бақылау орнатады. Сонымен қатар, орталықтандыру әр түрлі деңгейде және нысанда көрінеді, яғни сайланған билік органдарының орнына әкімшілік-аумақтық бірліктерді басқаруда өз өкілдерін орталықтандырылған органдарда тағайындауда да көрінеді. Осыған орай, қазіргі таңдағы көптеген демократиялық мемлекеттерде өзін-өзі басқару органдары орнына сайлау органдары бар (мысалы, Франция мен Италиядағы коммуналдық кеңестер). Мемлекет оларға қызметінің елу пайыздайын береді: жергілікті салықты жинау, абаттандыру, құрылыс, ағарту істері, денсаулық сақтау және т.б. Жергілікті сот органдары орталықтандырылған сот жүйесінің тармақтары болып саналады.
Қазіргі таңдағы көптеген мемлекеттер унитарлы болып саналады.
Федеративті мемлекет, немесе федерация (лат. foederatio – одақ, бірлесу) – мемлекеттік құрылым нысаны. Мұнда мемлекет құрамына кіретін бірлестіктер – федерация субъектілері – белгілі бір саяси және заңнамалық еркіндікке ие. Федерация – бұл одақтардан құралған мемлекет, жанама түрде тәуелсіз мемлекеттік бірлестіктерден құралады.
Федеративті мемлекет мынадай белгілермен сипатталады (25-сурет):
1) федеративті-аумақтық бөлу, яғни, мемлекет аумағы федерация субъектілерінен тұрады (штат, провинция, кантон, жерлер, республика) және саяси-әкімшілік қарым-қатынаста бір ғана тұтастықты білдірмейді (шекараны қорғау жүйесі бір болғанымен де). Федерация субъектілері өзіндік әкімшілік-аумақтық бөлшектерге ие бола алады;
2) федерацияны құрайтын мемлекеттік бірлесулер оның тең құқылы субъектілері бола алады. Олар жанама түрдегі заңнамалық, саяси және әкімшілік еркіндікке ие болып келеді;
3) федерация субъектілері толыққанды егемендікке ие емес, тәртіп бойынша бір жақты шығу құқығын пайдаланбайды;
4) федерация субъектілерінде өз алдына конституция (жарғы) болады. Олар федерация конституциясы негізінде жасалынып, оған қарсы келмейді. Бұл тәртіпті бұған дейін өз конституциясы болып, артынан федерация құрамына кірем деп ықылас білдірген мемлекет те сақтайды. Кейбір федерациялар субъектілерінде конституция болуына құқық бермейді;
5) федерация субъектілері өздерінің заңнамасына ие, заң, жарғы және т.б. шығару құқығы бар. Бұл заңнамалық актілер федералды заңдарға қарағанда тек қана федерация субъектілерінің аумағында заңды күшке ие. Федерация субъектілерінің заңнамалық актілері федералды заңдарға қайшы келмеуі керек, керісінше болған жағдайда, олар заңды күшін жояды;
6) федерация субъектілері өзіндік заңнамалық және атқарушы билік органдарының жүйесіне ие. Федералды жүйеге қатысты олар федералды жүйе бөлшегі болып табылады; оларды ұйымдастыру тәртібі, үдерістері мен заңнамалық шегін федералды конституция анықтайды. Бірақ, билік органдарын атау және билік жүйесін ұйымдастыру нысаны федерация субъектілерінің еркінде болуы мүмкін. Негізінен, билік органдары және федерация субъектілерін басқару федералды құрылымды өздеріне көшіріп алады, бірақ ерекшеленуі де мүмкін;
7) федерацияда екі азаматтық болуы да мүмкін: әр азамат федерация субъектісінің азаматы және өз мемлекеттік құрылымының азаматы болып саналады. Заңнамалық тұрғыда бір азаматтың келесі бір азаматтан артықшылығы болуына тыйым салынады.
25-сурет. Федеративті мемлекеттің негізгі белгілері
Федеративті мемлекеттегі федералды Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата аумақтық немесе ұлттық-аумақтық өкілеттік негізінде федерация субъектілерінің өкілдерінен тұрады. Төменгі палата федералды өкілеттік органы болып саналады және сайлау округтері арқылы сайланады.
Федеративті мемлекетте федералды билік органдары мен федерация субъектілерінің билік органдары қарым-қатынасы арасындағы құзыреттілікті бөлу қиынға соғады. Негізінен, федерация конституциясы федерацияны басқаруға қатысты өкілеттік тізімін жасайды. Қалғандары оның субъектілерін басқаруға қатысты. Сонымен қатар, федералды конституция бірігіп басқару мәселелерін де бекітеді. Федерация субъектілерінің құзыреттіліктері мен құқықтарының көлемі тарихи дәстүрге, даму деңгейіне және өзге факторларға да байланысты, сонымен қатар, федерация субъектілерінің тепе-теңдігі федерацияның міндетті шарты болып саналады. Орталықтандырылған билік органдарын кеңейту үрдісі де байқалады (АҚШ, Германия).
Достарыңызбен бөлісу: |