Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет87/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мәслихат депутатының құқықтары мен міндеттері де заң жүзінде айқындалған.

Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкiмге, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесiне, прокурорға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жүгiнуге құқылы.

Мәслихат өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген оның өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда тоқтатылады.

Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Қазақстан Республикасының Президентi тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда тоқтатылады.

Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселе қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң не жоғары тұрған әкiмнiң алдына оны қызметiнен босату туралы мәселе қоюға құқылы.

Әкiм ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының орындалуы, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi мәслихаттың екi рет бекiтпеуi мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруi туралы мәселенi қарауы үшiн негiз болып табылады.



Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiктi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.

Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiктi әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгiнiң отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмдiктiң регламентiнде белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары жұмыстарының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде есепті жылдағы атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылы түсуін қамтамасыз ететін салық органдарын қамтуға тиіс.

Әкiмдiктiң дербес құрамы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгiнiң жұмысына орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiк - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.



Сондай-ақ заңда облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгiнің  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтері анықталған.

Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.



Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiн облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды.

Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет